.қаз домені: "Ескіліктен жаңалық"

Қай күні ".каз" домен кімге керек деп жатыр едіңіздер. Енді, міне, ".қаз" доменін тіркеуге ICANN рұқсат беріпті. Ол турасында ҚИА вице-президенті Ш.Сабиров Twitter-де жазды.

Бүгінгі күннің ескіліктен болған жаңалығы осы. Қоғам латын қарпіне көшеміз не көшпейміз деп даурығып жатқанда ".қаз" домені кімге керек болды екен деген сұрақ туады. Өзім ол доменді пайдалбаймын, ең мағынасыз ашылған домен. Осындайда «Ресейліктер білгенін істейді, қазақстандықтар көргенін істейді» деген тіркес ауызға түседі.
.kz домені тақиямызға тар келгендей кирилл қаріптерімен жазылатын «не в тему» жоғары ұлттық доменнің болашағы қандай болар екен деп те ойлайсың (уайымдап емес).

Түсінбейтінім, елдегі домендік істерге байланысты шаруалардың басы-қасында ҚИА жүреді. Олардың бас сұқпайтын тесіктері жерлері жоқ па? Қазақша білмесе де қазақ Интернетін дамытқылары келеді, қазақтілді Интернетте жүргендермен санаспай Авторлық құқық туралы заңға өз ұсыныстарын тықпалап жүреді.
Бөлісу:

26 пікір

Janasil
Латыншаға ауысуды қолдамайтындардың әрекеті секілді.
Zako
Менде де сондай ой туды. Олай болғанымен, қазақтілділер қолдамаса, ол домен "өледі". Орыстілділердің ".қаз" деп домендік атау алып, сайт ашатындарына күмәнмен қараймын.
omarbirat
ИАК — Ислам Абдуганиевич Каримов?
Nurgisa
Интернеттегі акушер-кинекологтар шығар ))))
qisyq
акушер-кинологтар деген жаңа мамандықтың құлағы қылтиядығҰә?
Nurgisa
Пать екеуіңе тиіп кете ме деп олай жазбап ем…
qisyq
Негізі кинолог деген итке қатысты мамандық сияқты еді. Кетші-әй, @konvict!
Nurgisa
Онысы түсінікті ғой ))) «кино» дегесін, просты, өткендегі жанжалдасқан қос майм… ой, киносыншының образы елестеп кетеді де
qisyq
шешес. қаз. домені осыған келіп тірелді ме? шешес.
Zako
Интернет Ассоциация Казахстана
serjan
Мұндайды қазақ басқамыз келісіп осымыз қалып па? дейді.
Zako
xn--80ao21a осы екен ".қаз" домені.
Onlasyn
Түк ке де кергі жоқ нәрсе. Латын әрпіне өту керек одан да
patick
Латын әрпіне көшкенде бірдеңе өзгеретіндей сөйлейсіңдер ғой. Көңілдеріңді алдын ала түсіріп қояйын: латынға көшкенде өз әріптеріңе өздерің шатасып, одан сайын мал бола түсесіңдер.
rauan97
Қаз доменін орыстардан рф дегеннен көріп ашқан ба сонда?
Zako
иә. Орыстар не істесе, қазақстандықтар да соны істейді (теледидардан бастап Интернет сайттарға дейін). Россия деген әпкеміз бар. Ал Қазақстан соның інісі.
Janasil
Бастысы бірдеңесі бар. Оның да тұратын кезі келер!!!
asaubota
қазақ интернетін «көтеріп» жүрген орыстілді белсенділерге үлкен плюс әкелгеннен басқа пайдасын көріп тұрған жоқпын. мен жеке өзім үшін айтатын болсам латыннан басқа домен алмаймын.
Zako
Сабиров жыртылып тұрып хабарлады ғой осы жаңалықты. Ертең келеді жерден жеті қоян тапқандай болып. Қазақтардың Интернетін дамытып жатқан кірме біреулер әйтеуір. Ал қазақтілділер болса жүр сол баяғы жайбасарлығымен, енжарлығымен.
blackbeard
ТАУЫҚ.ҮЙРЕК.ҚАЗ — Құс етін өндіретін компанияның ресми сайты
blackbeard
КӨП-СӨЙЛЕМЕЙ.ҚАЗ — Қарағанды шахтерларының ресми порталы
blackbeard
.ҚАЗ Кім алад нақты! Әлі көресіз Аршеке, ешкім алмаған соң, тегін тіркеулер науқанын ұйымдастырады бұл тәлібтер
satibaldi
Жоғары-төменүйрек.қаз — «Аққұс» АҚ сайты.
satibaldi
Пяншік қаззақтар-ай, әбден мазақ болдыңдар нақ.
blackbeard
Лібәәәәәә! ПРЕЗИДЕНТ.ҚАЗ деп көрш
AL-ASTER
Бүйректен сирақ шығару ғой.