Африкада бильярд ойыны чемпионаты

Бүгін Африка тайпалары арасында бильярд ойынының чемпионаты басталды — деп хабарлайды папуаснюсь ақпараттық агенттігі.
Бұл дүбірлі додада кабил, туарег, шавия, бени-мзаб тайпаларынан үздік шыққан бильярдшылар сайысқа түсуде.

Әрі қарай

Орыс бильярды (русский бильярд) тарихы

Бұрынырақ жалпы бильярд ойынының пайда болу тарихы жайлы жазбамды ұсынғанмын. Енді назарларыңызға бильярд ойындарының бір түрі орыс бильярды жайлы жазбаны ұсынайын ағайын.

Орыс бильярды, пул, снукер, карамболь… Әлемде отызға тарта бильярд ойыны түрлері бар. Олар бір-бірінен ережесі ғана емес, үстелдерінің көлеміне қарай, шарлары және лузаларымен де ерекшеленеді.
Әрі қарай

Никита Ливада – бильярдтан ең жас әлем чемпионы


Қазақстанда өткен орыс бильярды аралас пирамида (комбинированный пирамида) түрінен әлем чемпионатында он бес жасар Ресей бильярдшысы топ жарды. Жартылай финалда әлемнің үш дүркін чемпионы болған отандасымыз Қаныбек Сағындықовтың жолын кесті. Ақтық сында Никита Ливада украиналық бильярдшы Александр Паламармен кездесіп, 6-3 есебімен жеңіске жетті. Финал өте тартысты өтті. Никита салқынқандылық танытып, өзіне деген сенімділікпен тамаша шебер ойыншы екенін дәлелдеді. Әсіресе, соңғы партияда Паламардың 7-0 қылып тұрған есебінен асып түсіп, 7-8 нәтижесімен ойынға нүкте қойды.
Никита Ливада — бильярд ойындары тарихындағы болашағы зор ең жас чемпион.
Әрі қарай

Бильярд ойынының пайда болу тарихы

Блог - ErNur: Бильярд ойынының пайда болу тарихыҚазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны бильярд. Шарлар ойыны алғашқы тарихи мәліметке ие болған ойындардың бірінен саналады. Көп зерттеушілердің пайымдауынша, Азия осы бильярдтың отаны болып саналады екен. Қытай саудагерлері орта ғасыр кезеңінде қарапайым шарлар ойынын Англияға апарған көрінеді. Ағылшындар оны ары қарай жетілдіреді, және «Pall-Mall» деп атап, оны тегістелген арнайы алаңда, яғни жерде ойнай бастаған. «Бильярд» сөзінің төркіні ағылшынша «ball» (доп), «yeard» (таяқ) болғандықтан ойынды өздері иемденді.
Әрі қарай