Быт-шыт тойдың болғанынан болмағаны жақсы

Өткен сенбіде бір тойға куә болдым. «Ауылбайский той» десем біреудің намысына тиіп кететін шығармын. Дегенмен көпшілігіміз көріп те жүрген шығармыз, ауылда тойдың қалай өтетінін. Жазда палатка, қыста клуб, асхана сияқты орындар. Оның қатарына спортзалды қосып қоямыз.
Мен тойбасқарушылардың қатарынанмын. Музыкаға жауап беремін. Не керек кешкі 7-ге шақыртылған қонақтар (қазақтар ғой) 2 сағат кешігіп келді. Өтетін орын асхана. Іші азынап тұр. Даладан кірген қалпы дірдектеп отырдық. Әйтеуір жиналып жатқан адамдардың аузынан бөлінген көміртегісінің, денесінің жылуының, кейбір ішіп келгендердің перегарының арқасында ғана аяз қайтты.
Сөйтіп не керек той басталды. Бет ашылды. Қызың отырып қалған, жігітің жүріп қалған, 40 тан асқан біреулер екен. Әлгіні көрген асаба да «жас жұбайларды» деп айтып қоя жаздап, әйтеуір тез дұрысталып, "қос ғашықты махаббат кемесіне қондырайық" деп орындарына жайғастырды. Дегенмен бет ашардың алдында «жас келін», «екі жас» деп айтылып қалған сөздердің қайтарымы жоқ еді)
Тойдың себепкерлері тұғырына қонған соң, қонақтар да орындарына жайғаса бастады. Көп болса 60-70 адам әзер сиятын асханаға скамекесін құшақтаған адамдар ұшы-қиыры жоқ кіріп жатыр. Анаған орын тауып беру, мынаны жайғастыру боп тойдың иелері зыр жүгіріп жүр. Оның үстіне барлығы да сырт киімдерін шешпеген. Енді не болат деген бізде зәре қалмады. Барлығы отырып болды-ау дегенше той базарға айналып кетті.
100 неше адам. К… тендері сыйса да көңілдері сыйыспай даңғаза болып жатыр. Осыдан-ақ қанша күш салсаң да, тойдың алдағы тағдыры қандай болатыны белгілі болып қалды.
Фанфар. Той басталды. Тілектер кетіп жатыр, тыңдайтын құлақ жоқ. Әр үстел өзінің өсегін айтып жатыр. «айтылған сөздер періштенің құлағына шалынсын деп жатамыз, сол тілектер алдымен өзіміздің құлағымызға шалынбай жатса, қайдағы періште», «орыстың тойы құда іш, өзбектің тойы би жарыс, қазақтың тойы жиналыс болып кетпесін» деген сияқты асабаның зынды загатовкалары да өтпеді.
Жұбайлар өз бетімен жайбарақат отыр. Стол басындағылардың тілек айтып жатқандарды сыйлайтын түрі жоқ. Өз кезегінде тілек айтушыларға да ол кедергі болмады. Тыңдасын-тыңдамасын айтарларын айтып жатыр, бір-бірінен жаттап алғандары ма, әлде басқа айтарлары жоқ па, әйтеуір «не дейміз енді» деп қиналып алып, алдында айтылған тілектің мағынасын қайталап шығады.
Айтып айтпай не керек, бұл тойдан қатты шаршап кеттім. Даңғазадан ми аши бастады, музыканы бақыртумен болдым. Қысқасы біткенше асықтым. Той той емес азапқа айналды. Соңында мастар көбейді, тиісінше өзінің хитовый әніне заказ беруші билегіштер де мені жағалай бастады. Асхананың суығына шыдамай бұрынғы ішпей жүргендер, арақты мүлдем ауызына алып көрмегендерде ішіп кеткен құсады. Қуып кеткендер көп болды әйтеуір.
Соңында масштабный бір төбелес басталып той бітетін шығар деп едім. Таңданысыма қарай ТОЙ-БОКС болмады. Бәрі тыныш тарқады. Бір-бірінің мазасын алып жүргендер көп болса да, теңселіп жүргендердің төбелесуге шамасы жетпей қалған сияқты))).
«Біреудің тойын жамандағанша өзің той жасап алсайш бірінші» дейтін шығарсыңдар. Жамандаймын. Тілім жетпей тұрғаны әйтпесе бұдан да бетер қып жазуға болар еді. Осындай тойдың не керегі бар? бекерден-бекер шығындалу. Отау құрып жатқандардың өзі 40 тан асқандар… Мейлі егер олар жас болса да мұндай тойдан олар қандай ләззат алады? Өмір бойы ұмытылмас қандай әсер қалдырды? Ары кетсе «есіңде ме үйлену тойымызда дір-дір етіп отырған едік қой, сол күнді әлі ұмыта алмаймын» дитін шығар. Болмаса «анау бір нағашым, (ағашын ұрайын) ішіп ап концертті корсетпесі бар ма?» деп те лепіруі мүмкін. Бірақ есі дұрыс адамның істейтін ісі емес бұл. Менің ойымша сол тойға кеткен ақшаға шетелге барып, бал айын өткізіп келген әлде қайда артық сияқты.
Бөлісу:

33 пікір

balenti
бұрын біреу тойға барып келіпті, содан сурамай ма, той калай өтті деп?))) Ой нақ садақадағыдайотырдық депті! -Епта қалай ол сонда десе?! — Хаямда төбелес болған жоқ дейтін көрінед!)))
Ottegin
Мен сәл басқашалау естіп едім:

-Той қалай өтті?
-Керемет!!! Араққа тойдық!!! Дым есімде жоқ…
Zilola
Әйтеуір жиналып жатқан адамдардың аузынан бөлінген көміртегісінің, денесінің жылуының, кейбір ішіп келгендердің перегарының арқасында ғана аяз қайтты.
Той тұрмақ, сенбі-жексенбі жұмысқа шыққанда, ужассс офисқа кіргің келмейді, әбден әжесінен қалған асты ішіп алғандар перегарить еткен соң, анау офистің іші «не мажможно» ужассс!
Қызың отырып қалған, жігітің жүріп қалған, 40 тан асқан біреулер екен. Әлгіні көрген асаба да «жас жұбайларды» деп айтып қоя жаздап, әйтеуір тез дұрысталып, "қос ғашықты махаббат кемесіне қондырайық" деп орындарына жайғастырды.
Мына жолдар үшін қою респект
Ottegin
Қызың отырып қалған, жігітің жүріп қалған, 40 тан асқан біреулер екен.

Дегенмен… сөз сабағы ұнаңқырамай отыр, оларға қос ғашықтар күймесінің орнына газенваген ұсынбағаныңызға рахмет.
FaraOn1
махаббат жасқа қарамайды…
дегенмен ерте үйленіп балақтан бала саулатып, қазақтың санын көбейтпесе кәртейген қыздың бетін қалай ашады. не деп кеңес айтады.
ойбайау екі бала хватит деп,
қазақтықты көбейтуден қашпа келін,
енді сен бір отаудың иесісің,
Сондықтан балалықты таста келін

жаңа смайликтер үшін алып қояйықшы

обшем демографияның қарғысына ұшырамас үшін отау құруға асығыңыздар)))
asaubota
ертең есіме салшы, саған да қойып берейін.
FaraOn1
 алақай!!! обезательно. айпесе кометтер красочный болмай жатыр )))
VKM
Осы жерде мораль: ертерек үйленіңдер,әйтпесе тойларың осылай болады)))
Zilola
өткен жылы 8 наурыз қарсаңында тым жақсы тойға бардым. Үйленгендердің жасы 50 ге таяп қалған, той 18 жасар қыздың тойынан да жақсы өтті. Тойдың жақсы өтуі келген қонақтарға байланысты, тойға адам емес малдар келсе любой тойдың шырқы кетеді.
Сондықтан бұл мораль бұл жерде өтпейді.
Ottegin
Тойдың жақсы өтуі келген қонақтарға байланысты, тойға адам емес малдар келсе любой тойдың шырқы кетеді

Тойдың шырқына әсер ететін көп фактор бар, қонақтардың «сапасы» (осылай айтуға келсе), асабаның және оның «жандайшаптарының», яғни, музыкант, т.б., өтілетін орынның жағдайы, әрине, той иелерінің мүмкіншіліктеріне байланысты. Дегенмен, қазақта "өз құдығыңа түкірме" дер едім кейбір адамдарға
Abilakim
Асаба әлсіз болған болар деп топшылап отырмын.Әрине, бұндай тойға дайын заготовкалар жүрмеуі мүмкін, дегенмен қиынна қиыстыру керек еді.
FaraOn1
асабаны мықты деп айта алмаймын. дегенмен жігіттің құрдастары мен достары нағыз жабайылар екен.
FaraOn1
айтпақшы оңтүстіктен бір қонақ келіп «мыналарың көргенсіздік, бассыздық» деп сөгіп тастады. шымкентте, анда мында болған тойларын айтып мақтанып алды. байғұс солтүстікте барлық той осылай өтеді екен ғой деп кететін болды ғой деп жаным ашыды
satibaldi
Сонда күйіп пісетін, жаның қозып, жүрегің ауыратын басқа проблемаларың жоқ па?
FaraOn1
сенбі обычно жоқ)))
FaraOn1
басынан ақ тойды өткізуге желаниесі болмағаны көрініп тұрды. бірде шар жоқ, ішін жылытпаған. өйтіп қиналып өткізгенше, жұртты қинағанша өткізбей ақ қоймай ма. жағдай жақсы адамдар емес екені көрініп тұр. осындай тук қызығы жоқ той үшін мал шығындап, кредитке батып не сор…
Aizhantabyn
саған быт шыт көрінгенімен, мүмкін сол адамдарға өте қызық және маңызды болған шығар…
В сорок жизнь только начинается дейді ғой «Москва слезам не верит» деген фильмде))) Талғамға талас жоқ, мұрныңды тыржитпа, інімка)))
FaraOn1
-Той қалай өтті?
-Керемет!!! Араққа тойдық!!! Дым есімде жоқ…
мен үшін солар тойда самагон ішкен Никулин болды да турды
Adiletshu
Тойды жасау керек. Әйтпесе, сол ең жақын деп жүрген туыстарыңның өзі сыртыңнан сөз айтады.

Қайта тойда шашылғандары дұрыс қой. Адам қайтыс болғанда шашылатынын айтсаңшы. Онсызда қайғы жұтып жаткандар жылқы сойып, 3 күн қонақ күтеді. Кейбіреулер қонағасын беру үшін кредит алып, жылқы сояды. Керісінше көмектесудің орнына, адамдар дастарханды сыпырып, дым қалдырмай алып кетеді. Лібә, ашкөздер. Кейде осы қассақтарға жыным келеді. Дәруішөлгенге көшіп кетем ғҮ Ә?
FaraOn1
Тойды жасау керек. Әйтпесе, сол ең жақын деп жүрген туыстарыңның өзі сыртыңнан сөз айтады.
ақшадан да абырой артық)))
kokbori
Керісінше көмектесудің орнына, адамдар дастарханды сыпырып, дым қалдырмай алып кетеді. Лібә, ашкөздер.
Оның үстіне дұрыстап тамақ бермедіңдер деп кететінін қайтерсің
Кейде осы қассақтарға жыным келеді. Дәруішөлгенге көшіп кетем ғҮ Ә?
Кетсең жолың болсын, бірақ қазақтарға топырақ шашпай жөніңмен кетсең деген өтініш барs
satibaldi
Поэзияға кет
Zilola
ал поэзияда да өз Музасын таба алмаса ше?
FaraOn1
Музам ощкесін келдім
Zilola
енді прозадан да қуып жатыр, енді не істейсің?
FaraOn1
публицистикам бар
Abilakim
Бұл бір АЦЦ қуған қақырықтай болды ғой))
Erlan
негізі қарапайым адамдардың тойлары қызықты өтеді )
kokbori
Бәрі асабадан, қарғам, егер асаба шамалы болса…
аузың қисық болса, айнаға өкпелеме