Arular.kz
image image

Сені ұмытқан күні

Қарсы тұрып, дес берместен бәріне, Сені ғана шарқ ұрып мен іздегем. Санамда жүр, жанарымда әлі де Сағынышқа оратылған күзгі өлең… Қорқам кейде діріл демнен, от лептен, Сағынышқа тұншықтырған боз мұңнан. Кием-дағы сағыныштан сал шекпен, Сені ұмытқан күні мен де көз жұмам. Сөз таппаймын саған,...

Шымкенттіктерге...

Жазғаным жоқ жырымды ерегеске Түсінбеген түспесін ел егеске Әр аймағы қазақтың бағы, бары Қазақия Жерұйық жер емес пе!? Ренжіткені кімнің бар Шым қаланы, Шым қаланың ренішін кім қалады?! Алғашқысы дер едім асылдардың, Тізбелегін

Алматыға бәрі-бір...

Жыладың ба, күлдің бе Мұңға батып жүрдің бе, Күніңді жақсы сүрдің бе Алматыға бәрі-бір… Тоқсың ба әлде ашпысың, Саумысың, қырттай маспысың. Уайым қағып өзіңнен, Сұрамас тәтті-ашысын. Алматыға бәрібір… Жүрегің жүр ме желпініп, Жаурадың ба әлде жел тұрып, Қызықтырмас жай-күйің, Кетсе де...

Еріме

Бағала деп барыңды бағыт берген бақ құсым, Жағар ма деп жалынды шабыт берген бақ құсым. Өр басымды жер қылмай, еркелікті ескеріп, Бақыт атты тағымды алып берген бақ құсым. Жабыққанда жұбатып, жылу берген жарығым, Аман болсам өзіңе жыр арнармын тағы мың. Сүйгендіктен қамығып, жабығамын… себебі Сүйген...

З-ға

деуші еді махаббаттан басталады өмірдің ләззәті мен асқақ әні сені ойлап көздерімнен жас тамады сені ойлап бұзылды ғой тас қамалым… Деуші едім Мен — Абай, сен Керім бірге өтіпі өзіңмен кештерім Қолымда сыйлаған кестелің Арманда кім білген кетерің Қолымда сыйлаған кестелің, Жөн болмас жолыңды кескенім… Мәжмүндей мен зарлап ән салам, Жеткізер жырымды ескенім… Жеткізер ескен жел шерімді Сен таптың бағыңды серіңді… шырылдап бозторғай мен жүрмін таба алмай қонатым жерімді… Жабырқау күз қоңыр күн Сенсіз жалығу зарығу үн Сенсіз жетеле мені жел тоқтатпа өмір де мен үшін мұң Сенсіз…

Жай бір өлеңсымақ

Ойпырмай қайда кеткенсің, Шабытым менің бір кезгі. Шарқ ұрып түнде күндізде, Ойымнан ұйқас із кезді. Түсімде жатам жыр жазып, Қожанасырдай әпенді. Төгілтіп ары кетер ем, Өңімде тағы бір келші. Қиялым жатыр жер құшып, Көміліп боқтық тірлікке. Көоеңкем жүрде жер басып, Өзімді жерлеп кеткенбе. Тазарып бір күн бар кірден, Сілкініп шығып ой пәлі. Шар ұрып шығып биікке, Күйіп кетсемде мейлі. Одан соң тіпті тілемен, Татам деп тірлік талқанын. Айтатын жырым біткен күн, Жоғалып кетем көрде тұр.

Қара жорға мен Харлем шейктің айтысы

Қара жорға: Биіңе елітіп жүр бала тоймай, Ол түгіл алпыстағы ана тоймай Қазақ елін кім келіп басынбады, Халқымды момын санап қара қойдай. Талайға есігімізді ашқан едік, Пиғылын тексерместен оқ атардай. Тамағын жеп табағын теуіп тұрсың, Төрімізді бүлдірдің алатайдай.

Қазақстан мен Германия футбол командаларының айтысы

Мен өзім осы футбол мен айтыстын шын жанкүйері едім, бір жерден оқыған осы шумақтарды сіздерде оқыңыздар (бұл шумақтар кешегі соңғы өткен ҚазаҚстан-Германия матчынан соң туған: Жоқ әлде Қазақстан футболы да, Алауыздық ауруын жұқтырған ба? Төртіншісі қосылса дау туар деп, Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?

Айналайын (Рүстем Жанай)

Айналайын, Тағы да айналайын. Өзің барда Жанымда бар ма уайым? Шыныменен кейісең О, ғажайып! Шыңдаламын төске ұрған балғадайын. Айналайын! Жырым ғой — қолда барым. Қартайғанша шын сүю — Ол да — дарын! Кемпір- шал деп балалар күлгенімен Сен — он сегіз, Мен әлі жиырмадамын. Айналайын! Мен сенен айналайын. Қанағат қып күн кешкен барға дәйім. Еркелетсем мен сені, Сен де мені, Жараспай ма мәңгілік жарға ләйім. Айналайын! P.S. Автордың өмірден озғанына биыл үш жыл болыпты. Алайда, өзі өлгенімен артында рухани мұра болып өлеңдері, бірнеше жинақтары («Сағынып кеттім мен сені», "Өмір парақтары"), "Қайыртаң" повесі, «Жанайқай» прозалық жинағы мен «Жанқожа батыр» дастаны қалған.