Әйелдерге кеңес

Қазір қыздарға жігітті қайдан табу, қалай табу, қалай ұстап қалу туралы ақыл айту сәнге айналды ғой. Мен де бір сайттан оқыған ақылдарыммен бөлісе отырайын. Алып-қосарларың бар ма?
— Өзінің өткен өмірі туралы «ләм» деп жақ ашпайтын еркектен аулақ жүр.
— Эмоциялық жағынан сен оған тәуелді болғандай саған тәуелді болмаған еркекке жүрегіңді ұсынба.
— Қасында өзіңді үрейлі сезінетін еркекке жүрегіңді ұсынба.
— Әзірге тек бөтен адамдар туралы болса да, өтірік айтатын еркекке сенбе.
— Сен оның өмірінде опасыздық жасағаны туралы білетін еркектен аулақ бол.
— Сенің жағдайың жаман кезде өзін жақсы сезінетін еркекке ғашық болма.
— Сені қорлағаннан ләззат алатын еркекке ғашық болма.
— Істеріне қарағанда сөздері үнемі ізгі де асқақ болатын еркектен аулақ жүр.
— Тым билікқұмар, барлығын да өз айтқанымен жүргізуге құштар еркекке жолама, өйткені жақын арада оның ұлы мәртебесінің маңында шыр айналып жүретін елеусіз ғана кішкентай серігіне айналып кетуің мүмкін.
— Егер сондай қылықтары сені ыңғайсыз жағдайға түсіретін болса, сүйкімді, қорғансыз, сезімтал болудан қорқақтайтын еркекке ғашық болма.
— Сен ол туралы тек өзі айтқан нәрселерді ғана білетін еркекке жүрегіңнен орын берме.
— Саған деген ынтықтығы жоқ, тек анда-санда өз бетімен келіп-кетіп жүретін еркекке бауыр баспа.
— Зорлық-зомбылық көрсетуге жаны құмар еркекпен жақындаспа.
— Тіпті өзге адамдарға қатысты да ашуына ие бола алмайтын еркекке ғашық болма, өйткені сен оның келесі құрбанына айналып кетуің мүмкін.

Тағы бір қосарым (бұл таза өзімнен):
— Тұқым қуалайтын немесе өзге да жазылмайтын науқасы бар еркекке жолама. Ол ауру сенің балаларыңа берілуі мүмкін.
— Көзі қыли, тісі қисық немесе нашар еркекке де тұрмысқа шықпаған абзал. Ол да сенің балаларыңа берілуі мүмкін.

Дереккөз
Бөлісу:

132 пікір

madlen
Аулақ бол, жақындама, орын берме… Не істейміз енді?
VKM
Ешкім қалмады ғой сонда?
kokbori
Қалғаны сенің айтқаныңды тыңдайтын, үнемі сенімен кеңесетін, бір кездескенде саған бүкіл өмірбаянын айтып, сампылдайтын, ешқашан қыздарға бармаған, бармайтын(«ал қыздар өзге қызбен жүретін жігітке көбірек көз салады» деген бозбала қағидасына жүгінбесек), сүйкімді, сұлу, сымбатты, бір сөзбен айтқанда сапалы еркектер керек қыздарға
VKM
бұл енді мамасының баласы
kokbori
Мәссаған, енді басқа жігітті қайдан аларсың, Дарк Назгүлдің ырым-жырым тиымына біз кіріп кетіп отырмыз ғой
VKM
сондаймын де
kokbori
Сонда мені идеал деп ойлап па едің?
Мен де пенде, ет, сүйектен жаратылған,
Болашағым белгісіз, қара тұман.
Мықтымын, бәрінен де артықпын деп,
Сатыбалды емеспін, ана тұрған
Zilola
Тым билікқұмар, барлығын да өз айтқанымен жүргізуге құштар еркекке жолама, өйткені жақын арада оның ұлы мәртебесінің маңында шыр айналып жүретін елеусіз ғана кішкентай серігіне айналып кетуің мүмкін.
Мен негізі қарсы емеспін  Ақылды, мозг болса, мен-ақ ақымақ болып, тіпті көлеңкеге айналып кетер едім
dark_nazgul
Ақылды болса жақсы ғой, ал сонымен қоса эгоцентрик болса ше?
Zilola
сосын жас айырмашылығы жөнінде де кеңес болса жазыңдаршы өтініш, неше жасқа үлкен болса ұят болмайды сырт көзден.
satibaldi
Қиналдың-ау, чандық қиз-ай. Тек дизайн жағын ойлап жүрсің бе сонда?
Zilola
тек дизайн емес, тауардың сапасы да қызықтырады
dark_nazgul
ол жағын білмейм. Бірақ, өзінен он бес, жиырма жас үлкен ерінің атын бадырайтын атап бара жатқан, немесе далада тұрып алып, терезеден атын атап айқайлап шақырып тұратын жас келіншектер өзіме онша ұнамайды…
KILYZAMAN
Сонда қалай айқайлауы керек?..
dark_nazgul
білмейм ғой. Өзімнен үлкен кісінің әйелі болып көргем жоқ. Бірақ атын атамас едім.
Gastarbaiter
Пәленшеке- десе дұрыс ғой. Атын атау ұяты, аға деуге келмейд,( бірақ өзбек хотунлары күйеулерін «акя» дей беред).
Ерін біздің Әбекең, Қожекең, Мұқаң дейтін әйелдерді сыйлаймын.
VKM
Мысалы тұрмысқа шықтым дейік.Біраз есейгенде болмаса, Бәке, Сәке, Мәке деп жүреміз бе жап-жас жігітті. Қызық сияқты.30-дан асқан кезде болмаса
Gastarbaiter

Білмеймін енді. 30-жасқа жетпеген жап-жас жігіттер өзінен 15-20 жас кіші қыздарға үйлену жағына заң қалай қарайды екен.
meirzhan
 ВКМ өз стилінде
bizbike
әкесі, көкесі, папасы деуге болады ғой… балалары болса
Zhan
Меніңше 13 жасқа дейін үлкен болса ештеңе емес.
araika
өйтпе, бүйтпе… кеңестен гөрі...
Қыздар қауымы үшін «жақсы жігітті қалай кездестіруге болады?» деген сауалға жауап іздестіру маңызды ма деймін.
Gastarbaiter
«жақсы жігітті қалай кездестіруге болады?»
Кездестіру оңай. Қарату сәл қиынырақ. Ал ең қиыны ұстап қалу. Сол жөнінде кеңес берсеңіз біраз қыздар архимедін айтар еді.
araika
Кеңес беру үшін алдымен көргені-білгені бойынша түйгені керек қой. Сондықтан, тәжірибелі адамдар сөйлесін…

Ал менің айтпағым, жоғарыдағы кеңесті күнде естіп, құлағы жауыр болған жандарға бір жағына шығу қиынға соғады. Нақты әрекетті көздеген қыздардың сұранысын ұсыныс ретінде жеткізген түрім еді.(бірақ, ұқсамай қалған сияқты)
boztorgai
кейбір нашар балдарға: әлі күнге ойланып жүрсіңдер ме
Adiletshu
Осыңыз үшін онсызда аз қазақ халқының алдында жауап бересіз
dark_nazgul
мен бе? мен қазақ санын көбейту жолындағы міндетімді орындап қойғанмын.
Gastarbaiter

Еселеуге әлі де кеш емес. Үш бала деген не тәйірі.
dark_nazgul
Фабрика жабылды
VKM
неге? Свободу попугаям
Gastarbaiter
«Фабрикаң» не? Мини зауыт десейш тым болмаса
dark_nazgul
комбинат
Gastarbaiter
Жә болды енді онесі ей тіпті. Қыздар бізге қарағанда романтиктеу болады деп жүрсем.
dark_nazgul
Бүгін бір жігіт айтады: «после того, как я пообщался с ней и узнал, насколько сильно в ней мужское начало, я понял, что не буду звонить ей по вечерам» дейді.
Ол маған комплимент жасады ма, әлде....?
Gastarbaiter
«Главное, чтобы пообщавшись с ней еще „ближе“ не узнать насколько слаб твой мужской „конец“»

Қалғаны ештеңе етпейд.
dark_nazgul
сонда, сіздің ойыңызша, қазақ халқының алдындағы жауапкершілікті сезінгені үшін ғана, әйелдер өтірікші, опасыз, менмен, өзін сүймейтін, зорлықшыл, ашушаң, біреуді қорлағаннан ләззат алатын еркектерге қосыла беруі керек пе?
Zhan
өзін сүймейтін
Назгүл осы сөзіңе қосылам. Өзін сүймейтін ер азаматтар көп қазір. Как будто оларды біреу аяласа ғана сүйіспеншілік қасиеті оянып кетердей. Сосын бақыт туралы түсінігі жоқ адамды да өзгені бақытты қыла қояды дегенге, мен тұрмақ бес жасар бала сенбейді. Жаныңа демеу болып, жан-дүниеңді ең жақын досыңдай түсініп тұрған адамнан ғана жақсы күйеу шығады меніңше.
Simona
Бәрi орынды-aқ кеңес. Бiрaқ бұл мiнездерiнен сыр бермей жүретiндер көп сияқты. Немесе оны ұзaқ уaқыт бaйқaмaй жүрiп, үй-жәй болғaндa ғaнa түстерiнен оянaтын қыздaр дa бaр.
Abilakim
"Ғашық болма,ғашық болма" депсіз, ғашық болғанда адам бір-бірінің кемшілігін көрмей ғашық болады емес пе?Үйленгеннен кейін ғашық болдым дегенді естімеппін.
Өткен өмірді жасырған дұрыс емес әрине, егер сен кезінде бір үйленіп ажырасқан, балалы еркек болсаң.Ал, бойдақшылықтың бар құпиясын ашуға кеңес бермес едім еркекке.
dark_nazgul
"Ғашық болма" деген мен емес, осының бәрін жазған аптыр.
Дұрыс айтасың, келшілігін көрмей ғашық болады.
Бірақ, кемшілік деген, меніңше, дәретханадан кейін қол жууды әдетке айналдырмаған сияқты дүние. Ал опасыздық жасау, өтірік айту… ол кемшілік емес, ол жаман қасиет, және одан арылу өте қиын.
Abilakim
Үйленгенде ешкім «мен саған опасыздық жасаймын» демейді
dark_nazgul
Маған дейін біреуге опасыздық, сатқындық жасағанын біле тұра, ол еркекке тұрмысқа шықпас едім.
Abilakim
Біз көбіне опасыздыққа келіп тірелетініміз не? Неге еркек пен әйел сенімі жоғалып бара жатыр?
dark_nazgul
сенім деген шыны ыдыс. бүтін кезінде ғана жақсы. құрсау салынған соң, берекесі кетеді.
Zhan
Назгүл маған сенің осында ұсынып жүретін дүниелерің ұнайды. Сосын өз ұстанымың да ұнайды. Әйелдердің және қыз балалардың жанашыры сендей-ақ болсын. Ер азаматтардың кемшілігін тізе берсек көп. Бірақ, олар мойындай бермейді көп жағдайда.
dark_nazgul
рахмет, мақтап жібердің ғой))))
біраз өмірден көргенім бар… таяқ та жегем, ащысын да, тұщысын да татқам,әр құбылысқа әр қырынан қарауды үйренгем, содан шығар, позициям осындай болғаны.
Abilakim
Бірақ, адамды бір қылмысы үшін екі рет жазалауға болмайтынын да ұмытпағайсыз.Біреулер өзінің қателігінен өмірінің соңына дейін жететін сабақ ала алады.
dark_nazgul
ол да бар, әрине. Бірақ, қиын кезде досына опасыздық жасап кеткен, жылатып балаларын тастап кеткен адамнан жақсылық күте алмас едім…
VKM
Шынымды айтсам, мен де жылдан жылға сұмырай болып барамын.Адамның жаман жағын бірден көріп қоямын. Бұрын бәрі маған керемет көрінуші еді.Бара бара не болады екенмін?
Abilakim
сұмырай болып бара жатырмын дегеніңізге қарағанда бұдан көрі жақсырақ болатыныңызға мен сене алмай отырмын…
VKM
хехе, айтып отырғаным да сол ғой.Хех...әп-әйбәт едім бір кезде
Zhan
Невинный мойындау. Молодец! Сен сұмырай болып барамын десең, мен уже сұмырай болып қойғандарданмын
Abilakim
«екі сұмырай, бір оңбаған»
Zhan
Бүгін қыздар жағы зынданға тастайтын адам таппай отыр еді. Қара тізімге көкелеріңе «оңбаған» деп тіл тигізгенің үшін оңбай кетейін деп тұрсың.
meirzhan
Бара-бара жақсылықтарын көруді қоясың.
dark_nazgul
Кемшілік кімде де бар ғой. Бірақ азаматтың азаматтығын көргіміз келеді ғой қашанда. Ез емес, ер болса дейсің.
salta
айтпаааа, ездігі өзегіңді өртейтін, ерлігі кейде жиіркеніш тудыратын кездер болады… амал который, төземіз… женская наша доля…
dark_nazgul
женская доля екен деп, ездің қасында қор болғым келмес еді…
Zhan
Осы кейбір (бәрі емес әрине) ер азаматтарда комплекс бар. Қыз-қырқынды сындырып алу үшін дүние-мүлкіміз болу керек, шустрый (пысықай), жүзіктің көзінен өтіп тұрған, сәл-пәл гламурный киініп алған болуымыз керек деп ойлайды. Мен жігіттің бойынан намыс пен жауапкершілікті байқап қалсам оның ешқандай жағдайына қарамас едім. Намысшыл жігіт ешуақытта өзін де, өзгені де жерге қаратпайды және басынан артық ауыс сөз асырмайды. Сондықтан дұрыс ез емес, ер болса екен дейсің.
dark_nazgul
толық қосыламын
Gastarbaiter
Осы кейбір (бәрі емес әрине) ер азаматтарда комплекс бар. Қыз-қырқынды сындырып алу үшін дүние-мүлкіміз болу керек, шустрый (пысықай), жүзіктің көзінен өтіп тұрған, сәл-пәл гламурный киініп алған болуымыз керек деп ойлайды

Комплекс емес, шынымен де қыздардың 80-пайызын сындыруға солардың өзі жетіп жатыр.
Ал намысшылдық қызды сындыру үшін емес, өзің үшін керек.
UMYTYLGAN
ерді ер ететін де айел, ез ететін де айел дегенге не айтасыз? тағы: кушті әйел алсіз еркекке тұрмысқа шығады деген афоризмді де естігем?
TERISKEY
Ер азаматтардың кемшілігін тізе берсек көп. Бірақ, олар мойындай бермейді көп жағдайда.
Zhan
Әні, сразу күліп шығады бірдеңе десең.
TERISKEY
хехе, жынысаралық қақтығыс туып кетпегенін қалап, тек күліп қана отырғаным ғой, қайтем енді
Zhan
Әбіләкіммен бірге зынданға кетіп қалып жүрме. Жерлестік жағынан аздап жеңілдік жасағаныммен басқа қыздар кешірмеуі мүмкін.
Abilakim
Зынданда жатсам сенімен жаттым… Ну, енді бір зынданда дегенім ғой)))
Zhan
Сөзді бұрмалауыс жоқ
raiana
kizdardin da kemshilikteri bar go
Gastarbaiter
"Ғашық болма" деген мен емес, осының бәрін жазған аптыр.

Белсебет менікі емес, жай тебе тұруға алғам
sammita
ғашық болғанда адам бір-бірінің кемшілігін көрмей ғашық болады емес пе?Үйленгеннен кейін ғашық болдым дегенді естімеппін.
жүрегіңді ұсынба, отбасы құрма, аулақ жүр деп отыр. Өмірлік жұбын іздеп жүргендер үшін бәлкім көмегі тиер. Барлығы бірдей бір көргеннен ғашық болмайды, біраз уақыт сырттай сынап таңдайтындар да бар.
Өткен өмірді жасырған дұрыс емес әрине, егер сен кезінде бір үйленіп ажырасқан, балалы еркек болсаң.
бұндайлар да бола ма((
AKY
бұндайлар да бола ма((
болатын болып тұр ғо…
dark_nazgul
Жоғарыда жазылғандар таза менің көзқарасым емес, соны естен шығармағайсыңдар. Менің өмірдегі басты принципім «бұйырғаны болады, бұйрық біледі». Бірақ, боқтың боқ екенін біле тұрып басып кетуден сақ болған дұрыс.
Aldeken
Тұрмысқа шығу, үй болу, еркек пен әйел арасындағы қатынастар бойынша кеңестерді басшылыққа алуды түсіне бермеймін. Қанша отбасы, қанша адам болса, сонша түрлі жағдайлар, бір отбасы немесе ара-қатынастан (отношениенің аударған түрім.) шығарылған қортынды, тұжырымдарды келесі отбасыға телуге, қолдануға келмейді деп ойлаймын. Әркімнің өз басы бар, құлайды, сүрінеді, бірақ, ол өз өмірі. Әрине, кім-кімнің де өмірде қателікке бой ұрғысы келмейтіні рас, демек ойлансын. А так, ұнатып ғашық болдық екен, кеңес-тілектерді ұрып кетемыз, ысырып тастап, мойындайық та, ия?
Ал, айналып, келгенде ол андай екен, болды мен оған ғашық болмаймын, өшшш, ананың мынандай кемшілігі, тыртығы, жамауы, опасыздығы, қырсық мінезі, бар екен енді оған жоламайм деу, басыңыздағы ғашықтық емес, соның иллюзиясын (бір сәттік құмарлық, жай қызығушылық) ғана беретін секілді.
Сосын әркімнің өз таңдауы мен қалауы бар. Біреулер сезімнің екі жақты болғанын қалайды, біреулер, өзін сүйсе болды соған да шүкір етеді, кейбірі өздері сүйгеніне мәз, өзіндегі сезімді екі адамға да жетеді деп ойлайды, қай нұсқада да бақытты болғандар да бар, басы піспегендер де бар. Опшым, өз тәжірибелеріңнен көріңдер…
Zhan
Өте-мөте жынысаралық қақтығысқа ұшырамайтын салиқалы пікір екен. Аман қалдың  Бетіңе айтайын, красавчиксің
Aldeken
Енді қайтейік, дипломатиядан арнайы спецкурс алуға тура келді ғо. Рахмет!
salta
мен де сені сүйем ғой
a63a1
Қосарым жоқ, алып тастарым бар.
dark_nazgul
айтсаңшы енді.
a63a1
мынаны алып тастар едімғ негізі)))
— Тым билікқұмар, барлығын да өз айтқанымен жүргізуге құштар еркекке жолама, өйткені жақын арада оның ұлы мәртебесінің маңында шыр айналып жүретін елеусіз ғана кішкентай серігіне айналып кетуің мүмкін.
Ottegin
Жеке ойым: Назгүл кеңестерінде жүректі ақылға жеңгізгенгдей. Ондай болса, Адам ата мен Һауа ана әлі де Жәннатта жүретін еді
dark_nazgul
бұл менің кеңестерім емес қой.
Ottegin
Енді, қазақшалап, алдымызға тартқан соң… Түзету мүмкін болмаған соң, жоғарыдағы посттағы «Назгүл» созінің орнына «автор» деп оқуды өтінемін.
Zhan
Неге түзету функциясы қосылды емес пе?
Ottegin
Постқа жауап жазылса түзетуге болмайды екен
Simona
Сондa бұл сөздердi қолдaмaйм дегенiңiз бе?
Ottegin
Қолдамасам, теріс қаратып, атып тастайтындай айттыңыз-ау
Ақыл-кеңес дұрыс шығар, бірақ, жастық шақ, ондай ақылды басыңа май қылып жақ деп кәрілікке күлетіні бар, өмірдің заңы сол секілді
Simona
Жоқ, бұл сұрaқты Нaзгүлге қойдым. Aтып тaстaйтындaй не жaзыппын? Сұрaқ қоюғa дa бaтпaйтын болдық қой.
Ottegin
Симона ханым, әзіл, тек қана әзіл
dark_nazgul
«с высоты своей колокольни» қолдаймын))) бірақ, жүрекке әмір жүрмейтінін білем. Сонда да…
Ottegin
Құлағы бар естір деген сарын ғой)))
Simona
жүрекке әмір жүрмейтінін білем.
Maya
Әлдекен — Салта
Simona
Aпaмa жездем сaй деп, ниетi ұқсaс кiсiлер өз жұптaрын тaуып aлaды деп олaйм.
Ottegin
Орай келгенсін бір әнек, бір "қаны қызу" эстон жігіті қалыңдық іздеп, жеңгетайға жүгінсе керек, сондағы іздегені биязы, үндемейтін, сыпай, ақылы өзіне (жігітке) сай, хоккей қарағанда ренжімейтін, балықты, балық аулағанды ұнататын қалыңдық болса керек, сонда жеңгетай:
-Мен бір пингвинді білем десе керек…
VKM
қазақ жігіттерге де пингвин керек
Ottegin
Онда сіз сүп-сүйкімді пингвин болдыңыз-ау
asaubota
нашар еркекке де тұрмысқа шықпаған абзал

қалай анықтайды?
dark_nazgul
«тісі қисық немесе нашар» деп тұр ғой
Gastarbaiter
Тексттің әріптерін жеке-жеке кесіп алып сөйлем құрап жіберудің еш сөкеттігі болмаған
asaubota
ааа кешір, мен бөлек түсініп қалыппын
VKM
Сіз сол тізімде точно жоқсыз
dark_nazgul
оны қайдан білдің?
VKM
әйбәт қой
dark_nazgul
эээххх, жассың ғой әлі.
"әйбәт жігіт" пен «нашар емес еркектің» айырмашылығын ұқпайсың
VKM
 үйретсей
dark_nazgul
ол таза экспериментальным путем келетін опыт
VKM
хехе, уақыты келгенде көрерміз.Есіме түсті ұлыңыз,"Қаражорға" билеген бала ғой. Мораль: жездеміз әддддемі !
Gastarbaiter
эээххх, жассың ғой әлі.

Әмбебап жауап
asaubota
қою Назгүл сенің коллекцияңның басты тұлғасы болайын деп тұрған сияқты
dark_nazgul
"әйел универсал болуы керек" © Ізбасар
жауаптары да…
Zako
Әйел болғанда бәрі де кеш болады  Қыздарға кеңес демесеңіз…
dark_nazgul
Біреудің әйелі болғанда кеш болады. А так…
satibaldi
Көзі қыли, тісі қисық немесе нашар еркекке де тұрмысқа шықпаған абзал.
Өзіңе қарап ал нақ!
dark_nazgul
кеттім у ішіп, арқанымды алып, Дзюкайға барып асылывөлем
VKM
Альтернатива: жездеміздің суретін қой
dark_nazgul
балаларымның суреттерін көрдіңдер ғой. Көзі қыли, тісі қисық еркектен ондай бала тумайды.
asaubota
Келіншектерге эксперимент-тапсырма:

Күйеуіңіз үйде қасыңызда отырған кезде оның достарына телефон шалып, күйеуіңіздің телефоны өшірулі немесе жауап бермей жатқанын айтып, оның қайда екенін сұрап көріңіз. Сіздерге қарай кеттім деп айтып еді деңіздер. досы не деп жауап берер екен?
mirel
ия ия жанымда отыр деп жауап бергендеееее, көп уақыт бойы сенбей жүретін болармыз
ken
— Сен оның өмірінде опасыздық жасағаны туралы білетін еркектен аулақ бол.
— Сен ол туралы тек өзі айтқан нәрселерді ғана білетін еркекке жүрегіңнен орын берме.
Осы екеуін түсінбедім. Сендер ше?
VKM
Кен, қайдан тауып аласыңи осындайларды? Мен сендерді керім сағынып кеттім. Таныс никтарды көріп,қуааааааааааааааааныыыыыыыыыыыып кеттім ғой))))))