Мәңгі өмір сүру...

Интерфакс: 16:15 Международная конференция по вопросам долголетия состоится в Астане в ноябре

Аудармасы: Қараша айында Астанада ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді
Әрі қарай

Әуендер шеруі

Өмірде жанға жақын қаншама тамаша әуендер бар, қазір тыңдап отырған тректердің арасынан төмендегі екі әуенмен бөлісемін:
1. Rondo Veneziano — Armonie
2. Paul Mauriat — Alla Figaro
Әрі қарай

БАРЫС» БІРДЕ ҰТЫП, БІРДЕ ҰТЫЛЫП ЖҮР


Бұл күндері Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген Астананың «Барысы» кейбір бәсекелерде қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, қазақстандық жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөлесе, енді бірде жеңіліс тауып, көпшілікті қынжылтуда. Соңғы екі турда өткен қос кездесу жоғарыдағы сөзімізге айқын дәлел бола алады. Енді солардың нәтижесіне зер салайық.
Әрі қарай

«Күзетші». Бауыржан ӘЛІҚОЖА

Жатақханада өмір түнде басталады-ау…
Сенің сөзіңнен

Шырайыңда алаулап гүлдегі арай,
Оқу залын ду қылдық бірге талай…
Күн жарықта мүлгитін жатақхана,
Оянатын сілкіне түнге қарай.

Дала ұйқыда, у-шуы тынышталған,
Жатақта — өмір құралған дыбыстардан.
Қозғалысқа әуен боп үндеседі,
Тәтті сыбыс естіліп бұрыштардан.

Көздеріңнен бір кемел ойды аңғарып,
Қайта-қайта қараймын қайран қалып.
Балмұздақтар оңаша қалдыратын,
Бізді көріп отырған жайраң қағып.

Бара-бара айрылып күдік күштен,
Желік бітіп қылғанда үмітті үстем.
Сезімдерді үркітіп кетуші еді,
Тетпешектен адамдар мініп, түскен.

Шоғын үрлеп ғашықтың Алматы нық,
Арбалумен түн өтті жанға тұнық.
Кеудемізге бақ құсы ұя салып,
Бөлмемізге қайтамыз таңды атырып.

Тағдырымыз түйісіп торғын белде,
Жүзіңдегі шомылғам мөлдір көлге.
Бұлдыраған даланың сағымындай,
Елес болып барады-ау сол күндер де.

Еһ, төртінші қабатта тұратын қыз,
Өзің барда болмайтын мұратым күз.
… Сол екеуміз сыр шертіп, арманды айтып,
Қала ұйқысын күзетіп шығатынбыз.
Әрі қарай

Қоңыр махаббат

Алғы сөз орнына
Бүгін бейсенбі ғой.
Бұл әңгімесымағымды бұрынырақта оқыған шығарсыздар.Еш әріпін, сөйлемін өзгертпедім. Қателері де бар шығар,қарамадым. «Дабайға» салдым ғой деймін...«Алтын қаламға» жіберіп бағын сынап ем, болмады. 2004 жылы «Менің Отаным-Менің Қазақстаным» атты ҚР Шекара әскерлерінің он жылдығына орай өткен ҰҚК арасындағы конкурста бас жүлдені иеленіп еді. Ол кезде жәй солдатпын, ұтып алған соммам 100 доллар еді. Бірақ, оны кейін білдім.Мен мерзімді әскери міндетімді өтеп қайтып кеткен ем. Бұл жайлы «Отан сақшысы» газетінің 2004 ж. 18-ші тамыз Шекарашылар күніне арналған санынан оқып білдім. Оған дейінгі білгенім бір майор, бір полковник және менің екінші кезеңге өтуім еді.
Әрі қарай

Ендігі кезекте "Хэллоуин қай атамыздан қалған мереке еді?"

Қазақтың сұмырайдай сорлы журналистикасында қозғалатын нео-тізесішыққан тақырыптардың келесісі Хелоуин болса, түнқалмаңыз. «Хэллоуин қай атамыздан қалған мереке еді?», «Хэллоуин сияқты дiнiмiзге, жан-дүниемiзге, ұлттық санамызға, ұлттық тәрбиемiзге жат, ерсi, бүлдiргi мерекелер...», "Қазақтың жастары неге ұлттық мерекемізге қырын қарап, Американың, Еуропаның қазақ мәдениеті мен менталитетіне жат мерекелерін тойлауға әуестеніп алған?"… деген жылаңқы, өтімділігі төмен, жанды сөзі аз мақалалар жазылады. Осы сарындағы мақалаларда «70 жыл бодан болдық» дегендей тіркестердің болуы заңдылық. Потомушто олар бодан болғандарын әлі ұмытпаған на.
Әрі қарай