Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші
23 ақпан күні Қарағанды қаласында Асхат Қажытайдың ұйымдастыруымен «Атыңнан айналайын» атты Қайрат Әбеуовтің ән кеші болып өтті. Кешке арқаның белді, эстрада және дәстүрлі әншілері қатысты. Дәуренбек Әркенов, Сейіл Аяған, Қорабай Есенов ағаларымыз кеште құлақтың құрышын қандырар тамаша әндер орындады. Жиынның тізгінін қолына алып жүргізген ақын — Бағдат Мүбәрәк болды. Бұл кісілерді білмейтін қазақ кемде-кем шығар...
Домбырамен небір ғажап әндер орындалды. Елтіп, еріп отырасың. Құлағыңның құрышы қанып, жан-дүниең демалып, рахатқа бөленесің… Нағыз демалыс деген осы болар…
Кеш талантты әнші Қайрат Әбеуовтың әндерімен ашылды. Халық дәстүрлі әнді сағынып-ақ қалған екен. Домбырамен үндестік тапқан қоңыр дауысқа еріксіз сүйсінесін… Бірнеше әннің ішіндегі «Шашыңнан иіскейін» әнінің домбырамен шырқалуы әдемі болды.. Еркін Нұржановтың орындауында ойнақы болса, дәстүрлі ән көңіліңе басқаша әсер етеді екен… Сағыныш бар, сағыныш…
Келесі әнді Дәуренбек Әркенов ағамыз шырқады. Ерекше дауысымен. орындау шеберлігімен талайдың таңдайын қаққызған Дарабоз әншіні танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Әсіресе, «Маңмаңгерді» орындағанда қандай… Алғаш рет бұл кісіні осы әнді орындағанда көрдім. Содан бері арқадағы кештерде Дәуренбек ағай ән айтса болды, сол жерге қалмай баратын болдым… Өз құлағыңмен тыңдап, көзіңмен көрген басқаша әсер қалдырады. Ол әсер бойыңда ұзаққа дейін қалқып жүреді.
Осы кеште орындалған Мұқағалидың «Арман-ай» әні қатты ұнады! Басыңды еріксіз шайқайсың, сай-сүйегін шымырлайды.
Қазақ өнерінде ең алғаш гитарамен ән салған, "Қоштасу", «Жас қалам» атты әндерімен халықтың сүйіктісіне айналған Қорабай Есенов ағамыздың осы кешке келуі халықты қуантты. Қошеметті аямай көрсетіп, әндеріне жұп сұрап сахнадан жібергісі келмеді. Соңында «Аққу сезім» әнін дауыстап сұрап, орындауын өтінгендер көп болды. Талайдан өз құлағыммен есіп, көрсем деген арманым орындалды!
Қорабай, Табылды ағаларымыздың ізін жалғаушы Гитараны жанына серік ерткен, көпшіліктің сүйікті әншісі Сейіл Аяған да көрерменді қуантып, бірнеше әндерін орындады.
Осылайша қазақтың әнін, дәстүрін дәріптеген кеш өз мәресіне жетті.
Кешті ұйымдастырған Асхат Қажытайға алғысымыз шексіз. Кештен әдемі көңіл-күймен шықтық. Осындай кештер жиі өткізіліп тұрса екен. Халықты, әсіресе жастар жағын осындай кештерге көптеп тартуымыз керек. Ұлттық дәстүрді жоғалтпау, ұрпаққа насихат ету парыз. Бірінің болмаса бірінің рухани дүниесінің баюуына септігін тигізері сөзсіз.