ЕҰУ РЕКТОРЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

EҰУ ректоры Ерлан Сыдықов 2015 жылдың 15 сәуірінде Санкт-Петербург қаласында өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ сьезінде Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайланды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайлануы – ЕҰУ-дің халықаралық деңгейдегі рөлі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір бұл 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Виктор Антонович Садовничий.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы бастаманың 20 жылдығынан кейін өтіп отырған бұл съездің символдық мәні бар. Өйткені, бұл басқосу Қазақстан Президентінің идеясының жүзеге асуының нақты көрінісі.
Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ, Санкт-Петербордағы жиынға бірінші проректор Жәмила Нұрманбетова қатысуда. Өйткені алдағы уақытта университеттер арасында білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мәселелері осындай алқалы жиындарда шешіледі.
Еуразия ұлттық университеті алғаш рет QS WUR рейтингісіне 2009 жылы қатысып, «500+» тобына кірген болатын. Бір жылды артқа тастап, 2010 жылы ЖОО үздік «451-500 тобына» табан тіреді, ал 2011 жылы «401-450» қатарынан көрінді, 2011 жылмен салыстырғанда білім ордасы 69 ЖОО-ның алдын орап, әлемнің 400 үздік университеттері қатарынан көрінді. Ерлан Бәтташұлы басшылық еткен жылдардан бері де университет бірнеше биік белестер мен асқар асуларды бағындырды. Айта кетсек, 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанса, 2012 жылы ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінің қорытындысы бойынша 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-сатыдан көрінді.
10 қыркүйекте 2013/2014 жылғы QS World University Rankings университеттердің әлемдік рейтингісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-ші сатыдан көрінді. Мұндай жоғары дәрежедегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының жоғары екендігін, сондай-ақ, әлемдік білім беру кеңістігінің жоғары стандартына сәкес екендігін дәлелдей түспек.
Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселелерін шешу болып табылады.
Университеттің халықаралық қатынасы мен білім беру сапасы, ғылымы мен әлеуметтік-мәдени өмірі халықаралық деңгейде мойындалуы – Е.Б.Сыдықовтың маңдай тері мен ерен еңбегі деп айтуға толық негіз бар.
Біз де Ерлан Бәтташұлын Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайлануымен құттықтай отырып, биік мақсаттар мен кемел табыс тілейміз!

Гүлжазира ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Әрі қарай

Астанаға саяхат

Сарыарқаның сары даласында бой көтерген Астана жылдан жылға көркейіп, өсіп келеді. Алғашында тамсанып жүретін үлкен ғимараттар, қазіргі күні өміріміздің бір бөлшегіне айналып та үлгерді. Бүгінгі блогымда оқырмандарымды Астананың қайталанбайтын стильде салынған ғимараттарымен таныстырсам деймін.

БӘЙТЕРЕК
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2002 жылы ашылған, биіктігі 97 метр. Бәйтерек үш бөліктен тұрады.
Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі. Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар.


"ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛЫ" ғимараты
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2009 жылы ашылған. 174 (40 қабат) және 156 (37 қабат) метрлік екі ғимараттан тұрады.

«СЕВЕРНОЕ СИЯНИЕ»
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2008 жылы ашылған. «Северное сияние» 33, 37 және 42 қабатты үш ғимараттан тұрады. Ең биігі 180 метр.

ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
2012 жылы ашылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 17,7 мың шаршы метр. Бас күмбезінің биіктігі – 51 метр, диаметрі – 28,1 метр, мешіттің төрт мұнарасының биіктігі – 77 метр.

АСТАНА ЗАҢҒАРЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Астана заңғары» 2006 жылы ашылған. Заңғар 39 қабаттан тұрады, оның 36 қабатында халық қоныстанған. Қалғандары тұрғындарға қызмет көрсететін арнаулы орындар: түрік, фин, орыс моншасы, мұз айдыны мен бассейн, сауда орталығы, дәрігерлік пункт, жер асты көлік тұрақтары мен қоймалар.

«7 БОЧЕК» тұрғын үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Астанада «7 бочек» деген атпен танымал тұрғын үй. 2005 жылы қолдануға берілген. 9, 12, 14, 16 және 22 қабатты жеті тұрғын үйден тұрады.

«ХАН ШАТЫР» сауда ойын-сауық орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Хан шатыр» орталығы 2010 жылы ашылған. Аумағы 127 мың шаршы метрді құрайды. Барлығы 6 қабаттан тұрады. Биіктігі 150 метр.

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Тәуелсіздік сарайы 2008 жылдың 15 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің 17 жылдығы қарсаңында ашылған. Қазақтың керегесімен қоршалған алып Сарай үш қабаттан тұрады. Мұнда 3082 адамға арналған конгресс-зал, 268 адамға арналған салтанат залы, 220 адамға арналған баспасөз орталығы және 678 адамға арналған мейрамхана орналасқан. Сонымен қатар Сарайда 45 орындық 4D кинотетр бар.

АСТАНА ЦИРКІ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Астана циркі 2005 жылы ашылған. Аренасының диаметрі 13 метр, орын 2000 адамға арналған. Сонымен қатар ішінде 36 орындық vip-аймақ бар. Циркте 320 адам қызмет етеді. Циркке жылына 50 000 балалар мен ересектер келеді.

"НҰР ОТАН" партиясының Орталық аппаратының ғимараты
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Нұр Отан» партиясы Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар біріккен. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.

«ДИПЛОМАТ» қонақ үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Diplomat Deluxe Hotel and Business Resort» заманауи мейманханасы 2007 жылы ашылған. Ол Астананың халықаралық әуежайынан 15 минуттық жерде орналасқан.

«САНКТ-ПЕТЕРБУРГ» бизнес орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Санкт-Петербург» бизнес орталығы 2011 жылы ашылған.

"ҚАРАӨТКЕЛ" көпірі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"Қараөткел" көпірі (атауы 2009 жылы қойылған)

«ЖҰМБАҚТАС» қонақ үйі
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"Жұмбақтас" қонақ үйі 2011 жылы ашылған.

«MOSKVA» бизнес орталығы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"MOSKVA" сауда-ойын-сауық орталығы 2013 жылдың 1 қарашасында ашылған 4 қабатты ғимарат. Барлығы 70 000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫ
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
"ҚР Ұлттық мұрағаты" ғимараты 2003 жылы салына бастаған. Аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағат құжаттарын сақтауға арналған екі блоктан тұрады: I блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде), II блок – 4 қабатты доға пішініндегі бөлігі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

"ҚАЗАҚСТАН" орталық концерт залы
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
«Қазақстан» орталық концерт залы 2009 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған концертпен ашылған. Сахнасы 274 шаршы метр.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ САРАЙЫ»
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы ашылған. Оның биіктігі 62 метр. Ғимараттың төбесі, яғни күмбезінде – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген. Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан.

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
_____________________________________________Қосымша__________________________________________

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдында орналасқан "Ғылым алаңы"

Суреттер сөйлейді: Астанаға саяхат
Мәңгілік\шексіздіктің бейнесі "Мёбиус лентасы" 2003 жылы 6 шілдеде ашылған «Жыл мезгілдері» саябағында орналасқан. Саябақ барлығы 6,5 гектар жерді алып жатыр.
Әрі қарай

Студент қалай күн көреді?

«Біздің кезімізде стипендия бәріне жететін, тіпті, ұшақпен Москваға барып келетінбіз» © Үлкен кісілер

Эх, шіркін десеңші! Жақсы оқығанымыз үшін жұрттың балаларынан мың теңге артық алып, 7 мың теңге шәкіртақыға мәз болған кезіміз-ай! Айдың соңы тақаса, карточкамызды қайта-қайта тексеріп, минусқа кіргізіп жіберетінбіз. Стипендия түсті деген күні жатақханада той

Қазір шәкіртақы біздің кезден әлдеқайда көп. Ресми деректерге сүйенсек, биыл 31 наурыздан бастап мемлекеттік ЖОО оқитын білімпаздар алатын стипендия сомасы былай өзгерді:

Студент — 16 759 теңге;
Интерн — 30 356 теңге;
Магистрант — 42 824 теңге;
Докторант — 65 599 теңге;
Назарбаев университетінің магистранты — 100 000 теңге.

Басқаны қойшы, СТУДЕНТКЕ 16 759 ТЕҢГЕ ЖЕТЕ МЕ? Ол ақшаға не келеді?

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?

Ата-анасына жиі ақша салдыртып тұратын еркетотайларға білінбес, ал, өз нанын өзі тауып жейтін намысқой балаларға бұл ақшаның жетпейтіні анық. Жоғарыда көрсетілген соманы 30 күнге шақсақ, студент күніне 558 теңге ғана жарата алады. Қазіргі нарықта 558 теңге — бір түскі астың өзіне әупірімдеп әрең жететін ақша.
Шәкіртақысы жыртығын жамауға да жетпеген студент амалсыз оқуымен қатар жұмыс істеуге көшеді. Сабағының уақытымен сәйкес келетін жұмыс тапса — жақсы, таппаса, оқу құрбандыққа кетуі де ықтимал.
Оларға арналған жұмыстың түрі көп: даяшы, бармен, бала бағушы, курьер, жүк тасушы, оператор, сатушы, промоутер, гардеробшы, тағысын тағы жалғаса береді. Тіл білетіндері аудармамен күн көреді, өз мамандығы бойынша жарты ставкамен жұмыс істейтіндер де бар. Табан ақы, маңдай теріне 30 — 90 мыңның арасында ақша алады. Мысалы, Астанадағы KFC фастфудтар желісінде еңбек өтілі жоқ адамды жұмысқа қабылдап, оған 40 мың теңгеден басталатын айлық беріп отырады екен. Ал, Ханшатырдағы сатушы-консультанттардың минимум айлығы — 60 мың.

Еңбек еткені, шыңдалғаны дұрыс десек те, СТУДЕНТТЕР САБАҒЫН ҚАЙ УАҚЫТТА ОҚИДЫ, ЖҰМЫСЫНА ҚАЙ УАҚЫТТА ҮЛГЕРЕДІ?
Бұл сұраққа оқуы мен жұмысын қатар алып жүрген студенттердің өзі жауап берсін.

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?
Бақдәулет Мухимов, Астана медициналық университетінің 3 курс студенті
«Астана қаласы Жедел жәрдем стансасында жұмыс істеп жатқаныма биыл үшінші жыл. Ақшаның жетіспеуінен емес, өзім қызығып, тәжірбие жинақтағым келгеннен жұмыс істеуге көштім. Мамандығым үлкен жауапкершілікті қажет етеді, сондықтан теория ғана емес, көп тәжірбие де керек. Бәріне үлгеріп жатырмын. Стипендия алған бойда тоя тамақ жеп алатынымыз болмаса, ол тіпті бір қыдырғаныңа да жетпейді ғой.»

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?
Сандыбаев Ерлан, ЕҰУ 3 курс студенті
"Өзім білім алып жатқан осы универде веб-программист болып, 0,25 ставкамен жұмыс істеймін. Осындағы сайттардың бәріне жауаптымын десем де болады. Кейде жұмыс тым көбейіп, сабаққа келмей қалатын кезім болады. Ата-анаммен тұрғандықтан ақшадан қысылмаппын, егер жатақханада тұрсам, шәкіртақы мүлде жетпейтін еді. Шәкіртақым бір рет қана қыдырғаныма кетеді."

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?
Өмірбекова Гүлнұр, ЕҰУ 3 курс студенті
«Imperial бинго-клубында оператор болып жұмыс істеймін. Сабағым түстен кейін, ал, жұмысым кешкі сегізден таңғы сегізге дейін. Он бес күн істеп, он бес күн демаламыз, сабағыма өте ыңғайлы. Осы семестрде стипендиядан айрылып қалсам да, жұмыстан алатын 70 мың теңге өзіме жетеді. Жұмыс істеуіме стипендияның жетпеуі, үйге ақша керек болғаны және бос уақытымның көбірек артылғаны әсер етті».

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?
Сұлтанбай Кәмшат, ЕҰУ 3 курс студенті
«Таңертең сағат тоғыздан бірге дейін 1 жастағы баланы бағамын. Жарты айлыққа 30 мың теңге береді. Сабақтың бәрін түнде оқимын, тапсырмаларды ертерек тапсырып тастауға тырысамын. Жоғарылатылған стипендия алам, жетпейді. Оның үстіне, өзім — ақшаны көп жұмсайтын адаммын. 1 курс оқитын ініме көмектесемін. Көп қыдырмаймыз да, стипендия түскенде айына 1 рет киноға барып қоямыз».

Блог - aikarakoz: Студент қалай күн көреді?
Сабыров Талғат, ЕҰУ 3 курс студенті
«Бір компанияда инженер-программист боп жұмыс істеймін. Еркін график, берілген тапсырманы тапсырсам болғаны. Сабағыма еш кедергі келтірмейді, қайта тәжірбие жинақтауыма көмегі бар, әрі қызық. Ақша жағынан таршылық жоқ. Егер жұмыс істемесем де, шәкіртақыны бір айға жеткізер едім».
Әрі қарай