О дүниеге саяхат


Түсімде өліп қалыппын демекші… Ондай түстерді мен де жиі көрем. Бірақ өткендегі түсім тіптен қызық болды. Өлмеппін, бірақ о дүниеге экскурсиялық сапар шегіппін. Яғни, кейін қарай, бұл дүниеге қайтып келетініме сенімді боп жүрдім. О дүниенің кереметін суреттемей-ақ қояйын, бір сөзбен айтқанда, болашақты сипаттайтын фантастикалық фильмдердің көрінісін көрдім десем болатын шығар. «Дәу де болса, жұмақ-ау» деп ойладым. Қызығы ол емес, о дүниеде жүрген бір кісінің маған айтқан сөзі. «Шын өмір өлгеннен кейін басталады деген құр сөз», — деді ол: «Нағыз қайнаған өмір — сен келген жақта. Себебі жалғанның қысқа екенін біле тұра, сен алдыңа мақсат қоясың, оған жету үшін жанталасасың. Биікке көтерілем десең, жетістікке жетем десең, әрекетіңді тірі жүргенде жасап қал. Ал біз мұнда еш мақсатсыз жүрміз. Бізге ештеңе де керек емес...»
"Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді...
"
деген «Жігіттер» квартетінің пәлсапасын жайына қалдырып, пойызға отырып (кәдімгі қарапайым пойыз), өз дүниеме қайтып келдім)))
Әрі қарай

Азиада медальдарының алғашқы нұсқалары (+сурет)



Қазақстанда Азиадада тапсырылатын сый комплектілерінің дизайнын жасау төрт жыл бұрын басталып кетіпті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне VII Қысқы Азия ойындарының креатив директоры Тигран Тунеянц хабарлаған екен.
Дизайнердің сөзіне қарағанда, оның командасы Азиаданың өзіне тәні сипат-стилистикасының үлкен бөлігін жасап шыққан. Жекелеп алғанда, олар жарыс талисманының эскиздерін, логотипін жасап, түстік гаммаларын белгілеген және жарнамалық материалдардың бір бөлігін өз мойындарына алған. Ал негізгі жұмыстары медальдардың дизайнын жасау болыпты.
Әрі қарай

Деген екен

“Радионың болашағы жоқ”
Лорд Кевин — Шотланд физигі

“Жаңадан шығатын еш нәрсе жоқ. Мүмкін боған барлық заттар шықты”
Чарлз Г. Дюэль — Американ патент беру орталығының басшысы — 1899ж

“Жылқылар әрқашан қолданылатын болады. Автомобиль уақытша мода ғана.”
Генри Форд кредит сұрап келген кезде банк қызметшісінің айтқан сөздері -1903ж
Әрі қарай

Ауылға бардым

Блог - asaubota: Ауылға бардым
Кеше кешкісін бір жұмыстас жігіт аулына қонаққа шақырып, бала-шағамызбен барып қайттық. Қаланың тұрмысынан шаршағандар анда-санда барып тұру керек екен ауылға, кәдімгідей демалып қайтасың. Барған аулымыз — Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Ахмет деген ауыл. Астанадан 60 шақырым жер.
Осы біз диалектімізге, дәстүрлерімізге күлеміз, өзімізше бөлінеміз. Негізі солай болғаны да дұрыс және қызық сияқты. Бәрі бірдей болса ішіміз пысып кетер еді ғой :)
Ахмет аулы да былай қызық екен. Үй салысы, қора салысы, ет салысы бізге қарағанда басқашалау. Бірақ бәрібір қазақпыз ғой, ештеңені жатсынған жоқпыз. Ауылдың аты ауыл. Малдың иісі, фуфайка киіп қар күреп жүрген әкей, байланып тұрған ит, аулада тұрған арба, ауылский туалет, темекіні лақтыра салмай дұрыстап сөндіру, біз барған жігіттің бізді көріп сәлемдесіп, қал жағдай сұрап, не ішкіміз келетінін сұрап кеткен ауылдағы бір «братишкасы»… Обшым, барлық ауылдардағыдай :)
Әрі қарай

"Агент" батыр



Қоян агентте отырып қасқырға «Сұмырай, нақұрыс, кеще неме, ұстап алсам быт-шытыңды шығарам сен қасқырды» деп жазған ғой. Сонда қасында отырған
Әрі қарай

Сәрсенбінің сәті...

Апта күндеріне таңылған эпитеттеріміз, ассоциацияларымыз бар. Сәрсенбінің сәтін тілге тиек етеміз. Жұмамыз мүбәрәк. Бейсенбі — басқа өңірлерді қайдам, оңтүстік жақта өлім-жітімнен кейін марқұмның қырқына дейін әр бейсенбіде «бейсенбілік» болады: дастархан жайылып, дұға бағышталады. Батыста дәл қай ру екені есімде жоқ, аптаның белгілі бір күнінде ме екен, айдың белгілі бір числосында ма екен, алыс сапарға шықпайды, маңызды істер істеуден баз кешеді… Сенбі мен жексенбі той-томалақ күндері күнтізбедегі. Дүйсенбі мен сейсенбіні қалай ұмыт қылғанбыз? Шеттету ме екен?

Жоқ әлде, оқыс қылық көрсетіп:

Алты сенбі, бір жұма,
Дүйсенбіде кір жума!


десек пе екен…
Әрі қарай

Эх, Хрусталева, Хрусталева...



Баста! деді. Бастап жіберді. Құрлықтың биатлон бәсіне тоғыз-ақ үміткер келіпті. Хрусталеваны күнібұрын коронациядан өткізгендер аузына құм құймаса да, өз экзекуциясын қалай өткізетіндері өз ұятында қалсын.
Әрі қарай

Жиналыс жабдықтары. Сатқын флэштер.

Ертеректе, плазмалық панельдер сән мен мекеменің кемелінің көрсеткіші болғанда, бір емес, екі плазмалық панель алдық қой барып.
Біреуі әп-сәтте-ақ басшының кабинетіне жол тартты; ал екіншісін, нақ сол басшымыз аз-мұз ойланып тұрып: «программисттерге беріңдер, керегіне жаратсын!» деп әмір берді. Бұл жерде, әкімшілік әмірдің райын түсінетін адам, «керегіне жаратсын» деген сөзден — рақатын көрсін дегенді емес, осы мекеменің игілігіне жаратсын деген мессежді ұғуы керек.
"Қайда тығам? Оқытушылар бөлмесінде оқу материалдарын қарайтын видеокешен қылғым келді. Ой, қызық емес" Сабақ кестесін көрсетіп тұратын болса дедім бір кезде. Бірақ, 30 топтың барлығын кезекпен айналдырып көрсеткенше, онсызда асығыс-үсігіс студенттер қиратып кетер деп қорықтым. Ақыры не керек«жүгірме жол ұйымдастыруды шештім. Яғни қоңырау кезінде, радиодан құттықтау айтылады, ал панельден туылған күн иесінің суреті мен, астында құттықтау сөз жүгіретін болса деп ойладым. Шешілді-бітті: төрт күннің ішінде панельдің бетін компьютерден басқаратын программа жазып шықтым. Бұл бір жаңалық болды-ей: кейін туылған күннен басқа, хабарландыруларға да пайдалана бастадық. Бір шикіөкпе, талабы бар студентті алып, хабарландыруға жауапты қылып, отырғызып қойдым.
X күні. Дәлірек — xxx күні
Дәріс оқып жатқам. Тіл-құлақтан айрылған вахтер жетіп келді. „Анда“ Бізде» Төменде"" дейді кемсеңдеп.
Барсам" Бәлкім, сол жерде тышқан жүгіріп бара жатса, артынан ере жүгіріп, кірген тесігіне мен де кіріп кетер ме едім"
Не бетімді айтайын: плазмалық панельде кәдімгі классикалық, неміс үлгісіндегі порнофильм көрсетіліп жатыр!
Өкпемді қолыма алып жүгіріп, басқару кешені орналасқан бөлмені ашып қалмаймын ба? Онда құлағына құлаққап киіп алып, дүниені ұмытқан студент мәтін теріп отыр"
Сүйтсем, оқиға желісі шамамен былай өрбіген. Біреу біздің байғұсқа «мына екі бетті теріп, мынаған көшіріп берш» деп, флэш береді. Бұл келіп, флэшті компьютерге тығып қояды да, өзі мәтінді тере бастайды. Жадыда жалпыадамзаттық құндылыққа ие файлдардан басқа, порнофильмдер де жатқанға ұқсайды. Қағылез Winamp видеофайлды автоматты түрде ойнатып кеп жібергенге ұқсайды.
Кейін мұндай курьездар көптеп кездесті ғой. Слайд әкелінген флэштерді салып қалғанда,
үлде мен бүлдеге оранған баяндамашы қыздың, үйінде баналды халат-тәпішкімен жүргенін де көрдік. Сиырдан салмақты ағайлардың туылған күн кешінде бақырып ән айтып отырғанын да көрдік.
Түйін біреу: флэштің мазмұнын жеті мәрте қарап алып, бір рет сал!



Мақала сілтемесі: http://xattama.wordpress.com/2011/01/30/hardware/
Әрі қарай

Барселона Реалдың рекордын қайталады



Испания Ла Лигасының соңғы турында Эркулесті 3-0 жеңген Барселона қатарынан 15 ойынын ұтып, Реал Мадридтің 50 жыл бұрынғы рекордын қайталады. Атақты Ди Стефано ойнаған 1960-1961 маусымынан бері келе жатқан еді бұл рекордтық серия. Алдағы турда Барса Мадридтің Атлетикосымен ойнайды. Егер осы матчты да жеңсе серия 16 матчқа созылады және бұл жаңа рекорд және қайталануы қиын рекорд болады.
Әрі қарай