Сәби болғым келеді, сәби болғым!

Назарларыңызға тағы суреттер ұсынамын. Кіндік қызым дей ме осыкүні қалай. Қырқынан шығарған күн. Мониторға қатты үңіліп қарамаңыз, көздеріңіз тиіп кетер. («Тіл көзім тасқа» деп айтып отырсаңыздар болады)
Әрі қарай

"Come ooon, Chelsea!"

Футболға ұйқының қисапсызын құрбандыққа шалуға барлардың кейде қиялдары, армандары болады. Корифейлердің допты ұршықша иіріп, дриблингтерімен орныңнан ұшырып тұрғызатын, ертесіне «кәрістеріңмен» (корештеріңмен) жарыса тәпсірлететін сәттеріне куә болу сағат белдеуі Еуропадан анағұрлым алдағы біз үшін көп ретте қолайсыздықтармен ұштасып жатады. Ал дәл сол элит-топтағы «топтардыкін» тебіскенін өз көзіңмен көру ше?
Әрі қарай

Жалғыз ағаш орман болмас

Сіз қазіргі уақытта бойдақтардың, одан қалды ажырасқан жалғызбастылардың неге көбейіп бара жатқандығын және ол кімге тиімді екенін білесіз бе?
Мичиган университетінің ғалымы Цзянго Людің есептеуінше жалғызбастылар отбасылардан көрі барлығын көбірек тұтынады екен.
«Guardian» журналынан Эван Морисонның пайымдауынша бұл жағдай өндірушілер үшін тиімді екен. Бойдақтар төрт адамнан тұратын отбасымен салыстырғанда адам басына 38%-ға артық азық-түлік, 42%-ға артық қаптама, 55%-ға артық тоқ, 61%-ға артық газ тұтынады екен.
Ажырасу да нарыққа тиімді: өйткені отбасы шайқалса, енді екі үй, екі көлік, екі кір жуу машинасы, екі теледидар қажет деген сөз.
Әрі қарай

Өмірімдегі ең күлкілі күн

Бұл менің студенттік кезімде болған жағдай. Сабақтан шығып, орталық базарға бет алған бойым. Көзімде күннен қорғайтын көзілдірік. Керім болып келе жатырмын. Содан автобусқа мінгенімде жаңағы көзілдірікті шешіп қойдым. Орталық базарға жеткенде көліктен түскен бетте жаңағы көзілдірікті тағып алдым. Сонымен келе жатырмын. Базар болған соң адам көп, ығы-жығы. Алдымда келе жатқан адамдар маған бір түрлі жымиып қарайды. Содан көзімнің ауырғанын сездім, бірақ күндегідей ғой, күні бойы тақтаға қарайсың, көзілдірік сорып тастаған шығар деп, мән берген жоқпын. Байқаймын кейбіреулері күледі, сыбырласып бір-біріне мен туралы айтып жатқан сияқты. Үстіме қараймын, бір жерім ашылып келе жатқан шығар деп, жоқ, бәрі дұрыс. Сонымен базарды аралап, үйге қайтайын деп, газельге міндім. Орын бар екен, отырдым. Жаңағы күннен қорғайтын көзілдірігімді шешсем, мәссаған, бір әйнегі түсіп қалыпты. Енді күлейін десем жағалай адам отыр, мынау жынды ма деп ойлар деп өзімді әрең ұстап отырдым. Содан үйге жетіп, мамама айтайын десем, күлкі өлтіріп бара жатыр, күліп жатырмын, айта алмаймын. Бастаймын да, сөзімді аяқтай алмай, күлем жатып алып.
Сіздердің де осындай жайттарға душар болғандарыңыз бар шығар, бөлісе отырыңыздар, бірге күлейік!
Әрі қарай

Мамилапинатапай



Mamihlapinatapai (мамилапинатапай) — кең мағыналы және аударылуы қиын сөз ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген екен. Мамилапинатапай — Оң.Америка архипелагтарының бірінде тұратын яган тайпасының тіліндегі сөз. Мағынасы: Бір бірін қалап тұрған, бірақ бірінші болып бастағысы келмей қарсы жақтың бастауын қалайтын 2 адамның бір біріне көзқарасы. Қысқаша айтқанда — Қалап тұрмыз, бірақ ұяламыз.

сурет: factroom.ru
Әрі қарай

Қайта тірілген күшік, жарғанат-мысық және кішкентай ғалым-пысық



Әлі есімде бастауыштан «босап» шығып, мектептің бел буынына қосылған тұста кішкентай қара-ала күшікке қолым жеткен-ді. Шыр айналып, зырылдауықша жүгіріп жүрген сол күшік аяқ асты ауырып, өледі-ау деп жатқан кезінде әжептеуір қиналғаным бар.
Әрі қарай

"Ақтөбе" фанаты Малика: Стадионда бір рет қараған футбол, теледидардан қараған футболдан 10 есе артық

Соңғы жылдары трибуналарда қыздар саны көбейіп келе жатыр. Футболға қыздар да қызыға бастады. Тіпті ультрас бағытын ұстанатын фанат қыздар да бар. Солардың бірі Малика — «Ақтөбе» клубының фанаты, «13-сектор» фанаттар бірлігінің мүшесі. Бұл сұхбатта ультрас қыздар қандай болады, жалпы қыздардың футбол махаббаты туралы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Малика:

Жасы: 25
Қызметі: Жылжымайтын мүліктер орталығының маманы
Сүйікті фильмі: Унесенные ветром, Қыз Жібек, Приключения Шурика. Қанша рет көрсетсе, сонша рет қарай береді
Сүйікті музыкасы: Аралас, көбінесе RAP
Сүйікті тамағы: Еті бар тамақ
Ұнайтын командалар: (Ақтөбеден басқа) Спартак Москва, Барселона
Сүйікті киім бренды: Бренд талғамайды, ұнатқан киімді кие береді
Ақтөбедегі ең ұнайтын жер: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Негізі Ақтөбенің барлық жері ұнайды

— Футболға қызығушылық қашан басталды?
— Футболды 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен Футболдан Әлем Чемпионатын қарап ұнаттым. Сол кезден бастап Испания құрамасына жанкүйер болып келемін. Биыл футболды сүйсіне қарап жүргеніме 10 жыл. Қазақстан футболына қызығушылық 2005 жылы басталды.
Әрі қарай

Өмірдегі ең үлкен ұстазым...



..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде.
90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды…
Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын…
Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды…
Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі…
Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой…
Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай…
Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
Әрі қарай