Сағатты жұмыстан шығару(Түсініктеме жазуға түрткі боған жағдай)

Сағатым! Ех, сағатым! Мені тағы маубас қылып, жұмысымнан қалдырдың. Осының дұрыс па? Кеше ғана адам секілді тіліңді тіліңе келтіріп, будильнигіңе қойып қоймап па едім? Азаннан оят дегенім қайда? Мүлдем көңілімді қалдырдың…

Неге шырылдамадың айтшы, неге? Ана тіліңді айналдыра берме. Қалай отмазка жасасаңда сенбеймін. «Тық, тық» етіп тықылдауыңды да қой сосын. Бала емессің ғой солқылдайтын. Бәрібір жаным ашымайды. Қатты көңілім қалды саған…
Мен жұмысыма кешігіп қалдым, ал сен менің жұмысыма кешіктің. Ұйықтап қалдың… Сен менің қызметкерімсің. «Тұр» деген уақытта тұрып, мені оята салу – сол қиын шаруа ма саған. Ей мен сені қалай сатып алғанымды сен білесің бе? Дүкенге барып, ақшамды беріп… Сол кездегі қуанышымды айтсайшы менің. Үмітімді ақтамадың! Егер мен болмасам тұрар едің сол дүкенде көптің бірі, к… кірі болып. Срогың өтіп…
Ех сағатым, сағатым! Кешіккенім үшін бастығым маған выговор берді. Ал негізі оны саған беру керек еді. Өйткені бұл сенің кінәң. Отговорка іздемей, жігіттерше мойында. Мен де сөйттім жаңа бастығымның алдында.
Сосын не ғой. Қимай тұрсам да, бүгіннен бастап жұмыстан босатылдың. Өйткені сенің шалалығыңнан тағы да жұмысқа кешігетін болсам, мені жұмыстан шығарып жібереді. «Жұмыстан шығып ішіп кеткенше, ішіп жүрсең де жұмыстан шықпайтын жол ізде» деу ші еді удай мас кезімде мас біреу.
Маған да оңай емес. Тықылдаған дауыс сенен шыға ма, алде жүрегімнен бе? Обшем жүрегім сағат болып кетпей тұрғанды құрыш бар. Әне мусорка. Соңында айтарым, сенің бағың бір БОМЖ болып, сен оның бағы болып жүре беріңдер…
(Сағат мусорға кетті. Орын алған ситуацияға кінәлі сағаттың будилнигін өшіріп кеткен апайым екенін кейін білдім)
Бөлісу:

14 пікір

araika
Мәләдес! Бірінші боп қимылдаған жөн, яғни өзің жұмыстан қуылмай тұрып, оның көзін құртқаның өте орынды
Не ғой, ұялы телефондыкін пайдалансайшы.
FaraOn1
типично айтқаным ғой)
saken
Орын алған ситуацияға кінәлі сағаттың будилнигін өшіріп кеткен апайым екенін кейін білдім
мына жерінде Мәләдес емес сияқты ғой. Асыққан шайтанның ісі деген…
Milzhyng
иә, асығыс қабылданған шешім. Молодей болмай қалды.
FaraOn1
рас-ау өмірде талай шайтанмен істес, әріптес болып кетеміз. Бірақ бұл пост тек әңгіме үшін жазылған ғой. негізінде жұмысқа кешіккенім рас. кеше түннің бір уағында poleznoe.kzтен «Базар жоқ 4» ті тауып алмасм бар ма. Жаңа жылда көре алмай қалғаннан кейін, соны отырып алып көрдім. примерно 4 ке дейін. Содан таңертең қалтафонымнан екі рет будилнигі ойнаса да өшіріп тастап, соткамды құшақтап ұйқтап қаппын. Бар болғаны сол ғой)
Milzhyng
Өтірігі өтірік болғанмен, кінәні өзге нәрседен іздейтін сияқтысың. Басқа жағдайларда да
?
FaraOn1
жоқ негізі қателігім болып тұрса үндемеймін, ақталуға да тырыспаймын. Ал егер жала жабылып жатса, звездачетым, тоест жылани мінезім оянады.
Бұл жағдайда кіна менен. анау мынау деп лапша ілуге тырыстым, бірақ өтпеді. соңында үн-түнсіз түсініктемемді әкеліп бердім.
FaraOn1
осы жолы асығатын шайтанмен әріптес емес, ұйқышы сайтанмен төсектес болыпкеткем ау
araika
Бір күні болмаса, әйтеуір бір күні сағаттың дәл осындай рөлді сомдауы мүмкін ғой. Алдын алғанның артықтығы бола қоймас
Abilakim
апайын мусорға қалай лақтырсын
Abilakim
Ұялы телефонды мусорға лақтыра алмайды ғой)))
FaraOn1
Сағат қо қытайский 40 теңгенің)
Milzhyng
Жақсы пост. Бір оқиғаның өзінен монолог шығара білдің.