/ / 83 / 3003 / 0
Бас екеу болмай...

Сүйінші, ағайын! ҚазНеттің urimtal 'ының бір басы екеу болды! Бұл сурет Тимурдың тойдан жасаған тікелей репортажынан алынды Әлһамдулиллаһ! Біреулер үшін жаңа жұмыс аптасы басталды, ал мен өмірімнің жаңа бір белесін бастағалы отырмын! депті Асекең таяуда туиттердегі жүрекжарды хабарламасында. Асқаттың интернеттегі қазақтілді сегменттің өрісін кеңейтудегі еселі еңбегі көз алдымызда. Бірер жыл бұрын үйренері көп оның бұ күнде өз...

/ / 152 / 7485 / 3
Жігіттерге мода

Біршама уақыттан бері ойыма жиі келетін, алайда ұмыт қала беретін тақырыпты қозғағым келіп отыр бұгін. Еуропаның маған ұнайтыны, онда қыздар да, ұлдар да қалай киіну керек екенін біледі. Ал, Қазақтанға алғаш қадам басқаннан көзіме қораш көрінетіні жігіттер. Бірақ, менің айтқым келіп отырғаны жігіттер жайлы емес, олардың киімі болмақ! Бойжеткендер теледидардан өздеріне орташа болса да, жарасымдылыққа ұмытылады. Ал, жігіттеріміз (реніш болмасын,...

/ / 55 / 9335 / 0
Супер реалистичная поэзия немесе, және, емес алгоритм

Бұл түні мені желпіді сезім самалы Жалғызбын білмен, таба алмай жүрмін жағаны Өмірім ойран, реалист болдым мінеки, Емеспін бірақ, «жыласофияның» маманы Терең де емес, ойы аз мына өлеңнің Оқимын-дағы өзіме-өзім күлемін Жолықтым саған қараңғы ғұмыр жолында Көрдім де сені жарық бір нұрға бөлендім Даусыңды сенің есіткім келе береді Естіген сайын жүректі мына тіледі Көзіңді сұлу жырыма қосқым келеді Неғылам айтып, онсыз да бәрі...

/ / 248 / 3427 / 0
Керек Ата-аналар, мейрамдарың құтты болсын!

01 маусым Балаларды қорғаудың Халықаралық күні. Қысқаша айтқанда Балалар күні КерекИнфодағы барлық ата-аналарға және балапандарға құтты болсын! Керектің балаларының суреттерін қоя отырайық. Әмин (25/06/2008) Әлижан (11/08/2011)

/ / 140 / 2804 / 0
КерекИнфо сіздің қолдауыңызды күтеді

Құрметті Керекшілер, сайт хостингіндегі орынның азайғанына байланысты, ұлғайту және келесі жылға создыру мақсатында сіздерден қаржылай көмек сұраймын. Бұл сайт ешқандай ұйымның немесе бір демеушінің көмегімен тұрған сайт емес. Өзіміздің сайтымыз. Сондықтан мүмкін болса келесі айдың басында әр қолданушыдан 500 теңге көлемінде көмек сұраймын. Бере алмасаңыз да ешкім ренжімейді, ерікті түрде барлығы.

/ / 107 / 2451 / 1
Ұмытылмас КиноПати-К

Кеше, яғни 26 мамыр күні, Kinostan.kz сайтының админі Ернар-Патиктің туылған күні болды. Осыдан біраз күн бұрын туған күнін ерекше стильде, яғни кино стилінде өткіземін деп, киносүйер қауымды шақырған болатын. Кешке келгісі келетін адамға талап: киноға байланысты бір элементпен келу болатын. Сөйтіп, мен көп ойланбастан, қазір фанатеть етіп жүрген актерім Пак Йоң Ханың суретін салдырып, киіп бардым. Осылай Жалғас екеуміз...

/ / 76 / 2391 / 1
Қуаныш...

... Б үгін екі ұдай көңіл күй менде. Күйінішімнен қуанышым басым алайда. Қуанышым сол, бүгін мен үшін өмірде орны бөлек екі жақынымның бірісінің, қымбаттымның туған күні!!! Мамамның!!! Дәл алпыстың асқар шыңына шықты біздің мама! Аздап мұңайып отырған түрім. Негізі деймін ғой,өмірімде бірінші рет мамамның туған күнінде жанынан табыла алмадым бүгін! Эхх, қым-қуыт тірлік қойған ба, жіпсіз байлап, адымымды аштырар емес… "… Интернет деген...

/ / 118 / 3066 / 0
Бізге бір жыл толды

Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды. Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз. Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік. Менің ерке мінезім бар, ішпей жемей құтырып кететін, тормоз ұстамай қалатын, қатты сөйлеп қоятын, артық кететін жерлерім бар....

/ / 134 / 3777 / 0
"Біздің жігіттер"

@аsaubota админіміз арлан екен, @urimtal мен @omarbirat тарлан екен. @Nurgisa мен @aza қыран болса, @nurbergen_makym пырақ екен. @Gastarbaiter, @Orkenegro шымыр болса, @TERISKEY , @gunner , @Bekjan -дар шырайлы екен. @Abilakim, @edige, @Ahi көсем дейді, @satibaldi, @qisyq, @patick шешен дейді. @aues, @Onlasyn, @Erbol, @sigma асыл болса, @technosyndrom батырым алып екен. @blackbeard , @haos , @gerakl...

/ / 56 / 3434 / 3
Стрип-пластика: денсаулық және «жансаулық»

Соңғы жылдары стрип-пластика (ағылш. Strip – «шешіну», plasty – «пластика») нәзік жандылар қауымы арасында кең таралған спорт түріне айналды. Кез-келген қаланың би клубтарында, спорт сарайларында міндетті түрде оған...

/ / 102 / 2969 / 0
Мен көрген Еуро. Киевке сапарымнан фотоесеп.

Сонымен көрген түстей өте шықты Киевке ширекфинал матчына сапарым. 2 күн, 1 түн Киевте. Англия — Италия матчы. Чемпионаттың ең қызықты, ең драмалы матчы десе де болады. Соны көру бізге бұйырыпты. Ойын болатын 24-і күні таңда түстік Киевке. Біздің жолымызды ұйымдастырған сыра өндіруші компанияның өкілдері күтіп алды әуежайдан. Комфортабельді автобуспен бізге бөлінген қонақүйге тартып кеттік. Жол жөнекей Астанадан бірге келген 9 адам және...

/ / 26 / 1720 / 0
Вашингтонның ресми иістері

Баскентіндеміз. Штаттардан құралған Американың. Жан-жақтан әрқайсымыз түрлі уақытта кеп бас тіредік Georgetown suites қонақүйіне. Қайсымыз 20, қайсымыз 36 сағат құртыппыз мұхит асу машақатына. Кеше кешкісін әуежайдан Бангладештік Мұхаммед атты таксист әкеліп тастады. Халал табысым осы дейді. Үйленген, екі баласы олар Вашигнтонның орталығынан қашығырақта 1500 долларға пәтер жалдайды екен. Қаржысызды, табысы төменді ығыстыратын кент дейді...