Айрин АҚШ-ты ойрандап жатыр

Естіп, оқып жүрген боларсыздар, АҚШ-та Айрин (Irene) деген сұмдық алапат дауыл (ураган) болып жатыр. БАйқа елдерді қарулы күгімен ойрандайтын Американы Құдайдың өзі табиғат күштерімен ойрандамаса, басқа елдердің күштері жетпейтіндей болып көрінеді.

Сонымен, Американың басы мен территориясына Айрин дауылы "қара бұлт" алып келді.
Айрин АҚШ тарихындағы ең жайқын дауыл болуы мүмкін дейді мамандар.
Әрі қарай

АҚШ-та дауыл

АҚШ-тың шығыс жағалауларларының тұрғындары әбігерге түсіп жатыр. «Айрин» деп ат қойған дауыл тым күшті деседі. БАҚ-ының ақпараттарына сүйенсек Нью-Йорктан бастап тұрғындар жаппай көшірілуде.(Уақытша әрине) Қазірге дейін 9 адам қаза тауып, 1 млн. адам жарықсыз қалған. Торнадо жолындағы аймақтарға ұшақ, темір жол, автокөлік қатынасы тоқтатылған. 7 штатта төтенше жағдай жарияланған. АҚШ президентінен бастап қарқыны ең қатты дауыл деп жаһанға жар салды.

Кешелі бері БАҚ-ы мен блог беттері осы дауыл туралы талқылауға толы. Орыс тілді сайтқа пікір қалдырған біреу "Құдайдың қаһарына ұшырағандарға осындай жаза беріледі" деп қойыпты, енді біреуі "Әлемдегі жаманшылық, соғыс, басып алу сынды "қара" нәрселердің барлығы АҚШ-тан шығып жатыр. Жазасын алсын" деген пікір білдіріпті.

Айтпақшы өткенде бір кітаптан көзім шалып қалды, (автобуста біреу оқып отырған кітап еді, арасында ұрланып бірер абзацын оқып қалдым. Өкінішке орай кітап атын біле алмадым. Ана кісінің беріліп оқығаны соншалық, мазалауға ыңғайсыздандым))), КСРО мен АҚШ арасындағы ғарышқа ұшу туралы текетіркес кезінде АҚШ КСРО ғарышпен алдап, назарын аударып қойып, мұхитты терең зерттеуге кіріскен. Сол зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда.Ол зерттеу бойынша теңіз астында жасанды жер дүмпуін жасау арқылы, дауыл тудырып, сол дауылды белгілі бір бағытқа бағыттап отырмақ болған. Өкініштісі сол АҚШ-тың мұхит суларын басқару арқылы әлемнің түрлі аймағында апат тудырамыз деген бұл ойлары сәтсіз жүзеге асуда. Сәтсіздігі сол зерттеушілер АҚШ жағалауларынан белгілі бір бағытқа дауыл бағыттағысы келеді, алайда ол әлі күнге дейін сәтсіз жүзеге асуда. Бақылаусыз кетіп, АҚШ жағалауларында ғана соғады, сондықтан АҚШ жағалауларында жиі дауыл соғады, деген әфсана айтылған. Өз басым сене алмадым.
Әрі қарай