Ұрылардың тыныс-тіршілігіне шолу жасадық па?

Мақаласы ұрланып, салы суға кеткен адамдарға ұқсап қалыптық. СОттан әлі хабар жоқ. Ол тұрмақ, сотқа қатысады деген сенімді өкілдердің де істері қарын аштырады. Біреуінен әлі күнге дейін хабар жоқ.

Астанадан Аршат бастап, «Инфо-ЦЕС» газеті қоштап, Шымкенттен мен сенген өкіл барып, Қызылордадан Гастарбайтер шығып, Алматыдан Зере шығып, «Жеті серікті» жыртып тастай ма деп ойлап едім. Бірақ әзірше бәрі тым-тырыс сияқты. «Томирис — Сақ қызы» блогының иесімен байланыста жүрген пенде бар ма?

Өткендегі ұры газеттердің соңғы сандарына шолу жасап, бақылап жүргендер бар ма?
Әрі қарай

.қаз домені: "Ескіліктен жаңалық"

Қай күні ".каз" домен кімге керек деп жатыр едіңіздер. Енді, міне, ".қаз" доменін тіркеуге ICANN рұқсат беріпті. Ол турасында ҚИА вице-президенті Ш.Сабиров Twitter-де жазды.

Бүгінгі күннің ескіліктен болған жаңалығы осы. Қоғам латын қарпіне көшеміз не көшпейміз деп даурығып жатқанда ".қаз" домені кімге керек болды екен деген сұрақ туады. Өзім ол доменді пайдалбаймын, ең мағынасыз ашылған домен. Осындайда «Ресейліктер білгенін істейді, қазақстандықтар көргенін істейді» деген тіркес ауызға түседі.
Әрі қарай

"Матрица" бағдарламасы: Авторлық құқық туралы

«Матрица» бағдарламасының өткендегі «Авторлық құқық туралы» дауға байланысты "Әйел дансаулығы" ұры газетін сотқа бергенімізді түсіріп еді. соны Youtube-те жариялапты.


«Сағынның жазғандары да ресейлік сайттардан алынған мақала. Сағын авторы емес» деген мағынадағы сөздерді Фатима Жүнісова ма айтқан? Ұқпай қалдым  «Толықтай аударма» дегендері қиын екен негізі. Орыстардан мақала ұрлап не көрініпті. Тақырыбы бір болса, орыс сайттарынын алынған деуге болмайды. Ондай мақалалар ағылшын тіліндегі мыңдаған сайтта бар.
Әрі қарай

Асар жасап программа жасау)))

Қадірлі достар, Сіздердің бір көмектеріңіз керек болып тұр. Мәселе — орфографиялық қателерді түзетуге байланысты. Очм, қазақ тіліндегі әріптердің үйлесім заңдылығы керек. Мысалы, ешқашан «кұ» деген буын болмайды деген сиякты.
Өзім 150-ге жуық осындай мүмкін емес жұптарды «таптым». Бірақ әлі мардымсыз болып тұр.
Сонымен, мүмкін емес буындар:
— кұ, -қыгы, -фұ, -вұ, -өм, -жыгы, -гұ, -щұ, -щә…
Осы постқа пікір етінде жазғандарды программаны жасағандардың қатарына аты-жөнін қосып қоямын алғыс бөліміне)))
Әрі қарай

Сдаю квартиру девушкам...

Бұл оқиға баяғыда болған. Әскерден келгенімізге жыл толмаған уақыт. Қаладан жұмыс тапқанымыз қалада, даладан жұмыс тапқанымыз далада жүрген кез. Сондай күндердің бірінде бңрге оқыған біразымыздың басымыз қосылып қалды. Қызып алған жігіттердің қыз іздейтін әдеті бар ғой. "Қазір көшеге шығам, қызсыз келмейм" деп кетті бір қу бізге көнбестен. Шамалыдан соң қолында жарты парағы(бір жарты арағы және бар) бар, ыржиып келіп тұр. "Қыз таптым" дейді,«Тек, біреуің менімен еріп барыңдар» деп қояды. Сөйтсек, «сдаю квартиру девушкам» деген сынды жарнаманы жыртып алып, пәтерде тұратын қыздардың жарнамасы екен деп қалыпты.
Әрі қарай

Түрік газеттері және көзмоншақ

Түрік халқы да ырымшыл ма деймін. Түркияның бірнеше газеттерінің логотипінде «көз тимесін» функциясын атқаратын көзмоншақ бейнеленген. Солардың бірен-саранын ғана таба алдым Интернеттен. Мысалы, мынадай:
Әрі қарай

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне» әдемі тарту «Өсімдіктер әлемі» атты әдістемелік кешенінің тұсаукесеріне шақырамыз!

“Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір- қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз”.

Әрі қарай

Сүйінші! Mail.Ru өлді!



Атырауда түнгі сағат 01-30.

Майлру деп аталатын шовинистік сайтта көп шаруам болмаса да, арасында жұрнағы қалған поштама бас сұғып қоюушы едім. Сөйтсем… Өзім 2002 жылы-ақ тіркелген, кезінде майлрумен ұйықтап, майлрумен оянған "құдіретті" пошта қызметім өліп қалыпты!



ПыСы: Айтып аузымды жапқанша Майл.Ру қайта тірілді. «Хех...» деп қойып, поштама кірсем, мынадай деп тұр:



timurdan.info/?p=699
Әрі қарай

Түркі елінің әнұраны

Кеше фейсбукта отырғанымда түркияда тұратын бір жігіт маған мынау түркілердің әнұраны деп сілтеме жіберіп еді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынсам. Сауал: Кім қандай пікірде екен? Жалпы түркілерге біріккен дұрыс па?
Әрі қарай