Керекинфоның құны
Жабығынан гөрі, ашығын айту керек — осындағы басым көп сайтқа жан-тәнімен телміріп отырады. Бәлкім, соншалықты қатты берілушілік жоқ та болар. Әңгіме өзегі өзгеде.
Мәселен, керекинфоға сегіз сағаттық жұмыс уақытыңыздың бір сағаты кетеді делік. Аптасына бес, айына жиырма-отыз сағатқа барып жығылып жатады. Кейде жығылмай, қисапсыз адам-сағатты түзеп жатады.
Күндік еңбекақыңыздың өтемі сегіз мың теңге делік. Сағатыңыз мың теңге. Бұдан белгілі болатыны, жоғарыдағы формулаға сай, керекиноның айлық құны (жұмысберушіңіз өтейтін) — жиырма-отыз мың төңірегінде (бір сағаттық жұмысыңыздың құны мың теңгені құрайтын болса). Жылдық құны, тиісінше, 240 000 — 360 000 теңге төңірегінде болады екен.
Есі дұрыс, жөні түзу орта болса, жақсы-жайсанмен пікір алмасып, ой қорыту жақсысына жақсы ғой. Тіпті, кезінде керекоманияны дерт, дағы емес, диагноз дегенім бар еді. Сол сөз бүгін де өміршеңдігін, өзектілігін жоймаған сияқты. Күніге осында кеп, өзім үшін қызықты, құнды ақпарат алып кететінімді білем. Керекинфо сонысымен қымбат, мысалы, мен үшін.
Жеке сүрсең өмірді етесің у
Оданда «Керекке» кір инетті ашып
Ойлы адамдар ортасы өте сұлу
«Керекинфо» — әр нені төте білу!
«Керекинфо» — жазыңды жадыратып,
«Керекинфо» — қысыңды көктем қылу!
«Керекинфо»-сұраққа жауап алар
«Керекинфо»-сыйлайды жылылықты
Өміріңде құлшыныс пайда болар
Бұл сенің шыңың ба еді, жұғымың ба?!
Бір білерім аялы «Керекинфо» —
№ 1 көбісінің ұғымында.
Бірақ қазіргі қызығушылық дәл ондай емес.
46 700 х 8 = 373 600 еуро (еңбегіңнің бір күнге шаққандағы құны)
373 600 х 31 = 11 581 600 еуро (бұл енді таза бір айлық еңбекақың, құрметті Патик Абрамұлы) :)
Не ғой, Омеке… ;) Патик Гейтсті пацан деп білуші едім, өз басым.
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
осында кіргендерің үшін мен ақша алатын болсам ғой а?
қазір сендерге Эфес сырасынан ұрттап қойып, Мальдив аралдарындағы вилламда отырып, жазып отырар едім :)
Бөлу үшін…
baq.kz-ті қаншаға жасап едің? Мұрат Әбенов ағаң оған биыл 12 млн. бөлініпті, былтырғы бюджетпен салыстырғанда порталдарға өте аз ақша бөлініпті деп жатыр бүгін Мәжілісте…
Байқаған болсаңыз, мен келтірген шамалар мысал негізіндегі мөлшерлер еді :)
Жынды деп Патик Мердоктыкін айтуға келетін шығар осы :)