Arular.kz
Рейтинг
+10.98

PhD мемуарлары

image image

Дағдарыс дауасы - «Силициум-Казахстан»

Осыдан тұп-тура екі ай бұрын бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының қайта жандануы мүмкін деген сыбыс шығып, ол туралы мен де бірдеңе деген едім. Зауыт ашылғанда басшы ретінде тағайындалып, кейін істі болған Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі...

«Силициум-Казахстан» кремний зауыты қайта жандануы мүмкін

Ресейлік «Титан» компаниялар тобының басшысы Михаил Сутягинский «Ведомости» газетіндегі сұхбатында топ қазақстандық компаниялармен альянсқа қайта дайын екендігін айтыпты. Ол кім тағы дейсіз бе? Бір кездері елімізде салтанатты түрде Ресеймен бірлесе ашылған «Силициум-Казахстан» кремний зауытының басшысы. Тіпті «Силициум-Казахстан» 2010-жылы ең жоғары сапалы кремний өніміне қол жеткізген көрінеді. Бірақ аталмыш зауыт қалай салтанатты ашылса, солай тып-тыныш жабылыпты-мыс. Енді Сутягинский сол тірлікті қайта жандандырғысы келіп отырған сыңайлы. Ол жақсы ма, жаман ба, әзірге белгісіз. Михаил Сутягинский «Ресей мен Қазақстан – ынтымақтас мемлекеттер, олар бірнеше мемлекетаралық бірлестіктерде бірге жұмыс істеп отыр. Кремний секілді стратегиялық өнімді бірге өндіру жай пайда немесе табыстың мәселесі емес. Бұл сонымен қоса ұлттық мүдде мен қауіпсіздік мәселесі»...
image image

Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?

«Шай ішсем көңілім жай» дейтін қазақпыз ғой. Үйде қыздармен қып-қызыл қылып шығарып алып, сүт қатып жіберіп сораптаймыз ғой, шіркін. Шәйнек қайта-қайта қайнатылады, шай үсті-үстіне үстемеленеді. Әңгіме легі таусылмайды. Осылай отырып литр-литр шай ішеміз. Пайдалы ма, зиян ба — ұрмайды. Ағзадағы тұзымыз шайылып...
image image

Миллионер болам десең ғылым қу!

Біздің университетте ғалымдардың өз «ғылымиадасы» бар. Иә, иә, олар да жылдың басынан бастап желтоқсанға дейін ғылыми мақала жазып, фавориттері жыл соңында ақшаға қарық болады. Бірақ мақаланың сапасын арнайы комиссия бағаламайды және сапа мақалаға қойылған «лайк» санымен анықталмайды. Мұндағы көрсеткіш – мақала...

Қытай оқушылары оқулық орнына планшет пайдаланатын болады (Т.Т.Палташев дәрісінен)

Қытай үкіметі мынадай шешімге келіпті: Мектеп оқушыларына арнап бәленбай оқулық басып шығарғаннан гөрі, оларды планшетпен қамтамасыз ету қолайлырақ. Осыған орай Қытайдағы ең ірі фабрика мемлекеттік тапсырыс бойынша планшетті көптеп шығаруды қолға алып отыр.

Банк құпиясы (Т.Т. Палташев дәрісінен)

Факультетімізге Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (Фримонт қ., АҚШ) профессор Т.Т.Палташев «Кристаллдардағы жүйелер» курсынан дәріс оқуға келген болатын. Дәріс арасында тыңдаушылар зерікпеуі үшін тақырыптан ауытқып, өзге де қызық әңгімелер айтады. Соның бірі «банк құпиясы» туралы:

Пневматикалық микросхемалар

Адамзаттың іші пыса ма нақ, пневматикалық микросхемасы несі, түктібайымайдтың! — деп жеуіңіз мүмкін. Ендеше есік алдындағы үлкен бұтақты алып, қыдырып келе қойыңыз, ал біз оның неге қажет екенін шұлығымды жемей оқитын адамға жазамыз.

Тұрақты есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары

Тұрақты есте сақтау құрылғыларының (ТЕСҚ) интегралды микросхемалары тек оларға жазылған ақпаратты оқу режимінде ғана жұмыс істейді. Тұрақты есте сақтау құрылғыларынан ақпаратты оқу жылдамдығы әдетте жоғары, оны ЭЕМ процессорының жұмыс істеу

Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары

Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары ақпаратты жазу, сақтау және оқуға арналған және ақпаратты таңдауы еркін есте сақтау құрылғыларының тобына жатады. Олар үш түрге бөлінеді: өте жедел регистрлік, жедел динамикалық және жедел