Ұлы арман, ұлы міндет, ұлы жеңіс. Олимпиададан не күтеміз?

Қазір, үлкен спорттың бәрі саясат пен ақша табу көзіне айналды деушілер көп. Сөз жоқ, Олимпиаданың төңірегінде де топан ақша жүр. Біреулер байып жатыр, біреулер саяси салмақ жинап жатыр. Бірақ мойындаңызшы, нағыз спорттың саясатыңа да, ақшаңа да, әлемдегі экономикалық немесе табиғи күйзелістер пен дағдарыстарға да түкіргені бар. Ұлы жеңістер бәрібір бола бермек.
Әрі қарай

Бүгін Бекзаттың туылған күні немесе тоналған қабір фотосуреттері

Бүгін «Жер бетіне сыймай кеткен жұдырық» © Т.Жетпісбай деп өлең арналған арда ұл 32 жасқа толар еді.
Қазір ғана қабір басынан келіп отырмын. Өткен жылы маса.кз тоналған қабірді фотосуретке түсіріп, салып жіберуді тапсырған еді. Ол суреттер жарияланды. Содан бері бір жыл өтті. Қолды болған медаль көшірмелерінің орны үңірейіп әлі тұр. Қалпына келтірілмепті.
Тұтастай алғандағы сәулеттік құрылысы2011 жыл, сәуірдің 21-і
Тұтастай алғандағы сәулеттік құрылысы2012 жыл, сәуірдің 4-і
Әрі қарай