Something the Lord Made кинофильмі. Блэйлок-Тауссинг шунттауы. Кардиохирургия

АҚШ-тың медицина қайраткерлері жайлы «Құдайдың жаратқаны» (Something the Lord Made) кинофильмі. Киноның негізгі желісі Альфред Блэйлок және Вивьен Томастың еңбек жолын баяндайды. Вивьен Томас алғашқы афроамерикандық, кардиохирургия пионері.
Медициналық білімі болмаса да, ұстазы медицина ғылымының профессоры Альфред Блэйлоктың қасында болып, медицина дамуына өз үлесін қосады.
1941 жыл. Екінші дүние жүзілік соғысының басы. Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында Джон Хопкинс атындағы госпитальде профессор Блэйлокты бас хирург ретінде жұмысқа шақырылады. Өзімен бірге ассистентін жұмысқа алуды талап етеді. Осылайша қара нәсілді, аула тазалаушыны өз әріптесі ассистент ретінде өзімен бірге жаңа жұмысына алдыртады.
Кинофильмнің кульминациясы.
1944 жыл. Кардиолог Хелена Туссинг «көк бала синдромын» (blue baby syndrome) зерттеумен шұғылданады және осы мәселеге профессор Блэйлоктың көңілін аудартады. Киноның сюжетінде ауруға шалдыққан балалар жатқан бөлімшені Хелен және профессор ассистентімен аралайды. Тізесін құшақтауға жарайтын балалар төсек орындарының үстінде тізелерін құшақтап отырады. Профессор Хеленнен:
-Неліктен балалар тізелерін құшақтап отыр?, -деп сұрайды. Хелен:
-Бір бала тізесін құшақтап отырғанда демалуға жеңілдік береді деген соң, балалар тізелерін құшақтап отыр,-деп жауап берді.
Денесі көкпенбек бір жасар сәбидің қасында тұрған Хелена:
-Мына сәбидің жағдайы нашарлап келеді, екі-үш айдан соң дүние салады, -деп өкінішін білдіртеді.
Профессор және оның ассистенті осы дерттен балаларды құтқару жолын іздестіруге Хеленамен бірге кіріседі.
Түбінде «Блэйлок-Томас-Туссинг» шунтті (ағыл. Shunt -айрық) атты коррекциялық операция түрі дүниеге келеді. Дәрігер емеспін. Ұққанымда, жүректен шыққан тамыр болады. Соның бір жерінен қан нашар өтеді және күн өткен сайын қанды өткізу қабілеті төмендейді. Сол себептен жүректен шыққан тамырға айрық жасап басқа тамырға қосу арқылы жаңа қан айналу жолын ұйымдастыру арқылы денедегі қан айналымын жақсартады. Нақты айтқанда кіші қан айналымын.
Жүректен шыққан тамырға операция жасау үшін жүрекке дейін денені ашу қажет. Яғни жүрекке жасалған операция. Оған дейін жүрекке операция жасау мүмкін емес, жүрек Құдайдың жаратқаны деп саналатын. Жүрек қызметіне адам араласпауы қажет, егер өлім келсе, жазғаны болып есептелінетін. Бірақ, балалардың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер жаңа операция түрін ойлап табады. Хирургтердің қолдары шеберлігіне қазіргі кезде де таңқалдырады. Операция жасалған қан тамырлары диаметрі 1-2 мм. Үзілген тамырды басқа тамырға тармақ ретінде жалғау дегенді елестетіп көрудің өзі қиын. Онымен қоса операция кезінде ми, өкпе, жүректің жасушаларын зақымданунан сақтану қажет. Пациент өмірі ылғи да қыл үстінде тұрады. Алғаш операция он бес айлық балаға жасалып, сәтті аяқталады.
Кино 1930-шы жылдары рассалық теңсіздік және Ұлы депрессия жайлап тұрған кезде басталады.
Кинодағы драма.
Вивьен Томас аула тазалаушы болып профессор Блэйлоктың зертханасына таныстарының арқасында орналасады. Аула тазалаушы емес, дәрігер болғанды қалаған Вивьеннің арманын Ұлы депрессия жоққа шығарады. Профессор жұмыскерінің аула сыпырудан басқа жұмысқа қабілеттілігін байқап, түбінде өз ассистенті ретінде жұмыстар табыстайды. Вивьен көпке дейін аула тазалаушы болып саналып, соған сай жалақы алады. Ол кездері қара нәсілдер тек қара жұмыс істеуге лайықты деп есептелінетін. Вивьен Томас, Альфред Блэйлок жұмыста әріптестер жұмыстан тыс уақытта рассалық айырмашылықпен бөлінгендер. Профессор Блэйлок Вивьеннің құқығын қорғанға қолынан келгеннің бәрін істейді. Вивьен Томас барлық рассалық кемітулерге қарамастан қара нәсілдердің тең құқыққа ие болуын басынан өткізіп, медицинаға көп еңбек сіңіріп, отыз бес жыл госпитальдің зертханаларын басқарып, доктор атағына ие болады. Оның жетегімен АҚШ-тың тамаша кардиохирургтері тәрбиеленеді.
Something the Lord Made Американдық киноөнер институты 2004 жылғы теледидарлық ең танымал фильмі деп атап өтті.

Қосымша деректер:
Хирургтер операциялық процедураны үшінші рет қайталап жасалғанда нағыз табысқа және жетістікке қолдарын жеткізгендеріне күмәнданбады. Сол себепті операцияның оң нәтижесіне сенімді болды.
Операция жасалған үшінші пациент — алты жастағы бала. Операция алдында бала өз бетімен жүруден қалған, ауыр хәлде еді. Операциядан кейін баланың жағдайы жақсарып, денсаулығын қалпына келтіргеннен кейін белсенді балаға айналды.
Өкініштісі, жүрегіне алғаш операция жасалған бала үш жасында дүние салды. Бұл операция түрі үш жастан асқан балаларға жасалғанда тиімді болатыны байқалды.
Блог - bake: Something the Lord Made кинофильмі. Блэйлок-Тауссинг шунттауы. Кардиохирургия

P.S.:
DARA.KZ дерегі бойынша Қазақстанда жылына туа біткен жүрек ауруларына шалдыққан 3000 сәби дүниеге келеді. Бір жылға дейін 10-15%-і ғана өмір сүреді. Қазақстанда баланың салмағы 12 кг-нан кем болса, оның жүрегіне операция жасалмайды. Өкінішке орай, бір жасқа толмаған сәбилердің барлығы бірдей қажетті салмақ жинап үлгермейді.

Дерек көзі:
1) en.wikipedia.org/wiki/Something_the_Lord_Made
2) en.wikipedia.org/wiki/Blalock-Taussig_shunt
3) museum.impharma.ru/text/455
Әрі қарай