НЕФОРМАТ

XIX ғасырдың ІІ жартысынан бастап дамыған Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары екенің барлығымыз білеміз. Баскетболдың этимологиясы (basket — себет, boll — доп) деп жіктеледі. Алғашында ойындар футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында ұйымдастырылған. 1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Блог - Tore_baga: НЕФОРМАТ
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды. Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. 1992 жылы олимпида ойындарына білікті спортшылардан жасақталған «Dream Team» ұлттық баскетбол қауымдастығы құрылған. Оның құрамында Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Блог - Tore_baga: НЕФОРМАТ
Қазіргі таңда елімізде баскетбол спорт түрі даму үстінде. Жуырда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай «НЕФАРМАТ» атты баскетбол турнирі өтті. Яғни боскетбол ережесін өзгертіп еркін стильде немесе ережесіз ойын болды. Жарысқа облысымыздың үздік деп танылған 10 команда бақ сынасты. Барлық командалардың өте жақсы дайындықпен келгені көрінді. Өйтекні жеңген командалар мен жеңілген командалардың айырмашылықтары 2-5 ұпай ғана. Өте тертысты өткен жарыс та көрермендердің көзайымына айналған«Жорға», «Торпеда» және «Red Bulls» командалары болды. Жарыстың қорытындысы бойынша І-орынды «Торпеда» командасы алса, ІІ-орынды«Жорға» командасы қандығасына байлады, ал ІІІ-орын«Red Bulls» командасына бұйырды.Блог - Tore_baga: НЕФОРМАТБлог - Tore_baga: НЕФОРМАТ
Әрі қарай