Хан Абылайдың шапанын сақтап қалған кім?

Блог - Aya: Хан Абылайдың шапанын сақтап қалған кім?Сонымен, асыл достарым. Өткенде «музей түні» кешінде атамыз хан Абылайдың бекзат иығына ілінген шапанының суретін салып едім ғой. Сол үш ғасырдың көзін көрген асыл шапанның бүгінгі күнге қалай жеткені маған өте қызық болған еді. Білдім, қызық болсын деп айта отырсам.

Сөйтіп, осы бір аңызға бергісіз күн сәулесінің шашақтары кейпіндегі алтын оюлармен өрнектелген қызыл-күрең шапан барқыттан тігілген. Абылай шапанын хан қайтыс болған соң, Айғаным ханшайым аманат бойынша ру атасы, қадірменді би Байдалыға сыйлаған екен. Содан ол атадан балаға мирас болып, бүгінде Байдалы бидің ұрпағы Хамза Сәтжановтың қолына жеткен. Орталық Қазақстан тұрғыны көзінің қарашығындай ұқыпты сақтаған шапаны қазіргі күні Астанадағы ұлттық музей залына тапсырылған. Қазақ рухын асқақтатқан бабамыздың көзін көріп қайтыңыздар. Күш береді.

Естеріңізге сала кетсем, Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмей, Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білген қолбасшы, қайраткер.
Әрі қарай

Қазыбек би ұялып қалыпты...

Қолтығына жүн шықпаған кезде қалмақтарды таң қалдырып қайтқан Қазыбек биді бәріміз білетін болармыз. Таңдайы тақылдап қалған бала болған ғой(Ютубтан іздеп видеоларын таппай қойдым, ешкім түсірмеген -ау деймін).Сол Қазыбек би болып-толған шағында (сірә,өткенін ұмытса керек Аязбиіңдісс...)бір жиында өзінен бата алуға кеп отырған 13-14 жасар Байдалыны («Сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім» деп Абылайдың өзі айтқан деседі Байдалы би жайлы.Семіз сөйлеген шығар фаст-фудыңдысс...) менсініңкіремепті.«Мынау қап-қара болған кім өзі?» дегенге ұқсайды. Сонда Байдалы:
Қара деме көмірді
Балқытады темірді
Тексізге келіп сөз айтсаң
Кемсітеді өзіңді -деп, Қазыбектің арғы аталары тексіздеу бір тоқалдан туғандығын меңзеп ұялтып тастапты.
Әрі қарай

2011 жылдағы басқа маңызды даталар



Биылғы жылдың басты тақырыбы әрине Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Десек те осы жылы кейбір маңызды даталарды ескермеген сияқтымыз. Демалыс күні Nurgisa -ның үйінде шәй ішіп отырып, осы тақырыпта ойланып қалыппыз. Ойша есептеп көрсек Қазақ Хандығының құрылғанына биыл 555 жыл болыпты. Мұндай әдемі дата енді тек 222 жылдан кейін кездеседі, 111 жылдан кейінгісі қызық емес.
Әрі қарай

Бурабайға барсақ...


«Кел» дегендей болды Көкше,
«Күмбезіме шық» дегендей болды Көкше,
«Көкке төбеңді тигізейін» дегендей болды Көкше,
«Күнге бетіңнен сүйгізейін» дегендей болды Көкше. © Сәбит Мұқанов

Қилышалдың тылсым табиғатымыздың суреттерін көбейту керек деген тақырыбын оқып, «менде де бар ғой ондай суреттер» деп ойладым. Әрине, Көлсай да емес, Қайыңды да емес… Ол жаққа бару бақыты әзірге бұйырмапты… Маған қол жетімдісі жанымыздағы Бурабай болыпты. Ия, Қазақстанда атақты жер, интернетте суреттері онсыз да көп шығар, әйтсе де артық етпес.
Сонымен, керекшілер Бурабайда жиналса, оларды онда не күтеді?
Әрі қарай