Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Әрі қарай

-Комеди клаб? -Құрып кетсін...

Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды. «Юсуф, Зейнеп,Торғай, Бериван, Қамбар, Әли, Назар» — бұларды жастарымыз жеті атасындай таниды. Тіпті, жеті атасын білмесе де әлгіндерді бес бармағындай айырады. Қазір түрік сериалды өз сериалымыздай болып кетті. Себебі де бар. Атам қазақ «қара қытай қаптаса сары орыс өз әкеңдей көрінеді» деуші еді. Расында, шетелдің жобалары көксандықта көбейгелі бері түрік сериалдары жүрегіміздің жартысындай болды. Жетелдің жобасы деп атқан жебемнің нысаны «COMEDY CLUB.KZ»! Масқара, қатты еліктептік басқаға. «Шешеңнің...» деген сөзден сескеніп, «Әкеңнің...» деген сөзге зығыр қаны қайнайтын қазақтың жүрегіндегі «ұят» бүгінгі таңда қаза тапты. Жиырма бірінші ғасырда қазақты қалай боқтасаң да өз еркің. Былқ етпейтіндер жетерлік. Ең тамашасы орысша боқтау. Тіпті, сол тілде былапыт сөздерді айтып қасиеті қалмаған қазақты күлдіруге де болады екен. Атап айтқанда «Жетінші» арнаның суымен суғарылып, іш өткізер жеміс берген «COMEDY CLUB.KZ»-ті тамсанып тамашалайтындар шаш етектен. Тіпті, «шаш тобықтан» дегім келіп тұр. Жемісінің сипаты мынандай: «Тоңқайған қыз, пілдің артына басын сұққан пенде, боқтау, мәдениетсіздік, масқаралау, айыбын әшкерелеу» сынды бейнелер мен суреттер. Осыларды қазақ тамсанып көріп, жүрегі соқырлыр қарқылдап күліп жатыр. Қазақстанның кей арналары шетелдің қоқыстары(біреулер үшін керемет дүние) салынатын жәшік. Бәрі қарады, заман талабы деп ұлттың қытығын кетіріп, қыздың қылығын жойып, ұлдың ұлылығын төмендетпегеніміз жөн шығар. Қоқыстың қалқаны болған қазақ жанашыры Бекболат Тілеухан да «Айқайлай берсең қасқырдан ұят болады» — деген мақалды темірқазығына айналдырған сыңайлы. Себебі- секіруі өзгеше! Жұп болсынды жақтайтын қазақтан Бекболаттың қасына қосылар қасқалар бой көрсетпейді. Бәлкім ұлтының тағдыры, ұрпағының келешегі зиялыларды мазалай бермейтін де шығар. Бір арнамыз жаныстық қатынасты, енді бірі былатып сөзді, келесісі қылмысты үйретіп жатқандығының себебінен болашағымыздың бұлыңғырлығы байқалады. Ата дінді насихаттайтын арнаңның түрі анау. «Асыл арна» асыл болса, асыл бабаларымыздың асыл термелерін неге жасырып жатыр. Бірде бие, бірде түйе болудан айырылатын күн қияметте туатын шығар қазаққа. Бабаларымызды, дараларымызды, даналарымызды, боздақтарымызды көрсететін, тарихтан хабардан қылатын, дәстүрді дәріптейтін, ұлтты ойлайтын арна қашан ашылады екен? Қазақтың күні қашаңғы қараңғылықпен өтуі керек. Сонда қара домалақ балалар тарихты, дәстүрді білмей жүре берсін бе? Тереңге тамыр жаймай өмір сүре берсін бе? Жоқ, ешқандай да олай болмайды. Болмауы тиіс емес пе? Тоқсан сөздің тобықтайы, арналар ұлтымыздың деңгейін жоғарылатын өнімдер ұсынсын. Болмаса, барлығы да жабылып, тек газет-журналдар болсын. Қазақстанның азаматы, ұлт шанашыры, ел болашағына алаңдай алатын адам ретінде мемлекетке осындай талап қойып, ұсыныс айтамын.
Алдаспанның жарқылы!!!
Әрі қарай

Шамаң келсе "Шаманы" айт...

Жарылғапбердінің «Шамасы». Консерватория бітіргендердің 50ден бірі орындайтын шығар сірә. Өте қиын ән. Әннің тарихына келсек «бұл ән Жарылғапбердінікі емес» дейтіндер де бар. Ия, Жарылғапберді жеткізуші болуы да мүмкін. Дегенмен, бұл ән әзірше Жарылғапбердінің «Шамасы»
Әрі қарай