Жарияланымдар

HaLiL
Аршат,
мына патч Win7/64-битныйға қойылмай жатыр ғой.
HaLiL
иә, дәл осы гол, тауыпсың ғой.:-)) Почти ширек ғасыр өтсе де есте қалыпты, сол кезде жүрек тоқтап қала жаздап, настроение носкиге түскен болатын… :-(((
HaLiL
1988 жылғы Европа чемпионатының финалында Голланддық Ван-Бастеннің СССР-ға соққан голын тұп-тура қайталапты. Бірақ онда Ван-Бастен штрафнойдан емес, шабуыл жасап келіп дәл осы оң жақ позициядан Дасаевтың қақпасына дәл осындай әдемі гол соққан…
HaLiL
осы пакет дегенде есіме түседі: 1980-1981 жылдары Wrangler, Rifle деген джинсилардың суреті салынған пакеттер Алматыда алғаш сатыла бастады. Сондай пакет ұстау — модаға айналған. Джинсидың суреті бар, немесе әдемі қыздардың суреті бар пакеттер — 10 сом, ал жәй табиғаттың суреті, т.с.с пакеттер — 3 сом болатын. Очередте тұрып, таласып алатынбыз. Пакеттің суретіне қарап, ұстаушының деңгейі, «крутойлығы» білінетін. :-) Кейдке армиядан қайтқан дембельдер подарка ретінде әкеліп берсе, қуанышың қойныңа сыймайтын… Қазір көшеде жатқан сол пакеттерді көрсем, сол студенттік кез есіме түсіп, езуіме күлкі үйіріледі… ;-)))
HaLiL
;-) Сабыр түбі — сары алтын. Баж-балам салмай, ақырын күтейік, Вордпрестің проблемасы — техникалық ақаулар болуы да мүмкін. Асхат Вордпреске сауал жіберген секілді, ол жақтың да жауабын күтейік.
Ал гуглдің кеткені түсінікті. Министрліктің ойланбай істеген шараларының нәтижесі соған әкелді. Қазір МСИ тығырықтан қалай шығарын білмей әлек.:-)
HaLiL
Қазақтелекомнан сұрастырдым. Олар ешқандай доменді жапқан жоқпыз дейді.

Егер де басқа провайдерлерде ашылып, тек Қазақтелекомда ашылмаса, 8-800-080-1010 телефонына (звонок тегін), немесе мегалайнерлер 160, 165 номерлеріне звондап заявка қалдырғандарың дұрыс болар.
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 12:00
HaLiL
Аршат,
baq.kz-ті қаншаға жасап едің? Мұрат Әбенов ағаң оған биыл 12 млн. бөлініпті, былтырғы бюджетпен салыстырғанда порталдарға өте аз ақша бөлініпті деп жатыр бүгін Мәжілісте…
HaLiL
Аршат,
туған күнің құтты болсын. Қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасында бақыт, жұмыста мол табыс тілеймін. Бүгінгі 30 жасың, пайғамбарымыздың(САС) туған күніне сәйкес келіпті. Пайғамбарымыздың шапағаты тисін. Әрқашанда қатарыңның алды болғайсың.
HaLiL
Жаңа қоныс құтты болсын. Жасына жас, басына бас қосыла берсін. Қазнеттің алдыңғы қатарлы блогплатформасына айналсын.
HaLiL
соның жеке қоймайтын жолын Ізгілік біледі, inust.kz сайтын солай жасаған. Бімеймін, бірақ вордпреске келе ме келмей ме?
HaLiL
elrayi.kz сайтында транскрипция бар, бірақ соны вордпреске қоя алмай қойдым, php-ді жақсы білмегендіктен. Соны білсе, осы Ізгілік біледі-ау деймін. Бірақ ол сайтта төте жазуға аударғанда қателер бар, кейбір ортада тұратын арап әріптерінің орнында жеке тұратын әріптер қойылып кеткен.
HaLiL
Қазір оқушылар арасында суицид көбейіп тұрған кезде, осындай материалдардың Қазнетте жүруіне тиым салу керек!!! Мұндай материалдарды — вирусты жарнама дейді.
Жасөспірімдер тура «промакашка- сорғыш қағаз» ғой, қалай әкеліп көрсетсең, солай тез сіңіріп алады.
Ал мына видеоны сол күйінде қалдырып, музыкасы мен жазуларын өзгертіп, өмірге құштар жандарға, махаббатқа арналған деп комментарий берсең, қабылдау түрі 180 градусқа өзгереді. Видеоны жақсы қабылдайды.
Қазнетке позитивті, жақсы материалдар салғандарың келешек ұрпақ алдында маңызды деп ойлаймын. Кешегі Дабайликстің басқосуында осындай әңгіменің шеті шықты-ау деймін, әлде Асхат құрастырған кітапшадан оқып қалдым ба?!
HaLiL
мынауың жақсы плагин екен. Енді арабшасы(төте жазу) болса, қатып кетер еді
HaLiL
Аршат, баспанаң құтты болсын. Іші қуаныш пен күлкіге толсын.
HaLiL
шындығында Азиядаға 1 млрд емес, 2 млрд-тай ақша кетіпті. 1млрд доллар алғашқы бөлінген ақша, кейін 2010 жылдың бюджетіне тағы 900 миллиондай қосылыпты.
HaLiL
Асхат, Астананың аңыраған аязы мен Азиядасын аяқтатып, жаймашуақ күнін ала келіпсің.;-) Кош келіпсің Астанаға.
Аллах бұйыртса, кеште кездесіп қалармыз.
HaLiL
Аумин,
лақап атың қисық болса да, жолың түзу болсын. Ақ жол!
HaLiL
Дінмұхаммед,
кекетіп, іліп-шалу деген ойдан құдай сақтасын. Мін тағып отыр деп ойлама! Егер де сенің есімің Дінмұхаммед болмағанда, онда сенің туиеттердегі лақап атың мен аватарыңда менің шаруам жоқ еді. Есіміңді білгеннен кейін аватарың түрпі көрінеді екен. Бүкіл қазақ пір тұтатын қасиетті есімді мазақтағандай ерсі көрінетін аватар екен, таңдаған аватарың…
Ондай екі ойлы мағына беретін нәрсенің дұрыс не бұрыс екенін аңғара алмасаң, ондай нәрседен аулақ болғаның абзал деген хадис барын білетін шығарсың.
Ал сенің сол азан шақырып қойған есіміңе лайық болғаныңды қалаймын, және сондай болуыңа тілектеспін де!