66 жылдан кейін диплом алды.

Ағылшын Гарольд Джонс 66 жылдан кейін дипломына қол жеткізді. 85 жасар қария 1945 жылы машина жасау саласы бойынша Кардифф университетін тәмәмдаған болатын. Диплом тапсыру кешіне әскери оқу-жиындарына байланысты бара алмаған ол өзге де бітіруші түлектер секілді салтанатты шараға қатысыпты. «Осыншама жылдар өтсе де өзіңе тиесіліні алу көңіл қуантады» – дейді ескі де жаңа түлек.
Соғыстан кейін Джонс өрт сөндіруші болып қызмет атқарады. Кейіннен Трефоресттағы ұшақ шығару зауытында тер төккен.
Дереккөз мында
Әрі қарай