Антарктида экспедициясы

Бұл — маңызды шара еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспедиция мүшелері елордамыз Астанадан – Абу – Дабиге, одан ары– Кейптауынға ұшып, Ресейдің Антарктидадағы Новолазаревская бекетіне барады.
Қарлы құрлықтың шетінен Оңтүстік полюстің өзіне дейін 2300 шақырым. Бұл ұзақ қашықтықты ғалымдарымыз бен саяхатшыларымыз арнайы 3 көлікпен жүріп өтіп, зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Бұл ғылыми — зерттеу мақсатында. Баратын жолдарында қазір 7 бекет, 7 тоқтайтын нүктелер анықталып отыр. Сол нүктелерде олар экологиялық, метио-климаттық зерттеулер жүргізіп, түрлі образецтерді елімізге алып келіп, ғылыми ізденістерін осында аяқтамақшы.
Экспедиция мүшелері 16-шы желтоқсан күні Қазақстанмен тікелей көпір арқылы байланысқа шығады. Дәл сол күні Оңтүстік полюске қазақстандықтар ту тікпек. Ғалымдарымыз бен саяхатшыларымызға сәттілік тілейік!
Әрі қарай

Фотожұмбақ: Қай ел ұмыт қалған?

Газетімнің өткен санында Оңтүстік Африка Республикасының мектептерінде қолданылатын саяси картадан жұмбақ жасырғанмын. Бізге қызық болып көрінеді-ау деген екі ерекшелікті табыңыз дегем… Алғашқылардың бірі болған журналист-блогшы Салтан Сәкен болды.
Әрі қарай

Пингвинді құлатпаңдар



Антарктиданың үстімен тікұшақпен (вертолет) ұшуға болмайды екен. Себебі мойыны қысқа пингвиндер тікұшақ гүрілдеп келе жатқан кезде “мынау не зат?” деп бастарын көтеріп қараған кезде шалқаларынан құлайды екен. Сондықтан оларға құлауға болмайды, дәлірек айтсақ жоғарыға қарауға болмайды.

Ескертіп жатқаным ғой, егер тікұшағыңыз бар болса Антарктиданың үстінен өтпеңіз, ұят болады.
Әрі қарай