Мен мұнда қалай келдім?

Ғаламтордың беттерін былай да былай ақтарғаныммен, форумдарға әуестігім жоқ-тұғын. Бірақ, осы жердегі біраз адамның блогтарына барлау жасап тұратынымды жасырмай-ақ қояйын. Оларға қызыға қарайтынмын.
Бір күні Құрмаш Маханов орындайтын «Кездесу мен қоштасу» әнінің авторын іздеп, Гугл құдіретке жүгіндім. Ол тапқан тізімдер ішінен «Кездесу. Алғашқы бет!» деген жазуға көзім түсіп, соны шертіп кеп жібердім. Шертуім мұң екен, қайнап жатқан пікір майданының ортасына топ ете қалдым. Тіркелдім. Қалай? Аңғал-саңғал… Аты-жөнім, әкем аты, қызмет орным, бәрі-бәрі… салмағым, бойым… Содан соң «Не жаңалық, айта бер?» деп төніп тұрған сауалдың тұсына: «Жоғарыдағы көршіме сағат 23-тен кейін пәтерде шу көтеру қоғамдық тәртіпті бұзу екенін ұғындыра алсамшы» деп жазып ем… Оқ, оғы несі, бірақ сол оққа бергісіз пікір қарша борады. «Төмендегі көршіме үйімде ойыма келгенді істеу конституциялық құқығым екенін қалай түсіндірсем екен?» деп бастапты жазбаны Сатекең. Содан не керек, күндер өтіп жатты… Бұл ортада өзімнің есіміммен жүргенім кей кездері мүмкіндігімді шектеп жатты…
Әрі қарай

Тақырып аты өте маңызды

Жазылатын мақала да өте маңызды. Негізі ДабайКЗ те izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар автоматты түрде кросспостинг жүйесімен жарияланып тұрады деп айтылған соң тіркеліп едім. Көпке дейін тіркелмей, Фейзбук немесе Твиттер арқылы кіретін жағдай жасағанда пікір жазармын деп жүр едім. Әйтпесе екі үш жерден блог ашып бәріне жазып отыруға шама жоқ. Мысалы izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар жарыққа шыққан соң автоматты түрде Фейзбукте, Твиттерде, Ювижнде жарияланады. Енді ДабайКЗ, Ойтөбе, МасаКЗ автоматты түрде шығып тұрса өте тамаша болар еді. Қазыр жергілікті желілердің дамыған, бір-бірімен араласатын заманы ғой. Әрбір блогтың немесе сайттың жеке қолданушылары болады және бірнеше блогты ашып алып, неше түрлі атпен жүретін уақыт болмайды. Қазір тұрақты танымал бір есіміңді қалыптастыру маңызды.
Кроспостинг істеп тұрғанын көрмедім. Мүмкін мен таба алмаған шығармын.
Осы алғашқы жарияланым туралы http://izgilik.wordpress.com/2011/02/11/жаз-дабай-пиши-давай/ жаздым.
Әрі қарай