Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?

«Шай ішсем көңілім жай» дейтін қазақпыз ғой. Үйде қыздармен қып-қызыл қылып шығарып алып, сүт қатып жіберіп сораптаймыз ғой, шіркін. Шәйнек қайта-қайта қайнатылады, шай үсті-үстіне үстемеленеді. Әңгіме легі таусылмайды. Осылай отырып литр-литр шай ішеміз. Пайдалы ма, зиян ба — ұрмайды. Ағзадағы тұзымыз шайылып кетіп жатқанында шаруамыз жоқ. «Шай ішпесем басым ауырады» деп қоясың ғой тағы. Білетініміз қара шай, ары кетсе көк шай. Басқа түрлерінен аздап хабарымыз бар — ара-тұра «ғыламұр» жерлерден ішеміз. Бірақ сорты мен түріне аса мән бермейді екенбіз. «Сусын» тақырыбының арқасында өзіміз жақсы көретін шай әлеміне саяхаттап қайттық.

Бұл жұпар иісі аңқыған саяхатта құрбым екеумізге «Чайкофский» брендінің Астанадағы территориялық директоры Константин гид болды. Аталмыш компанияда қызмет етіп келе жатқанына 5 жыл болған, шайдың гурманы десе болады.
PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
«Шайдың отаны – Қытай. Шай жасалатын бірден-бір өсімдік «камелияны» қытайлықтар 5-6 мың жыл бұрын байқаған. «Шай» сөзінің өзі қытайша «ча» иероглифінен шыққан».

Константин бізге қытай шайының категориялары туралы айтып берді. Негізі шай ферменттелуіне байланысты көк, қызыл болып бөлінеді екен. Ферменттелу – қысқаша айтқанда ауа мен ылғалдың әсерінен шайдың қышқылдануы немесе «ашуы».

Көк шай түрлері

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?Көк шай
Көк шай ферменттелмейді, немесе әлсіз ферменттеледі. Қытайларда көк шайдың мыңнан аса сорты бар. Оны әртүрлі жолмен термоөңдеуден өткізеді. Табаға жай қыздырылуы немесе қуырылуы да мүмкін. Өңделуіне байланысты түрлі дәмге ие болады. Құрғақ кездегі түсі жасыл, шығымы ашық жасыл. Иісінде шөптердің иісі басымдау, дәмі сәл тәттілеу. Нағыз сапалы көк шай ащы болмау керек.

Шығару әдісі:
Сүзгіге 2 шай қасық шай салып, ыдысқа батырыңыз. Үстіне 80 градустық қайнаған су құйыңыз. Шайды ыдыста 2-3 минуттан артық ұстамаңыз, шайдың дәмі ащыланып кетеді.

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Сары шай
Сары шай әлсіз термоөңдеуден өтеді. Қышқылдану деңгейі 3-12 пайыз. Бұрын сары шайдың кейбір сорттары тек император ауласы үшін өндіріліп, Қытайдан басқа мемлекеттерге шығаруға тыйым салынған екен. Құрғақ күйдегі түсі ашық сары. Шығымы ашық сары түс. Бір ішкенде 3-5 рет шығарып ішуге болады.

Шығару әдісі:
200 мл ыдысқа 95 градус қайнаған су құйыңыз. Үстіне екі шай қасық шай салып, жапырақтары су бетіне қалқып шыққанша күтіңіз.

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?Ақ шай
Ақ шайдың қышқылдану дәрежесі 12 пайызға дейін барады. Оны дайындау үшін әлі ашылмаған шай бүршігін немесе шай жапырақтарын жай ауада қақтайды және термоөңдеуден мүлде өткізбейді. Сондықтан барлық пайдалы қасиеттері сақталады. Құрғақ күйіндегі түсі ашық сары. Жапырақтар мүлде ширатылмайтындықтан шай түйіршіктері ірі және жеңіл болады және суда жақсы ашылады. Шығымының түсі сары-жасыл, тіпті көк шайдың түсінен де қоюырақ келеді. Бір шығарғанда сегіз ретке дейін шығарып ішуге болады.

Шығару әдісі:
Су температурасы 70-77 градустан аспауы керек. Ол үшін суды қайнатып, 5-8 минут күтіңіз. Ыдысқа 2 қасық шай салып, үстіне су құйыңыз. Алғашқы шығымын төгіп тастап, кейінгілерін ішесіз. Ақ шайға сүт, қант қоспаған жөн.

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Улун
Улун – жартылай ферменттелген көк шай. Оның үстіне күштірек термоөңдеуден өткізіледі. Сондықтан шайдың дәмі көк шайға да, қызыл шайға да ұқсайды. Құрғақ күйіндегі түсі қою жасыл немесе қою көк. Шығымының орта жағы ашық жасыл, ал ыдысқа жақын жиегі ашық қызыл болып келеді.

Шығару әдісі:
Ыдысқа көлемінің 5 пайызын алатындай етіп шай салыңыз. Үстіне 100 градус қайнаған су құйыңыз. Бетіндегі көбігін алып тастаңыз. Ыдыстың бетін жауып, оны ыстық су құйылған үлкендеу ыдысқа бірнеше рет батырып алыңыз.

Қызыл (қара) шайдың түрлері

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?Қызыл шай
Қытайда қара шай деген ұғым жоқ. Біз ішіп жүрген қара шай оларда қызыл шай деп аталады.
Қызыл шай толықтай ферменттелген шайға жатады, сондықтан қышқылдану дәрежесі көк шайдан жоғарырақ. Құрғақ күйдегі түсі қою қоңыр, қараға жақын. Шығымының түсі қою қызыл. Жұпарында гүл мен балдың исі басым келеді.
Шығару әдісі:
200 мл ыдысқа 1 шай қасық шай салыңыз. Үстіне 80-100 градус қайнаған су құйып, бірден төгіп тастаңыз. Сосын тағы су құйып 1-2 минут күтіңіз.

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Пуэр
Пуэр – қытайдың ең қою шайы. Ол кәрі ағаштардың жапырақтарынан дайындалады. Жиналған шай жапырақтары ыдысқа салынып арнайы ашытқы (айран, сусындар) қосылады. Нығыздалып дайын болған соң бамбук немес күріш қағазының арасында сақталады. Бұл шайдың ерекшелігі — термооөңдеуден өткізілмейді. Пуэр – гастриті барларға ішуге болатын бірден-бір шай. Оның үстіне құрамында кофеин жоқ, соған қарамастан адамға сергектік сыйлайды. Пуэрді 15 рет шығарып ішуге болады, әр шығарған сайын иісі мен дәмі күшейе түседі. Құрғақ күйдегі түсі қараға жақын, шығымы қою қызыл. Пуэр шайы шарап секілді, сақталу уақыты ұзарған сайын қымбаттай береді. 15-20 жылдап сақталатын түрлері бар.

Шығару әдісі:
Шайдың шетінен баппен кесіп алыңыз. 3-5 грамм шайды 200 мл ыдысқа салып үстіне қатты қайнап тұрған су құйыңыз. 10-15 секунд ішінде жапырақтары ашыла бастау керек, сол кезде суын төгіп тастап, үстіне тағы құйыңыз. 30 секундтан соң сүзіп кеселерге құйыңыз.

Сұхбат соңында Константин бізге шайдың үш түрінен салып берді.
PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Міне сыйлық! Болмашы нәрсе болса да көңілге қуаныш ұялатады.

Үйге келе салып дәмін татуға асықтық. Ол үшін «Шай гүлдері» көк шайын таңдадық.
PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Ыдысқа мына бір түйір домалақты салып, үстіне температурасын 80 градусқа жобалатып су құйдық.

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Вуаля!

PhD мемуарлары: Шайға шолу немесе Кеулімжайдың көңілі қалай жайланды?
Гүлайдын құрбым бәрімізге баптап құйып берді. Шай біразға дейін кесіле қойған жоқ.

Иәә, қарап тұрсаңыз шайлардың бағасы арзан емес. Дегенмен «шығымы жақсы шайды аз-аздан алып ішіп тұруға болады» деген қорытындыға келдім. Оның үстіне шайды шамадан көп ішу зиян
Бөлісу:

38 пікір

zholantai
көк шайлары қымбат екен өзі
Ispek92
Қыз жайлы ештеңе демеймісің))
zholantai
қолындағы шәйнегі болғым кеп отырм
AKY
охх, Дөң Жуанн, охх, Темірғали
Ispek92
Көк шайды біздің бабаларымыз жалпы ішті ме екен? Өз басым көк шайды ұнатпаймын, қара шайға жетпейді ғой))
MickThatsMyNick
Қарақалпақ елінен көшіп келген бұрынғы әріптесімнің үйіне қонаққа барғанда көк шай мен палау ұсынған. Базар йоқ!
ken
негізі палаудан соң көк шай іші керек қой.
солтүстікте шайды удай қып-қызыл етіп демдейді. оған сүт қатады, қант салады. әйтпесе құр өзін іше алмайсың. ащы. палаудың артынан осындай шай ішіп отырады… қысқасы, ботқа.)))
Gastarbaiter
Мына шай кімнің есінде?

Советский чай
AKY
Таныс қорап :0
Zhan
менің де есімде
sammita
есімізде. Өйткені мода бар еді ғой сервантқа босаған шәй қораптарын тізіп жинайтын))))))
Anar70
менің есімде, сервантқа кілтке салып тастайтын)
satibaldi
Сенің есіңде ештеңе болуы мүмкін емес, өтірікті соқпай отыр.
Zhan
Гүлайдын құрбым бәрімізге баптап құйып берді. Шай біразға дейін кесіле қойған жоқ.
«кесіле» деген сөзге түсінбедім. сонымен, шайдың дәмі қандай екен, соны айтсайшы…
AKY
Үстіне су құйған сайын шайдың ағарып, дәмі азая бастауы — шайдың кесілуі. Хихи.
sammita
кайфтың кесілуі деш)
aikarakoz
Шәй ішіп кетсем қайтеді
Сен ұсынған кеседен?
AKY
Әлі андай гүлдің екеуі бар )))
neoaskar
мына қыздың қолынан шай ішу керек екен.,
айтпақшы, ішемін десеңдер, шәй қатарына жатқызуға болып, болмайтынын білмеймін, жантақтың гүлін ішсеңдер жынды кетеді, демдеу әдірі қарапайым, жантақ гүлін жинап аласыз да, оны бір қасығын салып, үстіне 82 градус ыстық су құясыз, 2-3 минут кесені сүртіңіз де, іше беріңіз.
sammita
күзде Тараздан жантақ балын алдым, емдік қасиеті күшті деген соң дәмін көрмекке.
sammita
менің де көңілімді жәйлашы шәймееен
AKY
Бір сөзің ғо, әпшешка
Arys_arlany
шәй ішпесем басым ауырад, афтырмен бір пелайлас болатын екен)))))
AKY
Проблем жоқ қо
Arys_arlany
кім біліп қойып, таяқ жеп қалмайық
Anar70
ақ шәй ішіңдер.
Arys_arlany
Сүт қосылған қызыл күрең шәй іщемммммміз
satibaldi
Зікіршілердің тапсырмасымен жазылған.
Arys_arlany
осы Сатеке, зікіршілер демекші, блогтайм деген сайтты зікіршілер мекендеп алған сияқты, бомбардировка жасау керек ау
satibaldi
Ол не сайт еді, ханафи мен ханбалидің арасында жаны қыдырған сіңлім?
Arys_arlany
www.blogtime.kz айтамын
satibaldi
Сонда бұл құсық сілтеме бойынша өтсем, исламетке жат бейшариғы жазбаларға тап болам ба?
Armanjan
Шәй құйғыш қыз осы ауылда бармеді?
Erkekyz
Біздің папа 40 жылдан бері тек көк шәй ішіп келеді. Өткенде ағам оған Қытайдан көк шәй алып келген. Түрі анау сен жазған сары шәй мен ақ шәйға келеді. Аахаха, дұрыс демдемейді екенбіз ғой. Өте ащы боп кете береді деп папа ішпей қойып еді))). Дұрыс демдемейді екенбіз ғо, вот ауыл))))))).
AKY
әхәххә, енді жөндеп демдеп ішіп көріңдер ))))