Анашым, туған күніңмен!

Бүгін анамның туылған күні! Анамды ең бірінші болып құттықтайын деп едім, үлгере алмай қалдым, бірінші боп Астанадан құрбысы қоңырау шалып құттықтап үлгерді. Мен екінші болдым. Аллам әлі талай рет бірінші болып құттықтауды жазсын. :)

Асыл анашым, мені тоғыз ай көтеріп, өмір сыйлағаңына, мәпелеп, қорғаштап өсіргеніңе шексіз алғысымды білдіргім келеді. Асқар таудай әкеммен бірге біздің (ұл-келіндеріңіздің, қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің) қызығын көріп, дендеріңіз сау болып жүре беріңіздер!
Менің сіздей анам барын мақтан тұтам және болашақта сіздей мейірімді, үлгілі ана болуға тырысамын! -деп ертең отырыста айтпақпын иншалла!

Аналарымыз аман болсын! :)
Әрі қарай

Digital бармақ!

Мына жігіттің есімі — Пранав Мистри. Бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде digital әлемді саусақтың ұшына сидырды. Төмендегі ағылшын тіліндегі видеода осы жаңалықты ашуға компьютердің қарапайым тінтуірі себеп болғанын баяндайды.

Әрі қарай

Онлайн медиа жасай ғой...

Розатайдың блогынан алынған сурет
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.

Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.

Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Әрі қарай

Рояль

Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.
Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Әрі қарай

Болады, болмайды, ұнайды ... (23 – ақпан)

ЕРЛЕР МЕРЕКЕСІМЕН барша ата, әке, ағаларымызды шын жүректен құттықтаймын.
Жеке өз ойларым.

Қандай сыйлықтарды алуға (сыйлауға) болады:
1. Флэшка (USB ) {< 4 GB} :)
2. HTC Desire HD (2-3 жылға арналған сыйлық)
3. Кітап (жиі кездесетін, қызықты)
4. Сүйікті фильмдер
5. Романтикалық кеш
6. Ақшалай, өйткені 12 күннен кейін екі есе қайтарасың
7. Футболға билет н/е футбол көруге мүмкіндік берсе ;)

Жағымсыз сыйлықтар:
1. Салпыншақ(Брелок)
2. ГАЛСТУК
3. Фляжка
4. Әтір-су
5. Белдік
6. Киім
7. Суретке арналған рамка.

Не сыйладыңыз? Сыйлар едіңіз?
Әрі қарай

Керекинфоның құны



Жабығынан гөрі, ашығын айту керек — осындағы басым көп сайтқа жан-тәнімен телміріп отырады. Бәлкім, соншалықты қатты берілушілік жоқ та болар. Әңгіме өзегі өзгеде.

Мәселен, керекинфоға сегіз сағаттық жұмыс уақытыңыздың бір сағаты кетеді делік. Аптасына бес, айына
Әрі қарай

Жиі Сұралатын Сұрақтар жиналуда (FAQ - ЖСС)



Көптен қолым тимей жүрген еді, сайтқа FAQ жасау керек деп. Бүгін бастап көріп жатырмын. Бір қарап шығып, сол жерге қосатын тағы қандай сұрақтар бар екен, соларды осында жазсаңыз екен.

www.kerekinfo.kz/page/faq/
Әрі қарай

Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Әрі қарай

Орын беру

Әбіләкімнің  ауылы: Орын беру
Қоғамдық көлікке мінбейтін қазақ кемде-кем. Әдетте автобустың алдыңғы жағы қатын-қалаш, кемпір -шалдардікі, артқы жағы жастардікі. Таңғы уақытта студенттер оқуға, басқалар жұмысқа бара жатады.Кемпір-шалдарға не жоқ! Бұлар қайда бара жатады екен? Бұларда жұмысқа бара жатады. кей жас орын береді, кейбірі бере қоймайды. Өз кезегінде бұлар жастарға орын беріп жатыр ма? Қаншама жастар дипломын сарғайтып жұмыссыз жүр. Бұрыннан отырып алған бөлімдерінен не кетпейді не жұмысты жарытып істемейді. Компьютерден еш хабарлары жоқ. Бірак алдарында тур. Жастарды сөгуге құмар көбінің.Мемлекеттің бюджетін үнемдеудің жолын қарастырып жүргендер қайда қарайды екен. Зейнет жасына келіп қызметін сақтап қалған зейнеткерлер зейнетақысын, сыйақысын, жалақысын алып жатыр. Осының бәрі ақшаны бос шашу секілді болып көрінеді. Жұмыс істегісі келе ме, кетсін жеке фирмаларға басқа жерлерге.Бюджеттік салада жүріп не керек. Түсінем, тәжірибесі бар, ақыл айта алатын, жол көрсететін бір-екеуін қалдыруға болады.Бірақ топырлатып қалдыра берудің пайдасы бар ма елімізге.
Әрі қарай