Месси үшінші мәрте мықты!

«Алтын допты» осымен үшінші рет «Мессилонаның» тойыс «Барселонаның» ойыншысы Леонель Месси жеңіп алды! Бұған дейін Йохан Круифф, Марко Ван БАстен, Мишель Платини ғана мәртебелі сыйлықты үш рет ұтып алған екен! Дауыс беру нәтижесінде Лео 47,88 пайыз дауыс жинады. Құтты болсын, «Барсафандар!»
Әрі қарай

Барселона бас бапкері Х.Гвардиола өз өзін ұстай алмады

Кезекті турда Осасунамен кездесетін Барселонаның бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан бір күн бұрынғы баспасөз мәслихатында өз өзін ұстай алмай күліп жіберді:



— Алдағы ойынға қатты дайындалдық. Осасунамен соңғы ойынымыз 8:0 ірі есеппен біздің пайдамызға шешілгені ештеңені білдірмейді. Қарсыласымызды сыйлаймыз, қазіргі футболда үлкен команда, кіші команда деген жоқ. Кез келген команда басқа команданы жеңіп кете… Буахахахххааа
Әрі қарай

Алақай, ауылға газ келді!

Жаңа жылды біздің ауыл жақсы көңіл күймен қарсы алды! Тура 31 желтоқсан күні ауылдағы 60 үйге газ кірді. Тура сол күні ақ түтек боранмен арпалысып аудан әкімі жаңа демалыс паркінің есігін ашты. Сол күні ауылдағы тұңғыш сауна да тұрғындарды тегін суға түсірді. Бұл жаңалықтардың бәріне де қуандым. Өйткені, от жағып, отын сатып алу оңай шаруа емес. Оның үстіне біздің жақтың бораны ғаламат. Қазір аудан орталығындағы құрылыс дүкенінде сауда қызып тұр. от жағудан мезі болған тұрғындар қардың қалыңдығына, қыстың ызғарына қарамастан, газ кіргізуді бастап кетті. Кеше үйге қонаққа келген апамдар босағадан аттай бере "Үй Ташкент, ночноймен жүрміз" деп қырып салды. Осылайша, бәріміз қуанып жатырмыз. Тек қи сататын бір әже «газ келіп, боқтың астында қалатын болдық қой» деп өкпелеп жатыр дейді.
Әрі қарай

Эмоциялық тәуелділік жайлы ойлар

… бір адамның екінші адамға эмоциялық тәуелділігі туралы жазуыңызды сұраймын. Мен үшін маңызды тақырып.
©Gulzhanat

Эмоциялық тәуелділік кесірінен жастар әлімсақтан суицид жайлы жиі жазады. Соған қарағанда байланып қалу мәселесі бір мәңгі мәселе боп тұр.
Жауап іздеп, архивті ақтаруға мәжбүр болдым, себебі бұл мәселеге көзқарасым осыдан 4-5 жыл бұрын бекіген еді.
Содан бері ойым қатты өзгере қоймады.
Ондай ойымның түзілуіне әлдебір дарвинист психологтардың эксперименттері және өзімнің жеке тәжірибем, бірталай таныстарымның баяндаған хикаялары, интернеттегі жылап-сықтаған мойындаулар негіз болды.
Эмоционалды тәуелділік — міндетті түрде махаббат емес, және басты ерекшелігі, ол бір адамның басқа адамның қасында болуынсыз, қолдауынсыз екінші адамның бұрыңғыдай бейқам өмір сүруге, қуануға, бақытты сезінуге қабілетсіздігінде.
Ғашықтық жағдайында, мысалы, жастарда көбіне сюжет төмендегідей өрбиді:
Әрі қарай

Тәжірибе - 1

Өткен жолы Бальзаминка (Гүлшат) әпкеміз "қыздар, тәжірибе алмасайық" деп өз асханасынан дәм таттырған еді. Бүгін «алаған қолым — береген» (!) деп, мен де төмендегі рецептіммен бөліссем.
Әрі қарай

1960. Свердловскі аспанындағы хай-вай.

Нақтың, қазір шығар — Google Maps-тан «міне менің ауылым, мніе мен жұмыс істейтін мәйітхана» деп, шелек болып отырғандарың. Ал 20 ғасырда ондай мүмкіндікті пантастика пильмдерден көрсететін, абдулхамитмархабаевсстың. Дегенмен, жаудың тылын суретке түсіріп, көтіне не тығып жүргенін қарауға құштарлық бәрібір болған. Ғарыштық кемелер әлі жоқ, қолда бары — ұшақтар ғана.
Әлқисса, америкөттерге бір күні херемет ой келді. Жер-жерден советтік радарлардың нашарлығы
Әрі қарай