Шынайы махаббат деген не?

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.
Әрі қарай

Адамның бақыты — балада

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады.Сондықтан темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалана бастайды.Яғни өзін жападан жалғыз сезініп калайша адасып кеткенінде байқамай қалады. Осының салдарынан Жасөспірімнің имунитеті әлсіреп денсаулығы нашарлайды.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Әрі қарай

Туризмді дамыту жайында сөз қозғайықшы

Маңғыстау облысының туризмін дамыту туралы бас қатырып жүрген жалғыз мен болмасам керек. Сансыз ақпараттан басым айналады.Бәрін бір жүйеге келтіріп, мынадан бастап, былай жалғастырған жөн дейтін дерек жоқ (Бар болса да, таппадым).
Кімнен нендей ұсыныс болар екен? Қандай жағдайда Сіз МО келер едіңіз жазғы демалысыңызда?
ПыСы: Әңгіме ішкі туризм жайлы. Қазақ барын бағаласа екен деген ой ғой.
Әрі қарай

Сағатты жұмыстан шығару(Түсініктеме жазуға түрткі боған жағдай)

Сағатым! Ех, сағатым! Мені тағы маубас қылып, жұмысымнан қалдырдың. Осының дұрыс па? Кеше ғана адам секілді тіліңді тіліңе келтіріп, будильнигіңе қойып қоймап па едім? Азаннан оят дегенім қайда? Мүлдем көңілімді қалдырдың…
Әрі қарай

Жаңа бренд атауы керек...

Опшым, не ғо, анық-қанығын әзірге сұрамай-ақ қойыңдар, дизайн саласында бір брендтің атауы КЕРЕК болып тұр. Атау мейлінше қазақи және нәзіктікпен ассоциацияланатындай болса…
Ұсыныстарыңды осы жерге жаза отырыңдар, керекшілер
Әрі қарай

Салат, котлет...

Жаңа жыл дастарханына оригинальный рецептер іздуге кірісіп кеткен шығарсыздар. Біздің үйде де газет қиындыларынан, ескі блокноттардан, кулинария сайтарынан табылған тағам түрлері алдын ала «пробник» ретінде дайындалып жатыр. Әкеміз, бауырымыз, жарымыз деген сияқты бабы қиын персоналар ұнатқан тағамдарды мерекелік дастарханға қоямыз деп жоспарлап жүрміз.
Бұрын жасап көрмеген тағамдар, қаншалықты оңай әрі дәмді сияқты көрінгенмен, бір дегеннен көңілден шыға қоймайды. Төменде ұсынып отырған бір-екі рецепт не отличаются оригинальностью, есесіне үйдегілердің дәм айырғыш рецепторларынан «құламай» өтіп, овацияға ие болған деуге болады.
Әрі қарай

Жауабы жоқ мимырттар

суреттің жылы орыны
Белгісіз себептермен ішің кебеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің өтеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің қатады, шара қолданбаса қыйын.
.
.
.
.
.
Осылай жалғаса беретін мимырт. Себебін кім айтады?
Әрі қарай