Қандай лақап ат таңдасам екен?
Қазіргі интернет кеңістігінде Лақап атпен жүру, өзінің қолтаңбасын қалдырғандай белгі беретін секілді. Кейінгі кездері өзіме де бір ат таңдағым келеді, бірақ онымнан түк шықпады.
Мысалы:
Аршат «Asau Bota» Оразов
Асхат «urimtal» Еркімбай
Садық "Қара Сақал" Шерімбек т.б.
Сіз қандай, қалай лақап ат таңдауға кеңес бересіз!
Мысалы:
Аршат «Asau Bota» Оразов
Асхат «urimtal» Еркімбай
Садық "Қара Сақал" Шерімбек т.б.
Сіз қандай, қалай лақап ат таңдауға кеңес бересіз!
бұрын қолданған никтерім:
AquARiuS
FeelOsoFF
Sebastian Perez
бірақ бәрі инетке алғашқы келгендегі нигіммен атайд :)
Шатақ деген де нигім болған )))
Кеменің атын қалай қойсаң, солай жүзеді- деген мақал бар ғой, сондықтан лақап ат, аватар қойғанда да ойланған жөн.
Айтайын дегенім, осында Қисық деген бала бар, өзінің таңдаған лақап аты болар. Азан шақырып әкесінің қойған аты Діммұхаммед көрінеді. Қандай тамаша есім! Сол бар болғыр бала Туиттерде өзіне бір «күшті» аватар таңдапты, сол аватарға қарап осы балаға Көтібар деген есім лайық па деп қалдым.
Қисық бала, ойлан, Дінмұхаммед деген қасиетті есімге лайық бола білу керек!!!
Айтқан ақылыңызға Алла разы болсын.
Туиттердегі сурет — жол ашып тұрған қазақтың баласы, оның үстіне кішкентай бала, сондықтан өзім еш әбестік көріп тұрған жоқпын. Ал енді менің, өзіңіз айтқан, тамаша есімім Дінмұхамедтің орнына «Көтібар» деген ат лайық па деп қалғаныңыз Сіздің тарапыңыздан мені іліп-шала кету, кекету болды ма? Көтібар бабамыздың аруағынан айналайын, алайда пікіріңіздің соңғы сөйлемі секілді, не болса да тура айтқаныңыз жөн болар, әйтеуір, өзім соны қалаймын.
Қисық деген сөзді әркім әрқалай түсінеді, мен лақап атымды басқалармен бірдей емес, ерекше деген мағынада алдым, қисық-қыңырайған деген түсінікте емес.
Ал менің Дінмұхамед дейтін есімге лайық әлде лайық емес екенімді. танысып-білісіп жатсақ, бағаларсыз. Қандай адам екеніме бір сурет пен бір лақап аттан қорытынды жасай салған жоқ шығарсыз.
кекетіп, іліп-шалу деген ойдан құдай сақтасын. Мін тағып отыр деп ойлама! Егер де сенің есімің Дінмұхаммед болмағанда, онда сенің туиеттердегі лақап атың мен аватарыңда менің шаруам жоқ еді. Есіміңді білгеннен кейін аватарың түрпі көрінеді екен. Бүкіл қазақ пір тұтатын қасиетті есімді мазақтағандай ерсі көрінетін аватар екен, таңдаған аватарың…
Ондай екі ойлы мағына беретін нәрсенің дұрыс не бұрыс екенін аңғара алмасаң, ондай нәрседен аулақ болғаның абзал деген хадис барын білетін шығарсың.
Ал сенің сол азан шақырып қойған есіміңе лайық болғаныңды қалаймын, және сондай болуыңа тілектеспін де!
Желтоқсан оқиғасына қатысып, қуғында жүріп қойған әкемнің аты еді, сондықтан бұл аттың қадірін басқалармен тең түсінбесем, кем түсінбеймін, оған шүбәңіз болмасын.
Әрине, мұндай есімді алып жүрудің үлкен жауапкершілік екенін білемін, жаңағы суретті қойғанда, ерігіп, қылжақтап емес, өзім ұнатқан соң, жас сәбидің жол ашып тұрғанынан еш әбестік, мазақ көрмеген соң қойдым. Ойым анық, ісім өзіме түсінікті, жеке басымда екіойлылық жоқ. Екі бірдей ардақты есімді мазаққа ұшыратып, онсыз да көп күнәмді ауырлатайын дегенім жоқ. Аватардың орнында шын мәнінде көзге түрпі, көңілге шұқыр сурет тұрса құба-құп. Жас баланың суретінен мазақтағандық көрмесеңіздер деп тілеймін.
Көтібар деген есім лайық па деп қалдым дегеніңізді кекету деп дұрыс түсінбеген шығармын, айып етпеңіз. Ал ұсынысыңыз бен тілегіңізге, сөзіңізге рахмет, Құдай берекесін берсін.
лақап атың қисық болса да, жолың түзу болсын. Ақ жол!
кейде баскаша никпен тіркелейін десем, бір турлі сиякты болып турад,
осыган уйреніп калыппын:)
былай шамалап отырмын кім болуы мүмкін екенін. біреуін Сатыбалды деп ойлап, кетнағын қабылдап, кешірім сұрауға мәжбүр болдым.
Осылай жамағат таңдап берді дегенше.
Енді бір сайтта «Періште» болғам, одан бір қатын өзінше мұқатпақ болып, «ЛедиП» деп атап, ол маған ұнап қалып, бір банға кеткенімде «ЛедиП» болып қайта тіркелдім. Қазір сол сайттағы біраз адаммен әріптес болып жүрмін, сол никпен естерінде қалыппын.