4 жасар Әбіләкімнің сиямен салған суреттері

Неге сиямен? Қазір күйемен, құммен, бидаймен не болса сонымен сурет салатындар көп қой. Ауыл жаққа барып ескі сандықтан 4 жасымдағы салған суреттерім бар блокнотымды таптым. Бертінге дейін 4-5 жастағы салған суреттерім бар дәптерлер сурет альбомдары
Әрі қарай

Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт…


Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…

Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…

Әрі қарай

Эстафета: "Бағдаршам" һәм "Дениз бақыты" . Поторепартаж:))))

Уа, жамағат!!!
Түнеукүні Нұрғиса ағам салып берген эстафеталық сара жолды жалғастыруға рұқсат ет! Ағам Теріскейдің аспаздық қабілетін байқалық деген сәтте, тесікке кірер жер таппадым. Біз пенде өмірінде жетістіріп тамақ істеп көрмеген, керек десеңіз әлі «маңдайына таба тимеген» (© «Рапунцель») жігіт ек :))) Қой, ұят болмасын деп, бұрынырақта үйренген бірдеңелерді еске түсіруге тура келді.
Әрі қарай

эстафета : Сірне немесе бұқтырма


Мен эстафета күткен жоқпын айып етпессіздер! Эстафета ұсыныла қалған жағдайда не жазам қолымнан дым келмейд деп ойланып отыр ем кешеден бері. Сүйтсем есіме сап ете қалғаны :) Былтыр бір кабинетте отыратын ұжымдас достар болып отбасымызбен бірге кабинеттегі бір апамыздың (әпкеміздің кей жерлердің атауы бойынша)туған күнін табиғатта өткізгенбіз. Сонда осы тағамды өз қолыммен дайындап жұрттың алғысына бөленгенмін :)
Әрі қарай

Ерлан Оспан ұлды болды!

technosyndrom никімен танымал Ерлан Оспан бүгін 2-ші рет әке болды. Екінші ұл келді өмірге! Ерланды КерекИнфо атынан құттықтай отырып, сәби мен анасына зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!
Әрі қарай

Палымбет Ришелье. «Байбақтина Әселдің дипломдық жобасы» (үйрек қалпында)

«Ақзере – сабаз!» ©СаянҮш

Лібә, бір қазақтың коттеджіне жалданып жұмыс істеп едім. Бір күні кірпіш бітіп қалд. «Кірпіш келгенше сарайымда тұра бер, бір аптадай күтетін шығармыз» деді.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Сәнім Дион. "Жақып Жарылқасынның күнделігі".

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Сәнім Дион. Жақып Жарылқасынның күнделігі.

Мен, Бекетай құмның арман арқалаған қара баласы Жақып Жарылғасын, 1889 жылдың көктемінде Орынбордың Тихорецкое жасағына келіп қосылдым.
Отарбаның заманында аттан түсіп, мехнаты көп механикеге талап қылдым. Жылдық алыс жерлерде адамдар құсты да ерттеп жатыр екен дейді. Ондай жарқын заманда қаззағымның бөрік-кимешекпен босқа терлеп жүрмегенін құп көрдім. Үрдіске бейімделіп, сосын артымнан — қалған қаззақтарды ертсем, еліме еңбегім сіңгені, перзенттік парызымды өтегенім!

1889.5.13. Арабша хат танитыным ештеңеге іске аспады. Осындағы шоқынған татарлар орысша хат тану үшін дьяк Евлампийдің үйінде тұрып, қызмет қыла тұр деді.

1889.6.13. Дьяк Евлампийден «Слово Божьеден» дәріс алып, орысшам да түзеліп қалды, әріп танып, ежіктеп оқи да бастадым.

1889.7.2. Қаззақтармен алыс-беріске кісі керек дегесін, Жаманқалаға аттанып, онда граф Бестужевтің распоряжениесіне түстім.

1889.7.5. Граф менен «Особое уложениелерді» білесің бе деп сұрады. «Наизусть!» деп, қақшия қалдым да, честь бердім. Это понравился графу.

1889.8.5. Тура бір ай қаззақ пен орыстың арасында дәнекер болдым. Недостатки: свои же сородичи не преминут проклинать за предательство собственного народа; 2. Мой народ везет налоги в тюках, в кадаках, в карысах и в текше. Все это нужно перевести на метрическую. При недостачах приходится обратно перевести на степной лад. Кстати, недостачи много. Сповадился мой народ воровать. Прав был тот сын хорунжия Кунанбая, который утверждал, что воровство в степи не прекращается. Ибрагим этого словоблуда зовут, точно вспомнил. Да ну его.

1889.9.7. Граф вернулся! Из Парижа. Был на вселенской выставке. Впечатления от этого миргорода впрямь прет от него.
Очень удивился моему русскому. Даже позвал гарнизонных офицеров. Говорит, что степной кайсак в прилежности и рвении перещеголял всех их вместе взятых. Черт побери, мне было приятно.

1889.9.8. Состоялся обстоятельный разговор с графом. Справлялся о моем будущем.
— Слушай Яков, — говорит он, — я хочу твой пример использовать на переобучение всех степных кайсаков. Того и гляди: пройдут года, может и твой народ организует выставку, как в Париже!

Я был сражен приступом смеха. Кто способен из наших перебороть свое многовековое невежество! Ахметжан из рода Есима? Разве выкроит он время от своих бесконечных выступлений на домбре? Говорят, в последнее время сповадился говорить на арабском перед бухарскими купцами. При этом акцент такой ужасный, что последующие караванщики имеют при себе толмачей с арабского Ахметжана на обычный арабский.

Может выставку в степи осилить кто то из рода Ермегия? Не думаю. Вороватые они.

Не на моем веку все это будет.

1889.10.7. Нашел таки переводчика с казахского на русский. Напоминает меня, только глуповатый. По крайней мере, мое общение с кайсаками теперь крайне облегчится.

1889.10.10. В связи имеющимися секретными расчетами на страницах этого дневника, я обязан сдать его в канцелярию крепости. Прощай, мой молчаливый собеседник!
Яков Джарылгасымов-Оренбуржский, осень 1889 года от Р.Х.
Әрі қарай

Д.А.-ға (2-хат)

Тимати Ноаның «1876-2007» атты мақаласын оқыған едім. Телефон шалу дәуірінің соңы туралы. 2007 жылы америкалықтардың орташа айлық қоңырау шалуы 2013 рет болғанда, мәтін хабарламасын жіберу 2018 реттен асқанда телефон шалу дәуірі аяқталды дейді. Мен үшін бұл дәуір кейінірек аяқталды…
Есіңізде ме, телефоныңызда полифиония әуені болса дауысын айқайлатып қоюшы едік қой. Біреулер диктофонға жазып алып әуенге қоятын. Мобильді интернет дамығанда рингтондар да түрленді. Кейін телефонға қайта стандартты рингтон қою сәнге айналды. Мүмкін сән емес, адамдар жалыққан шығар. Сіз үнемі ренжисіз, телефон шалсам көтермейсіз деп.
Тұтқаны алмасаң өршелене қоңырау шалатындарды жек көрем. Менің мүлгіген тыныштық аймағыма баса-көктеп кіріп келе жатқан адамға ұқсатам. Есіңізде ме, айтып едім ғой сізге осы Тимати Ноаның телефон шалуға болатын «жалаңаш адам» принципі туралы. Яғни тек жалаңаш көрген (эротикалық мағынада емес) немесе көруің мүмкін адамдарға ғана ескертпей қоңырау шалуға болады. Егер ондай санатқа жатпаса, алдымен хабарлама жіберіп, қоңырау шалуға рұқсат сұраған жөн.
Шынын айтқанда соғылған қоңырау дауысын естігім келмейді. Мен қоңырауын асыға күтетін адам мүлдем жоқ бұл өмірде. Бейтаныс нөмірлерді көрсем тіпті қоңырау қабыл алмауым мүмкін. Түн ішінде жақындарым телефон шалса, зәре құтым кетеді суыт хабар ма деп. Суыт хабар тек түнде емес, тапа тал түсте келуі мүмкін екенін білсем де…
Кейде телефонымды авиа режимге қойып қоямын. Соңғы уақытта жиі. Бірақ үнемі онлайнмын. Тәулігіне 24 сағат. Маған жаза қойсаңыз, жауап бере қоямын)) Бұл әрине араласқым келетін немесе араласуға мәжбүр адамдарға қатысты))) Білесіз бе, қымбатты Д.А., соңғы уақытта бар ғой онлайн коммуникацияда да «тағылық» таныта бастадым. Әлеуметтік желідегі әңгімені жекеме сүйретіп әкелгенде, ортақ чатта отырған адам себепсіз жекеме шыққанда «біртүрлі» болып қаламын. Тіпті тіксініп қалам десем болар.
Жоқ, қоғамнан қашады, депрессияда деп ойлай көрмеңіз. Адамдармен сөйлесуге әрқашан әзірмін. Тек реал өмірде. Өтінемін, тек қоңырау шала көрмеңіз…
Ізетпен Б.
Әрі қарай

Алаяқтық синдромынан құтылудың 7 әдісі

Жоғары біліміңіз бар, жұмыс тәжірибеңіз де жақсы. Бірақ сізді мазалайтын кей ойлар бар. Өйткені бүгінге дейінгі жетістіктеріңізді бір сәттіліктің арқасында, сәйкестік нәтижесінде немесе басқа бір себепші арқылы болды деп ойлайсыз, кей нәрселерді тым оңай көріп, жұртты алдаған сияқты сезімде боласыз, бір күні жұрт біліп қалып, бетпердеңіз шешіледі деп ойлайсыз. Бұның аты — Алаяқтық синдромы.

Алаяқтық синдромы деген не?

Алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

  • Жетістігіңіз сәттілік, дұрыс жер, уақыт немесе бір қателіктің арқасында болды деп ойлайсыз;
  • «Мен істей алсам, басқалар да істей алады» деп ойлайсыз;
  • Жұмысыңыздағы кішкентай кемшіліктерді қатты уайымдайсыз;
  • Кішігірім сынның өзін тікелей сіздің кемшілігіңіз ретінде қатты қабылдайсыз;
  • Тағы бір жетістікке, табысқа жеткен кезде, тағы да басқаларды алдағандай сезімде боласыз;
  • Бір күні басқалар сіздің жұртты алдап жүргеніңізді, негізінде соншама қиын жұмыс емес екенін түсініп қалады деп қорқасыз.

Алаяқтық синдромының бір қызық жері — сіз табысты адамсыз. Тек мұны қабылдай алмайсыз. Резюмеңізді қарап тым артық жазғандай көресіз, болмашы нәрселер жазғандай боласыз. Жұрт жақсылығыңызды айтып мақтаса, тым артық артқандай болады.

Бұл синдромның себеп-салдарын анықтап, құтылу жолдарын іздеп көрейік.

Неге бұлай?

Әлемдегі мәселелердің негізі — ақымақтар мен фанаттар өздеріне қатты сенімді, ал ақылдылар күман толы.
Бертран Рассел, ағылшын философы

Психологтардың айтуынша бұның бір себебі: Даннинг — Крюгер эффекті. Яғни ақымақтау адамдардың өз деңгейлерін шынайы бағамдаулары үшін тәжірибелері және біліктілігі жетіспейді. Сондықтан да олар өздерінің кереметтіктеріне аса сенімді, тіпті негізінде олай болмаса да. Ал тәжірибелі адамдар бұрынғы қателерін, кемшіліктерін білгендіктен, сараптай алу қабілеттері болғандықтан өздерінің мүмкіндіктерін төмен бағалайды, тіпті өздерінікі дұрыс болса да. Бәлкім осының салдарынан болар, төмен деңгейдегі немесе интеллекті төмендер жақсы жерде қызмет етеді де, ақылдылар оларға қызыға қарайды?

Жыныстық тұрғыдан қарайтын болсақ, синдром әйелдерде көбірек кезігеді екен. Мұның бір себебі — әйелдің өзін еркектен төмен көруі болуы әбден мүмкін. Бірақ соңғы зерттеулерге қарағанда, табысты еркектерде де бұл синдром байқалады. Өнер адамдарында, ғалымдарда, шығармашылық адамдарында жиі байқалатын құбылыс. Мысалы, Эйнштейн өзін алаяқ сезінген, «неге адамдар мені соншама қатты бағалайды, пәлендей қиын ештеңе ойлап тапқаным жоқ қой» деп.

Отбасы факторы да маңызды. Кішкентайынан ең мықты нәтиже көрсету талап етілген отбасының балалары есейген кезде өз жетістіктеріне сенбейді-мыс. Олардың ойынша біреудің көмегі, жақындардың қолдауы немесе сәтті оқиғаның арқасында болған нәрсе деп қабылдайды. Сондай-ақ кішкентайынан көп сыналатын балаларда да болады. Өскен кезде әр ісінің сыналуынан қорқатын болады.

Қалай жеңуге болады?

1. Мәселені түсініңіз
Алдымен сізде осындай мәселе бар екеніне көз жеткізіңіз. Алаяқтық синдромы байқалатын адамдармен сөйлесіңіз. Пікірталасыңыз. Қолдаңыз бір біріңізді.

2. Сараптама жасаңыз
Жетістік, табыстарыңызды саралап шығыңыз. Шынымен кездейсоқтық немесе сәттілік пе, әлде шынымен өзіңіз қол жеткіздіңіз бе? Ой елегінен өткізіңіз. Батыл болыңыз. Өзіңізге сеніңіз. Өз бағаңызды біліңіз.

3. Кәсібилігіңізді тексеріңіз
Өзіңізден тәжірибелі адамдармен салыстырудың қажеті жоқ. Жас мамандармен, жаңа түлектермен жұмыс істеңіз. Нені жақсы істей алатыныңызды, тәжірибеңізді байқай аласыз.

4. Перфекционист болмаңыз
Әр нәрсенің ең кереметін жасауға тырыспаңыз. Ең мықтысы сіз болу керек деген нәрсе жоқ.

5. Жетістікке қуаныңыз
Болмашы нәрсе, кішкентай жетістік демей әр табысыңызға қуаныңыз. Оны иемденіңіз. Атап өтіңіз. «Жуу» дәстүрін ұстаныңыз. Бұл маңызды!

6. Өзіңізді дамытыңыз
Біліктілігіңізді арттыратын дәрістер алыңыз. Өз салаңыз бойынша білім іздеңіз. Бір нәтижеге жету үшін емес, өзіңізді дамытуға тырысыңыз.

7. Бетпердеңізді шешіңіз
Алаяқ болмаңыз. Маскаңызды шешіп тастаңыз. Жалғыз сіз ғана мұндай емес екеніңізді біліңіз. Батыл әрекеттер қылыңыз.