Телевизор сатам

Соңғы кездері таңертең жұмысқа келгенде және кешке қайтатын уақыттарда бір жапырақ картон қағазға (А4 қағазының жартысындай) “Продаю телевизор” деп жазып алып, оны жіпке тағып мойнына іліп жүрген БОМЖ-ны жиі көретін болдым. Және де ондағы сатамын деген жазуы компьютерде жирный болып терілген, алыстан көзге бірден шалынады. Жас шамасы қырықтың үстінде деп шамалауға болатын, халық БОМЖ деп атап кеткен мұндай жанның телевизор сататыны шынымен қызықты көрінді. Бір күні жұмыстан шыққасын көлігімді қыздырып біраз күтіп тұрғам, әдеттегідей күндегі бағытымен сол ағай кетіп барады. Содан, ол кісіні тоқтатып, жөн сұрастым. Сөйтсем кейбір қала тұрғындары артық дүниелерін сату үшін осы БОМЖ-ның қызметін пайдаланады екен. Айтуына қарағанда бұған дейін екі тоңазытқыз, бір газ плита, бір үтік, бір диван креслосымен сатқан көрінеді. Ақысына зат иелері 500 теңге береді екен. Алайда сатылған дүниенің үлкен-кішісі болмайды екен, ақысы тұрақты 500 теңге. Алдыңғыларды тез сатып едім, мына телевизор құрғыры өтпей тұр деп кейістік білдіріп жатыр. Міне адамдар үйінде отырып, артық-ауыс дүниелерін осылай сатып жібереді екен.
Әрі қарай