Махаббат зынданы(шынайы өмірден алынды жаңа ғана)

Бір досым, жақын бауырым агентпен хабарласып жатыр. Іш-құсаға ұшыраған сияқты. Баяғы сол махаббаттан. Ондай сезім маған да таңсық емес. Біраз жыл бұрын қатты сүйетін қызыммен айырылысқанда көзімнің алды қарауытып, ойым тұманданып кеткен еді. Есімнен кетпейтін. Жаныма салынған мәңгілік дақ. Махаббат дағы. Әлі күнге өшпеген ғой.
Бұл жігіттікі енді басқашалау. Күрделілеу. Қасіреттілеу деседе болатын шығар, қиналып жатқанына қарағанда.
Әрі қарай

Әйелдерге кеңес

Қазір қыздарға жігітті қайдан табу, қалай табу, қалай ұстап қалу туралы ақыл айту сәнге айналды ғой. Мен де бір сайттан оқыған ақылдарыммен бөлісе отырайын. Алып-қосарларың бар ма?
— Өзінің өткен өмірі туралы «ләм» деп жақ ашпайтын еркектен аулақ жүр.
Әрі қарай

Өлімге қатысты «есеп-қисап»

Жұрт интернетке қайдағыны жазады. Жақында сондай «қуған» статистиканың біреуін тауып алдым. Өлімге қатысты екен. Әрине, өлім мәселесі денені түршіктіретіні өтірік емес, бірақ деректері «қызықты» көрінді. Енді сол «әңгімені» айта отырсақ.
Біреулер адамзат жаратылғаннан бері қанша адам өлгенін де есептеп қойыпты. Әлгі зерттеушілер күні бүгінге дейін шамамен 100 млдр адам өлгенін есептепті.
Адам өлген соң 3 күн ішінде біздің асқазанымызда күнделікті асты қортуға жәрдемдесетін түрлі сөлдер адамның өзін құрта бастайды екен. Бұзыла бастаған клеткаларды бактериялар тез арада жеп қоятын көрінеді. Сөйтіп, шіріп кетеді екенбіз. (Өлген соң әрине)
Әрі қарай

Логотиптер айқасы



Логотиптер айқасы… Расында да әуел бастапқыда шыққан интернет белгісін, кейінгі шыққан браузерлер тепкіге алып жатырма, қалай өзі??? Ерте шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озыпты дегендей болды ғой…
Әрі қарай

Быт-шыт тойдың болғанынан болмағаны жақсы

Өткен сенбіде бір тойға куә болдым. «Ауылбайский той» десем біреудің намысына тиіп кететін шығармын. Дегенмен көпшілігіміз көріп те жүрген шығармыз, ауылда тойдың қалай өтетінін. Жазда палатка, қыста клуб, асхана сияқты орындар. Оның қатарына спортзалды қосып қоямыз.
Мен тойбасқарушылардың қатарынанмын. Музыкаға жауап беремін. Не керек кешкі 7-ге шақыртылған қонақтар (қазақтар ғой) 2 сағат кешігіп келді. Өтетін орын асхана. Іші азынап тұр. Даладан кірген қалпы дірдектеп отырдық. Әйтеуір жиналып жатқан адамдардың аузынан бөлінген көміртегісінің, денесінің жылуының, кейбір ішіп келгендердің перегарының арқасында ғана аяз қайтты.
Сөйтіп не керек той басталды. Бет ашылды. Қызың отырып қалған, жігітің жүріп қалған, 40 тан асқан біреулер екен. Әлгіні көрген асаба да «жас жұбайларды» деп айтып қоя жаздап, әйтеуір тез дұрысталып, "қос ғашықты махаббат кемесіне қондырайық" деп орындарына жайғастырды. Дегенмен бет ашардың алдында «жас келін», «екі жас» деп айтылып қалған сөздердің қайтарымы жоқ еді)
Әрі қарай

Реал Мадрид

Реал туралы олен шыгардым, уйкас калай?))
Мадриддіктер аскактаткан,
Карсыластарын кан каксаткан,
Корольдік клуб Реал мадрид бар,
Ешкандай клуб токтатпаган,
Роналду Озил Какаларын,
Жозе дейтін папаларын,
Рамос пен Пепе коргап турган,
Реалды кормей жата алмадым,
Реалды журттар мыкты дейді,
Барсага допты тыкты дейді,
Эль-Классико шайкасында,
Барсаны айырып жыртты дейді,
Реалмен тендес клуб кайда?
Карсы шыкса киратпай ма?
Барса озінше карсыласады,
Алі келмесе тыныш отпайма?

Барселона жанкуйерлері анау мынау деп журмесін. уәқәқәқ
Әрі қарай

Орыстар орыстарды жек көреді екен (парадокс). Түк өзгертпедім

Ғаламторды ресейлік саясат серкелерінің, бизнесмендердің, журналистердің өз халқына қатысты айтқан «қанатты сөздерінің» жиынтығы шарлап кетті. Оқи отырып жағаңызды ұстайсыз, осындай тұлғаларға тізгін ұстатқан халықты аяйсыз, енді бірде орыстардан шошынасыз.
Әрі қарай

Дәруішөлген сайтына сапар

www.daruisholgen.com/ сайтына сапарға шығып қайттым жаңа. Очм, түсінгенім Дәруішөлгендіктер шетел тілін меңгеруге көшкен бе бірдеңке. «10 tips for a blissful marriage» дегені бар ма әйтеуір. Бір мемлекеттің сайтын құрдымға жіберіп. Аттан, дәруішөлгеннің бетке ұстар жігіттер
Әрі қарай

"Жұлдыздар отбасы" журналы туралы не білемін?

«Жұлдыздар отбасы» журналы — қазақ тіліндегі ең танымал, таралымы көп журал деуге болатын басылым. Бір көргенімде, таралымы 70 150 дана депті. Бұл айлық таралымы ма, әлде екіапталық таралымы ма, ол жағын білмедім. Айлық таралымы болса да аз көрсеткіш емес (әр саны 35 мың данамен шығады). Ал әр саны соншалықты болса, айына 140 мың данамен тарайды екен. Кітапқа, газет-журналға деген қызығушылық жоғалған мына заманда осыншама көп данамен таралатын басылымға иелік ету, онда жұмыс жасау дегеніміз мәртебе болу керек. Ал редация табысқа кенеліп, үлкен баспа ұйымы болу керек. Бірақ нақты жағдай олай емес секілді.
Әрі қарай