Дизайнерлер бюросы жаңа логосын іздеуде

Бюроның бұрынғы логотипіҚұрылғандарына 1 жыл толуын жақында атап өткен Қызылорда қалалық Дизайнерлер Бюросы мекеменің жаңа логотипіне байқау жариялайды.

Байқаудың талаптарына сәйкес логотипте мекеменің қысқартылған немесе толық атауы және дизайнерлік сипатта болуы қажет. Дизайнерлер бюросының негізгі қызметі мен мақсатына сай әзірленуі шарт. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады.

Байқауға ұсынылатын барлық жұмыстар kyzylorda_dizainerler11@mail.ru электронды поштасына мамырдың 5-сіне дейін жіберілуі тиіс. Байқаудың қорытындысы мамырдың 7-сінде жарияланады.
Әрі қарай