Балдырғанға сыйлық

Интернет бетін кезіп жүріп іздегенде табылмайтын, әдетінше, одан үміт үзгенде өздігінен көзге түсетін электронды зат болғаны «Raincat» компьютерлік ойыны.
Осыдан:
-Балдырған жастағы балаға арналған компьютерлік ойын табу қиын, -деп ойын іштей білдіріп жатқандар болса мені түсініп жатар.
Raincat ойынын сынап көрдім, ұнады. Platformer жанрындағы ойын. Ойын бірнеше деңгейде тұрады. Ойын мақсаты ондағы «ойын персонажын» бастапқы орыннан финишти орынға дейін қозғалысын тоқтатпай жеткізу. Персонаж финишке дейін жолын жүріп өту үшін бір платформадан екінші платформаға өтуі тиіс. Кейде персонажға платформадан платформаға көшу үшін оған power-up заттары қажет. Осы затқа иемденгенде ойын персонажы ерекше мүмкіншілікке немесе ерекше қасиетке біраз уақыт иеленеді. Power-up затымен иелену уақытты өтіп кеткен соң ойын персонажы өзінің бастап қалыпты жағдайына оралады. Біз қарастырып отырған ойында power-up заты платформа үстінен жүріп өту үшінде қажет.
Raincat ойынындағы персонаж судан қорқатын мысық. Ойын персонажы бір орында тұрғанды ұнатпайды, тек үстіне су тимесе серуендеп жүре береді. Жолында қабырға кездестірсе теріс бұрылып алып кері бағытта жолын жалғай береді.
Ойынның әр деңгейінде бірдей ойын кезеңдері орындалады:
1) Персонаждың финишке дейін жүріп өтуі тиіс жолда оған көмек ретінде power-up заттарды орналастыру ойыншыға табысталған;
2) Персонажге «Go» бұйрығы беріледі;
3) Персонаж жол жөнекей орналастырған power-up заттарды жинап жолын жалғастыруға мүмкіншілік алады.
4) Егер персонаж үсті су болса онда персонаж қимылы тоқтатыладыда бәрін басынан бастау қажет.
5) Егер персонаж қапада қалса, екі кедергінің ортасында, онда ойыншы клавиатурадан «ESC» батырмасын басу қажет.
6) Персонаж финишке жеткенде оған сыйлық беріледі. Ойыншы болса оның сыйлық алғанынан қуанғанын көреді. Балдырған жастағы бала ойыншының орнында болса персонажға өз бойындағыдай жан бітіріп бір қуанышына ортақтас болғаны ойынның қызығы.
Ойын жүріп жатқан программаның тетрезесінің оң жағында power-up заттары орналастырған. Астыңғы жағында «Go» бұйрығын беруге арналған батырма бар.
Бұл ойынды АҚШ-тағы Карнеги-Меллон университетінің студенттер жасапты.
Блог - bake: Балдырғанға сыйлық
Ойынды балаға ұсынбас бұрын, ойын барысын қалайша ана тілінде түсіндіру керектігін ойластырдым. Баламның «мынау не?» деп саусағын шұқшитып сұрағанда аңырап қалмау үшін power-up заттарына «қанатты бәтеңке», «серіппелі таяқ», «ролликті таяқтай», «қалқан» деп атауларды ойластырып үлгердім.
Кейбіреуінің атауын балам бірден өзі тапты.
-Папа, мынау, -жауабын сөзбен жеткізе алмай екі қолымен шашышын төбеге жинап, -кептіреді, -фэн, -деді.
«Go», «Stop» сөздерін не үшін қажетігін көп түсіндірудің қажеті болмады. Ойын барысымен таныстрып шығайын деп оның көзінше ойынның бірінші деңгейін соғына дейін ойнап шықтым. Балам бірден ойын мақсатын мақсатын түсініп алды.
-Папа, «гоу» бастым, мысық кетті, -дей берді.

P.S.: «Ойын барысымен таныстрып шығайын деп оның көзінше ойынның бірінші деңгейін соғына дейін ойнап шықтым. Балам бірден ойын мақсатын мақсатын түсініп алды». Педагогикада бұны «оқушы білімді игергенде өтетін бірінші деңгей» дейді, яғни, көріп-білгенін қайталап шығу.
Балдырған жастағы балаға «мынау не?» деген сұрақ қою арқылы дүниені танып-білу орынды. Онысын түсініп отырмын. Әлі алдымызда білім алудың тағы бірнеше деңгейі тосып тұр. Осы жерден ойымды доғарайын. Жалғастыра берсе шыға бермекші.
Әрі қарай