Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары

Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары ақпаратты жазу, сақтау және оқуға арналған және ақпаратты таңдауы еркін есте сақтау құрылғыларының тобына жатады. Олар үш түрге бөлінеді: өте жедел регистрлік, жедел динамикалық және жедел статикалық.

Жоғары тез әрекет етушілікті қамтамасыз ету үшін есептеуіш жүйеге өте жедел ЕСҚ (ӨЖЕСҚ) қосады, оның тез әрекет етушілігі процессордың тез әрекет етушілігіне тең немесе одан артық. Мұндай ӨЖЕСҚ-да ақпарат D- немесе JK-триггерлерден қалыптасқан регистрлерде сақталады. Мұндай регистрлік ӨЖЕСҚ-ның құрылымдық схемасы суретте келтірілген. Схема n разрядты параллелді М регистрлерді (Prj) қамтиды. Олардың әрқайсысына адрес дешифраторына (АДш) келіп түскен адрес бойынша жүгінуге болады. Адрес коды процессордың арқылы «Модификация» сигналының көмегімен өзгертіле алады. Жұмыс режимі «Режим» кірісіне келіп түскен кернеу деңгейімен анықталады. Тактілік импульс (ТИ) кірістегі ақпараттың таңдалған регистрге жазылуын немесе шығыс регистрі (Рг Шығ) арқылы ақпараттың оқылуын қамтамасыз етеді.

Динамикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары өзінің күйін тек белгілі бір уақыт аралығында сақтайтын, сондықтан периодтық қалпына келтіріуді немесе регенерацияны талап ететін есте сақтау элементінің негізінде құрылады. Динамикалық ЖЕСҚ-ның есте сақтау элементі ретінде конденсатор қызмет етеді. Онда ақпарат зарядтың болуы немесе болмауы түрінде сақталады. Кеміп қалу нәтижесінде конденсатордағы заряд бірте-бірте азаяды. Зарядты қалпына келтіру үшін конденсаторды әлсін-әлсін қорек көзіне қосады.

Динамикалық ЖЕСҚ-дағы есте сақтаушы ұяшық бір транзистор немесе конденсатордан жасалады, нәтижесінде мұндай ұяшық алатын аудан салыстымалы аз, ол динамикалық ЖЕСҚ микросхемасының кристалына милионнан астам есте сақтаушы ұяшықтарды «буып-түюге» мүмкіндік береді. Динамикалық ЖЕСҚ кемшілігі ақпаратты регенрециялау схемасын қосу қажеттілігі болып табылады, бірақ бұл кемшілік ЖЕСҚ басқа типтеріне қарағанда ақпарат сыйымдылығының үлкендігімен өтеледі.

Статикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары 4-8 транзисторлар негізінде құрылған триггерлік есте сақтау ұяшықтарының негізінде жасалады. Статикалық ЖЕСҚ артықшылығы жоғары тез әрекетушілік, қосымша ақпаратты регенерациялау схемаларын енгізу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады. Статикалық ЖЕСҚ кемшілігі жүгіну режимінде де, ақпаратты сақтау режимінде де үнемі қорек көзінен ток тұтынуы болып табылады.

Аударма Ә.К.Бөрібаева
Бөлісу:

38 пікір

konvict
Шынымды айтсам түк түсінбедім. Бірақ тілі жатық аударылыпты. Керемет
Gastarbaiter
Шынымды айтсам, түк мін таппадым, бірақ сонда да шопақ жегізіп наққа жібергім кеп тұр © Бір қыздың жігітті отшивать еткендегі ойлары.)))
Gastarbaiter
Мемуар жазуға әлі ерте емес пе, Әйгерім?
AKY
«Мемуар» деген сөзге қатты акцент жасап отырғам жоқ. «Жазбалары» дей салуға да болатын еді, өзі бірақ осылай қаладым. Стимул.
satibaldi
AKY
бұл да жәмән емес
satibaldi
Жаман емесі несі, мықты. Тек сурет сапасы 1980 жылы Аидке жүріп кеткен бұтақбас-ғалымнан тігіп кеткеніңді білдіріп қоятыны болмаса
Соңғы түзету:
AKY
Шахнов В.А. «Микропроцессоры и микропроцессорные комплекты интегральных схем» кітабы болатын. Осы суреттерге негіздеп қандай флеш-анимация жасағанымды көрсетпей ақ қояйын
Соңғы түзету:
satibaldi
Типінақ, тоқ су сияқты ағып жүре ме, креатмоушынтуиніңдісс?
AKY
Неге олай ренжітесің, мынадай мультик креативтер де болған
satibaldi
Үшеуі де — қыз, аха?
AKY
қайдағы қыз, анау түйілген шаш деп тұрсың ба? просто бастары да денелері және басқа мүшелері сияқты 3D фигура түрінде жасалған а так жыныстары белгісіз.
satibaldi
Сенің 3D жасай алмағаныңды жасыру үшін бір қырындап жүретін болды ма?
satibaldi
Шедевр, AKY , рахмет саған бүгінгі күн үшін!
satibaldi
Туиттеріме фон қылвалдым
satibaldi
Анау жасыл түймені білем, Samples папкісінде 6 версиядан бері жүр
AKY
ол түйме емес, доп
мә, рахатыңа пайдалан:




 студенттік шағымның қуындылары тарихтан өз орнын алсын
satibaldi
 Сипқойдым білә
AKY
анадай әдемі кристалл жасап көргемеген боларсың сен! Жалпы ешқандай самплс дайын түйме пайдаланған емеспін, бәрі өз қолыммен сызылған.
satibaldi
Теплоход, ббуах-ха-ха-ха-ха, кетЧ 
AKY
түтінін будақтатып жүзгенін көре алмайтының өкінішті
satibaldi
Соны елестетіп қой шаптырып жатқаным
satibaldi
анадай әдемі кристалл жасап көргемеген боларсың сен!
Мен неге проц айсбергке мінівалған деп отырсам
AKY
анықтаманы оқысай үстіндегі  
satibaldi
Жазба енді смерть нақ Қазақшасы кей жерлерде көрсетпей қала бергесін не істедің, айтшы?
AKY
әр-әр жерде көрсетіп позор болд дейсің бе, дипломдық жұмысты бір ақ рет қорғайд
satibaldi
анықтаманы оқысай үстіндегі
kariim мен жарастыңдар-ау дейм ә
AKY
базар жоқ, ұнады, жақсы адам екен)
satibaldi
Жақсы жігіт негізі, тек сыра ішпейтіні болмаса
satibaldi
Айтпақшы, анау шынымен күн бе, әлде функционалдық қызметі бар түйме ме ол да?
AKY
ол айналып тұратын күн!