Туған жылыма ұқсайды екем

Жылан жылы туылғандар


Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.


сурет адресі
Желтоқсан айында туылғандар
Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін-өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағымсыз жайларға жиі себепкер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос-жолдастарының көп болғанын қалайды. Желтоқсанда туылған әйелдер – ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасын жақсы көреді. Бала тәрбиесін басты мәселе санайды. Және де олар- сезімтал, қызуқанды, өкпені кешіре бермейді.
Бөлісу:

36 пікір

AKA
Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді.
 ойдоойт, шағып алады деңіз.
e_zhalgas
 ойдоойт, шағып алады деңіз.
не ғой, шағып қалғанның өзінде, жыландардың аса улылары мен зиян еместері де бар екенін ұмытпаған жөн
AKA
89-дар жиналВап, жыландар  Мейіржан қайда екен, Мейіржаааан?
meirzhan
Мен сол Жалғас айтқан зиян еместер қатарынан болсам керек.
Былайынша келетін сияқты.
FaraOn1
маған көп жері келеді. бірақ тісім болғанмен уым жоқ
meirzhan
Жылан суық қой. Суықтық бар ма дедім біздерде  Бірақ тура қабылдамау керек шығар)) Мысалы, сиыр жылы туғандар «сыйлағанды білмейді» деп айта алмаймыз ғой
AKA
Білемін ғой  Сілтемемен өтіп, өзімнің жылымды да көріп келгем, келіңкірейді.
FaraOn1
Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты.
Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды.
Мешін жылы туылғандар
Олар — өзіне-өзі ғашық жандар.
Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік»
meirzhan
Мешін жылы туылғандар ең көңілді шығар.
Zhan
Құрбымды мазақтасам, «жылыңа сәйкес келесің, адамды жаман мазақтайсың» деп жыны келед. Сосын
Мешін жылы туылғандар
Олар — өзіне-өзі ғашық жандар.
рас. Оны мойындаймын.
AKA
Көрдім, оқыдым, осы жазылғанның ішінде бар
a63a1
Желтоқсанда туылған әйелдер – ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасын жақсы көреді. Бала тәрбиесін басты мәселе санайды.
Қарама қайшылық.
FaraOn1
Қайтейін өзімізді мақұлықпен салыстырып қойған заман ай)
araika
Жыландар жайлы жазылғандарға қосыламын, жақында ғана осыған ұқсасын оқып шығып ем.
Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр
Құп!
meirzhan
Шамына тимесең жақын жүруге болады
araika
«Сен тимесең, мен тиме» деген принцип тұғырынан түсіп қалмаса болды маған
Сен жылансың, оған қоса шаянсың! Аулаққа кеттім
FaraOn1
Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр
анти реклам ғой айтылғанға сене бермеу керек)))
VKM
89 жылғылар қауымдастығы… сссссссссссссссссссссссссссс)))
a63a1
5 сыныпта естіп мағынасына әлі түсіне алмай жүрген әнегім:
Екі сақау қыз дәрет сындырып отырып,
1 қыз — тылан тылан — деп айқайлапты
2 қыз — жоқ жоқ ол менің тітігім
Zhan
5 сыныпта естіп мағынасына әлі түсіне алмай жүрген әнегім:
Түсінбей-ақ та қой, сен бас ауыртатын ғаламдық мәселе емес
a63a1
күлетін жерін іздеп жүрмін әлі
a63a1
сыныптастарымның ду күлгеніне қарағанда
AKY
Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез-келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
Қорқақ.
Оттаған екен
bekkerey
Мынаны бұрен бір жерден оқығанмын…