Ескертпе баннерін орнатсаңыз

Соңғы күндері авторлық құқықтың сақталмауы, "ұятсыз" газеттердің Интернет-ресурстардағы мақалаларды үтір-нүктесіне дейін айнытпай көшіріп басулары жайлы жазылып жатыр. Айтылып та келді. Сондай келеңсіздіктердің алдыналу үшін, кейін кінәлілер «білмедік, кешірім өтінеміз» деп шықпас үшін, сайтыңызға немесе блогыңызға ескертпе, құлақтандыру ретінде баннер орнатсаңыз, не болмаса, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрінетін жерге жазумен-ақ жазып қойсаңыз, дұрыс болады деп ойлаймын. Баннерде немесе ескертпе жазуда сайтыңыздағы (блогыңыздағы) жазбаларды, мақалаларды, аудио-видео немесе сол типтес материалдарды рұқсатсыз, гиперсілтемесіз көшіруге болмайтындығын ескертуіңізге болады. Мысалы, мынадай баннер:

Егер сіздің жазған еңбегіңіздің кез-келген мақсатта кез-келген адамның кез-келген жолмен пайдалануына қарсы болмасаңыз, ештеңе жасамасаңыз да болады.
Әрі қарай