Жесір әйелге бару сауап деді..

"— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап берді."


«Көзден кеткен, көңілден де кетеді»

Сәлем достар! Көгілдір емес экранның бетінде жазбаларым көрінбегелі біршама уақыт болды. Тіпті, арасында Алмас блог әлемін тастады деген тұжырымдар да пайда болып үлгеріпті. Не де болса, «МЕН ОСЫНДАМЫН!» деп қолымды көтеріп қояйын. Ары қарай әңгіме барысы бойынша…

Қаһарлы қыстың ызғарынан кейін, көктемнің жайдарлы да жасылды күндерін сағынумен келеміз. Томбы қаламызда күн айтарлықтай жылына қоймаса да, көкек айы алып келер жылулықты күтіп отырған жайымыз бар. 6 ай қар жауатын аймақ болса дағы, адамдарында жылы шырай сақталған деп толық айта аламын. Адамдармен байланыстан б-лек, интернет желісінде көп отыратын шығармын. Негізгі әңгіменің төрі сол «интернет» желісінен келді. Жастар бұзылды ма, әлде ғаламтор торабы бізді құртып жатыр ма, білмейміз ғой. Жаңалықтар көріп отырып, көзім бір бейнебаянға түсті де қалды. Оның тақырыбы,

«Жесір әйелге бару сауап деді..»


Блог - AlmasNakhypbek: Жесір әйелге бару сауап деді..

Жігіттердің арасында естіп жүрген әңгіме болғандықтан ба, ашып қарауға бірден асықтым. Жауабын берген адам кім екен? Шынымен олай жасау дұрыс пе екен? Мың сұрақтың форматы басымда құрыла бастады. Сонымен, бейнебаян былай дейді:

(Айтып отырған шамамен 40-45 жастағы ағамыз)
— Ақиқат айтылғанда ешкімнен қорқылмайды. Кім болса да, ол болсын! Кім болса да, ол болсын! Менің бір жолдас балам қайтыс болды. Анандай, бір атыс-шабысында атып өлітіріп кетіпті. Досым болғандықтан, сол жерге бардым. Енді, барып отырып, жаназасына қатысып отырсам, айналамда өңкей көшенің тақырбастары отырып алған. Өлім көргенде ғана таубесіне келетіндер, да, олар. Менен сұрады:
— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап бердім. – Ертең, әкең өлсе, шешең жесір қалады. Сонда, үйіңнің бір есігін ашып қой да, «сауап табатын жер» деп жазып қой. Мынадан сауапқа батасын… (қолымен сілтеп, көп дегендей келтіріп) Бір күнде шешеңе 10 еркек кіретін болса, сауапқа батып қаласын!- дедім. Сонда пистолетін менің нақ маңдайыма тақады.
— Сен ата алмайсың! Намысы жоқ адам ата алмайды! – дедім. – Сен, жесір деп айтқанда, кімді көзге тұтып жатсын?? Ертең сенің анаң болмайды ма? Әпкең жесір болмайды ма? Қарындасың жесір қалмайды ма? Сен ертең өліп кетсең, сенің қатының жесір қалмайды ма? Егер күйеу балаң қайтыс болса, қызың жесір болмайды ма? Сенде мына бас жоқ! (қолымен басына сілтеп). Жай ғана ешектің басы ұқсатып көтеріп жүрсің. Сен мені ата алмайсың! – дедім. – Сол уақытта мен 20 жасар бала едім. Бәлкім, біз өзіміздің бір елі ауызымыздан шыққан әрбір сөзімізге аса қатты мән беруіміз керек. Найзаға үкі тағып, дәстүрін мықтап ұстанған, намыс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан қазақ халқының ұрпағымыз. Аталарымыз жесірін көшеге тастамаған, жетімін жылатпағанын тарихтан анық көре аламыз. Кешегі бабаларымыз:

Қаратаудан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қарындастан айырылған жаман екен
Қара көзге мөп-мөлдір жас келеді
— деп, аттың үстінде, ұйықтамастан жылап айтып кеткен…

Мақала біткен кезде, оқырман, саған өтірік маған шын, көзіме кішкене болса да, мөлдіреген жас тамшыларын байқадым. Ауызбен патриот болу оңай да, ата-бабаларымыздың бізге сіңдіріп кеткен қасиеттерін ашып, пайдалану неткен қиын іс еді… Сол аталарға тартып туған ұрпақ болуды жазсын деп ішімнен қоя бердім. Ғаламторға 2 көзін 4 қылып салып қойған кейбір іні, қарындастарымыздың миына кіріп шықпасада, осы жазба кездесіп, ойланулары нәсіп болсыншы деген ниетпен жазуға бел будым.

P.S.
#НаурызДода
Әрі қарай