Қылмыскер анекдот (күлдіріп өлтіруі мүмкін)
Кең байтақ Қазақ елінің бір бұрышындағы, кілең қазақтар тұратын бір ауылда бір кісі өмір сүріпті, өзі сол ауылдың полиция бөлімшесінің бастығы (бұдан былай сақшы бастығы) екен, өзі сондай қатал, өңі де сұсты адам екен, қолына түскен қылмыскерлерді қатал тергейтіні соншалық, ол кісіден тергеліп шыққан қылмыскер екінші қайталай қылмыс жасамайтын болған мыс, жалпы сол ауылға беделді құрметті азамат екен.
Күндердің күнінде сол ауылдағы бір жігіт аяқ астынан байып шыға келіпті, зәулім үй салдырып, астына қымбат джип мініп дегендей, ауылды ойқастап жүреді екен, мұны көріп ауылдастары таң қалысады екен, «Осы қайдан ақша тауып жүр ей» десетін көрінеді, сонымен не керек Қазақ тыныш жата ма, ауылдастары әлгі сақшы бастығына шығыпты: "Өзіңіз осы жігітті шақырып тергемесеңіз болатын емес, бұл жігіттің бір шикілігі бар, ақшаны арам жолмен тауып жүр" депті. Сақшы бастығы мырза сәл ойланғаннан кейін жарайды деп келісіпті.
Сонымен не керек Сақшы бастығы әлгі жігітті алдына шақырып:
-Е батырым осы сен не істеп жүрсің? -депті төтесінен.
-Ештеңе басеке?-деп отыра беріпті жігітіміз саспастан.
-Онда соншама ақшаны қайдан тауып жүрсің?-дейді иегін қақшаң еткізіп. сәл ойланған жігітіміз:
— Мен кез келген адаммен, кез келген нәрсеге ақшаға бәс тігемін, әрі барлығында мен ұтамын, ұтылған кезім болған емес.
Таңданып қалған сақшы бастығы:
-Мүмкін емес қалай барлығында сен ұтпақсың, осы сөзіңді дәлелде сосын сенде шаруам жоқ-деп қысқа қайырыпты сабазың.
-Келістік басеке, онда мынаған бәс тігейік, бір аптадан кейін сізге құйрық өсіп шығады, егер өсіп шықпаса мен сізге мың доллар беремін, өсіп шықса сіз маған мың доллар бересіз-депті, мырс еткен сақшы бастығы:
-Айтады екенсің сенде, адамға қалай құйрық өсіп шщықсын, жеңілдім дей бер, бір аптадан кейін жолығамыз боссың-депті…
Сақшы бастығы күнде таңертең арт жағын сипап көріп қойып жүріпті, құйрық шықпапты, бір апта да өтеді, мың доллар ұттым деп қуана басып әлгі жігіттің үйіне барыпты,
-Жігітім ұтылғаныңды мойындай бер, маған құйрық өсіп шықпады.
-Жарайды аға, бірақ мен сізге құйрық шықпағанына көз жеткізуім керек, ол үшін шалбарыңызбен іш киіміңізді шешіңіз мен көрейін- Сақшы бастығы шалбарын, іш киімін шешіпті. Жігіт:
-Сәл еңкейіңізші көре алмай жатырмын- басекең еңкейіпті.
-Тағы да кішкене, көре алмай тұрмын, шынымен де құйрық өспегеніне көз жеткізуім керек, егер шықпаса мың доллар сіздікі- мұны естіген сақшы бастығы тоңқайыпты. осы кезде жігіт екінші этажға қарап айқайлапты:
-Мың доллардан дайындай беріңдер, айттым ғой сақшыц бастығын шалбарын шешкізіп тоңқайтам деп.
Сақшы бастығы мырза асығыс шалбарын киіп ала қойыпты.
-Шындығында мен сізге мың доллар ұтылғаныммен, ана тұрған бесеуінен 5 мың доллар ұттым — деген екен.
Қытай торынан Қазақстанға бейімдеп аударған пақырларыңыз.
Әрі қарай