Жалпы мектептердегі заманауи тіл, әдеби оқу құралдарынының мәселесі: бүгіні мен келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Лингвоарна ғылыми зерттеу және оқу-әдістеме орталығы», Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі және «Ұлт болмысы» республикалық, патриоттық әдеби-танымдық журналымен бірлесе отырып «Жалпы мектептердегі заманауи тіл, әдеби оқу құралдарының мәселесі: бүгіні мен келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты қазіргі қазақ тілінің жағдайы, қолданысы мен негізгі үрдісі жайлы болды. Арнайы ұйымдастырылып отырылған жиында Филология және әлем тілдері факультетінің біршама ұстаздары мен профессорлары қатысты. Бұдан бөлек мектеп мұғалімдері де тыс қалған жоқ. Дөңгелек үстел барысында бес негізгі баяндама оқытылды. Баяндамашылар Филология және әлем тілдері факультетінің ұстаздары К.К. Құрманбайұлы, А.А. Ильясовна, А.Ж. Әсембекқызы, А. Гүлжанар, И.С. Сахыбекқызы болды. Әр баяндамашының алған тақырыбы қазіргі таңдағы талқылауда жүрген күрделі де қызықты тақырыптардың бірі. Мәселен, «Қазақстан Республикасы тіл саясатындағы полилингвизмнің соцлингвистикалық мәселелері» тақырыбы тілдің қазіргі және ертеңгі саясатын полилингвизмдік, соцлингвистикалық бағыттарын дамыту мақсатында қолданылып келе жатқандығын баса түсіндірді. Баяндама барысында XXI ғасырдың тіл саясатының хал ахуалы жоғары дәрежеде айтылды. Тіпті, мектеп оқушылары мен студенттердің бір-бірімен сөйлесудегі бағытты негізгі саясатқа қоя отырып, тіл қарым-қатынасының қазақ тілінде емес, өзге тілде жүзеге асатындығы назардан тыс қалған жоқ.
Келесі баяндама реті «Оқу құралдарын оқыту барысында студенттердің қызығушылығын арттыру» тақырыбы аясында болды. Студенттердің қазақ тілі сабағында әдістемелік оқу құралдары арқылы зейінін ашу тақырыпты толық аша білді. Қазақстанда соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде шетелден білім алатын студенттер саны артуда. Соның нәтижесінде қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету барысында әр түрлі форматтағы оқу құралдарын қолдану міндетті. Себебі кез келген тілді үйрену үшін ең алдымен ынта, одан кейін мұғалімнің өзіндік әдісі ерекше болуы тиіс. Оқу құралдары студенттерге қолдануға оңай әрі қазақ балаларына да арналған негізгі құрал ретінде қолдану керектігі айтылды.
Рас, қазіргі заманда қазақ бола тұра өз тілінде сөйлемейтін жастар қаншама? Оның орнына орыс балалары қазақша судырап сөйлегенде қуанасың…
Келесі баяндама «ЖОО-дағы шетелдік студенттерге арналған базалық оқулықтар мәселесі» жайында сөз қозғалды. Базалық оқулықтар саны мен сапасы қаншалықты? ЖОО-дағы қазақ тілінде білім беретін мұғалімдер мен оқу құралдарының жағдайына назар сала отырып, шетелдік студенттерге барынша қазақ тілінде білім беру жағдайы жасалынып жатқандығы жайлы сөз қозғалды. Базалық оқу құралдарын реттеу мен жинақтау мәселесі де тыс қалған жоқ. Бұл жайлы А.Ж.Әсембекқызының баяндамасында жоғарғы дәрежеде айтылды. Шетелдік студенттерді қазақ тілінде оқытуды алға қою арқылы оқу құралдарының сапасына баса мән беру керектігі түсіндірілді.
«Қазақ тіліндегі әдістемелік оқу құралдарының жағдайы» тақырыбында мектеп оқушыларының «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» сабағына арналған кітаптардың жағдайы нашар екендігі айиылды. «Алматы», «Атамұра», «Арман ПВ» баспаларында әр түрлі деректер пайдаланатындығы баса айтылды. Тіпті, қателіктер саны да мол. Себебі әр жыл сайын жеке баспадан әр түрлі кітаптардың сапасыз әрі ретсіз шыға беруі де жағдайды нашарлататыны белгілі. Осы ретте мектеп мұғалімдері өз пікірілерімен бөлісті. Сонымен қатар ЖОО-ның ішіндегі оқу құралдары жайлы да сөз қозғала отырып, әдістемелік оқу құралдарын жаңа бағытта жасау жұмыстарын жоспарлады.
Баяндамалар ішінде көзге түскен «Кітап – білім беретін басты құрал» немесе бүгінгі қазақша оқу құралдар ахуалы» атты тақрып аясы кең тарқатылды. Кітап адамға білім нәрін сіңіретін көмек құралы десек артық айтпаспыз. Қазақ тілі — ұлттық тіл болуы үшін біз бен ұрпақ оқитын кітаптар саны мен сапасына мән бере отырып, кемшіліктерге тоқтау салу басты міндет.
Міне, осылайша «Жалпы мектептердегі заманауи тіл, әдеби оқу құралдарынының мәселесі: бүгіні мен келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел заманға сай айтылатын негізгі тақырыптар реті қолдынылды. Есте қалатындай жиынның соңы келген қонақтарға ас мәзірімен жалғасты.
Жоғарғы деңгейде өткен Дөңгелек үстел бағдарламасы келешекте де өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Аширова А.Т
Әрі қарай