Пневматикалық микросхемалар

Сонымен, соғыс технологиялары дамуы кезінде мынадай мәселе шыққан: тура Ақ Үйге, Обаманың нақ тасына көзделіп атылған баллистикалық зымыран ұшып келе жатыр делік. Басы-көтіне дейін атом бомбасымен жабдықталған. Соны қалай тоқтатуға болады? Тоқтатқанда — 100 пайыздық кепілдікпен тоқтату керек!
Пентагондық бұтақбастар мынадай амал ойлап тауыпТ, дачы. Очм, ұшып келе жатқан зымыранның жолына… атом бомбасы жарылады! Сол кезде зымыранның электроникасы шегіп, ішіп-құсып, бағыттан ауып кетеді, біржола адам болудан қалады.
Осындай Зымыранға Қарсы Қорғанысты бұзып шығуға пневматикалық логикалық микросхемалар жасалған. Электр тұяғыма да қажеті жоқ. Токтың орнына — ауа, транзистордың орнына — вентильдер. Мұндай «электрониканың» жолына атом бомбасын жармақ түгілі, Олимпте отырған он екі бұтақбасқа жалбарынып, құрбандық шалсаң да тоқтата алмайсың. Обаманы барагымен қосып Аид патшалығына жібереді. Яғни, 15А14 класындағы (NATO: «SATANA») зымыран келе жатыр десе, ауыл-аймақпен бақұлдасып, тіпті суфийлерше көміле беруіңе болады: жүз пайыз өлесің!
Вентиль деген термин электроникаға — сантехникадан барған ғой нақ, бұранда сияқты ашып-жауып тұратын болғасын!!!
Қырым дейсің бе?
Сенің электроникаға қызығушылығың да сантехникадан басталған сияқты))) иықтыбаймайд))
«NASA туалеттерінің түйткілдері»