"Ақтөбе" фанаты Малика: Стадионда бір рет қараған футбол, теледидардан қараған футболдан 10 есе артық

Соңғы жылдары трибуналарда қыздар саны көбейіп келе жатыр. Футболға қыздар да қызыға бастады. Тіпті ультрас бағытын ұстанатын фанат қыздар да бар. Солардың бірі Малика — «Ақтөбе» клубының фанаты, «13-сектор» фанаттар бірлігінің мүшесі. Бұл сұхбатта ультрас қыздар қандай болады, жалпы қыздардың футбол махаббаты туралы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Малика:

Жасы: 25
Қызметі: Жылжымайтын мүліктер орталығының маманы
Сүйікті фильмі: Унесенные ветром, Қыз Жібек, Приключения Шурика. Қанша рет көрсетсе, сонша рет қарай береді
Сүйікті музыкасы: Аралас, көбінесе RAP
Сүйікті тамағы: Еті бар тамақ
Ұнайтын командалар: (Ақтөбеден басқа) Спартак Москва, Барселона
Сүйікті киім бренды: Бренд талғамайды, ұнатқан киімді кие береді
Ақтөбедегі ең ұнайтын жер: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Негізі Ақтөбенің барлық жері ұнайды

— Футболға қызығушылық қашан басталды?
— Футболды 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен Футболдан Әлем Чемпионатын қарап ұнаттым. Сол кезден бастап Испания құрамасына жанкүйер болып келемін. Биыл футболды сүйсіне қарап жүргеніме 10 жыл. Қазақстан футболына қызығушылық 2005 жылы басталды.

— Ата-анаң, айналаңдағылар не дейді сенің футбол ауруың туралы?
— Ата-анам футболдың өзіне қарсы емес, тек ультрас дегенді ұнатпайды. Теледидардан қарағым келсе қараймын, стадионда қарауға да қарсы емес, тек сыртқы ойындарға жібермейді. Ағаларым кейде телефон шалып, қашан қандай ойын болатынын немесе қандай нәтиже болғанын сұрайды. Құрбы-достарымның көбісі футболды ұнатады. Жұмыста да футбол ауруына шалдыққан адамдар жоқ емес.

— Секторларда қыздардың көбеюі туралы не дейсің? Жалпы қыздар футболға не үшін келеді?
— Қыздар футболды жақсы көріп, стадионға футбол қарауға, сүйікті командасын қолдауға келсе керемет қой. Негізі байқауым бойынша футболды жақсы көретін қыздардың саны артып отыр, ал жігіттердің саны азаюда. Кейде қыздар болып футбол қарауға біреудің үйінде немесе Спорт-барда жиналамыз. Футбол қарап қызыққа ставка қойып журген қызды да білемін. Жалпы қыздар футболға не үшін келеді деген сұраққа нақты жауап бере алмаймын, өз басым футбол қарауға, командамды қолдауға барамын. Стадионда бір рет қараған футбол, теледидардан қараған футболдан 10 есе артық. Стадионда матчты қарауға келетін әжелерді де көрдім. Мода деп келетіндер де бар. Бірақ соның өзінде футбол мүлдем ұнамаса қаншалықты мода болса да келмес еді. Тек айта кететінім стадионға келетін қыздар өздерінің киімдеріне, жүріс-тұрыстарына қараса екен, сонда «қыздар футбол қарауға келе ма әлде..?» сияқты сұрақтар туындамас еді.

— Футбол тек визуал түрде қызық па? Футбол тактикаларын, есептерін, ережелерін жақсы түсінесің бе?
— Футбол барлық жағынан қызық, егер ол нағыз футбол болса. Визуалды дегеніңді түсінбедім. Футбол жалпы 90+ минут өтетін сценарийсіз шоу ғой. Әр клубтың, бапкердің, футболшының өзіндік техникасы бар, ал ойында қай команданың техникасы жеңетінін тек ойынның соңында білеміз. Әр матч өзіндік тарихына ие, әр сәт жақсы болсын, жаман болсын есте сақталады. Футбол тактикаларын, есептерін, ережелерін жақсы білемін деп айта алмайм. Бірақ сауатым жоқ деп те айта алмаймын. Түсінбеген жағдайлар болса білетін адамдардан сұраймын, жауабын іздестіремін.

— Ультрас сен үшін өмірлік стиль ме?
— Ультрасты өмірлік стиль деп атау дұрыс емес меніңше. Және ол стильді қалай анықтайды? Киім бойынша ма, музыка бойынша ма? Ультрас деген ультрас. Маған тек футбол қарау ғана емес оған қатысу ұнайды. Алаңға шыға алмаймын, ал трибунада қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Жігіттерге перформанс дайындау кезінде көмектескен ұнайды. Дауыстық суппорт туралы айтпасақ та болады, фан-секторда тұрып үндемей тұру — бұл мен туралы емес. Егер бір рет ультрас болсаң, бұл мәңгілік солай қалу деген сөз. Айналаңдағы барлық нәрсе — талғам, мекенжай, жұмыс, ортаң немесе т.б. Бәрібір кейін отбасы құрып, бизнес бастап, есейгеннен кейін де футболға барған кезде фан-сектор жаққа тартып тұрады. Эмоцияңды шығармай футбол қарау қиын болады. ТВден футбол қарағанда да комментатор дауысын емес әр жағындағы стадион дауысын тыңдауға тырысасың, фанаттар перформансын бағалайсың.

— Қандай «выездарға» бардың?
— Менде тек 3 «выезд»: Қостанай, Қызылорда, Орал. Болашақта саны көбейетініне үміттенемін. 2008 жылы Алматыда өткен матчтарға да бардым. Бірақ оларды «выезд» деп санамаймын, өйткені сол кезде Алматыда оқып жүрген студент едім.

— Еркектер компаниясында жүру қиын емес пе? Олардың өз әңгімелері, тілі, әзілдері болады дегендей.
— Еркектер компаниясы болғанда, бізді қосқан футбол мен сектор ғой, әңгімеміз бір және секторға келетін жалғыз қыз емеспін ғой. Сыйлаушылық бар болғасын мүлдем қиын емес, керісінше оңай десем де болады.

— Жігітің бар ма? болса ол не дейді сенің футболға баруың туралы?
— Жігітім бар, ол да мен сияқты фанат. Бірақ басқа команданың фанаты. Онымен өткен жылы біздің қаламызға «выездға» келген кезде таныстық. Биыл «алтын маусым» жасады, яғни өз командасының сырталаңдағы барлық ойындарына барды. Менің футболыма қарсы емес.

— Мен танитын фанат қыздардың көбі тұрмыс құрғаннан кейін футболды қойып кетті. Қалай ойлайсың, футбол қыздар үшін уақытша нәрсе ме?
— Уақытша емес, мүмкіндік болса қарайды ғой футболды. Тұрмыс құрғаннан, балалы болғаннан кейін шаруа көбейіп кетеді, сосын футболға баратын уақыт табылмайды. Үйдегі еркелікті тастап күйеу жұрттың үйінде келін болып жүргенде футбол қарау қиындау шығар. Өзім тұрмысқа шыққанда білермін ол жағын, қазір нақты жауап бере алмаймын.

— Футбол тек еркектердікі деген оймен келіспейсің яғни?
— Футбол тек еркектікі дегенде, футболды тек еркектер ойнау керек, ал қыздар ойнаған футбол ұнамайды. Ойнағаннан көрі футбол жанкүйері болуға, стадионға немесе сыртқы ойындарға барып дауысыңды аямай сүйікті командасына қолдау көрсеткені меніңше дұрыс болады.





Қыздар баннер т.б жасау істеріне де қатысады.







Мұндай фанат қыздары бар командаға жеңілу ұят



Қыздар сырт алаңдағы ойындарға да барады.



Маусымның алғашқы «выезды» — Қызылорда.



Қыздар фанаттардың әуежайдан команданы күтіп алу дәстүрін де ұстанады



Футболдан тыс өмірде ол да қарапайым қыз.



Маликалар осындай отбасы армандайды.
Бөлісу:

40 пікір

Nurgisa
Бәрібір ертең тұрмысқа шыққасын қалады бұл іс. Дегенмен, тамсануға тұрарлық екен бұнысы.
bizbike
Ақтөбе чемпион!!!
asaubota
Әнуарбек құданың қызы да Ақтөбеден екен ғо?
Daniar-Alan
Мақсаттары тек қарапайым күйеуге шығу ғана емес, осындай бір қызығушылығы бар қыздар найд…
asaubota
қыздардікі уақытша махаббат деген ұстанымдамын әлі
Armanjan
Басынан оқи бастағанда Рафаның жазбасы екен деп қаппын
aza
Малика ұнайды!!!
Aldeken
Маликаның мамасы ше?
aza
«Сенің анаң алтын...» деген ән бар еді ғой))) Алтынның сынығы да алтын болар…
Erke
Төртінші суретте, зілтемірші қыз Светлана Подобедовада Ақтөбеге келіп қолдау көрсетіп жүр қала аттас командаға!
asaubota
кілең любойын сындырамыз деген Кіші Жүздің қыздары
aza
Команданы күтівалғандағы футболшы кім? Футболшы ма, әйтеуір?!
Erke
футболшы болмасада, содан артық жөні түзу доп тебетін адам жоқтың қасы Қазақстанда!
aza
иии, мен артық-кемдік туралы айтывотқан жоқпын, кім дим?! Жәй сұравотрмын, кім, кім, КІМ?!
Erke
Аза брат қазақ футбол туралы тақырыпта сен аңгіме қозғамай ақ қойсаңда болады бұл жігітті танымасаң!
aza
Жарайды, келістім! Бұл жігіт Ахметовтың Үкіметіндегі жап-жас, су жаңа еңбекті, халықты әлеуметтік қорғау министрі емес шығар деп ойлап отырмын… Тіпті, оны танымай қап жатсам да әбестігі жоқ…
Иии, мынау «Хабар 24 те» жаңалықтар жүргізетін жігіт емес па, әйтеуір?!
Erke
Осы жігіт Самат Смаков деген!
aza
Нұр Отанның бір шенеунігі ма не?! Еее, нұр отан әйтеуір, күтіп алу, шығарып салу сияқты акцияларда жүреді. Лондоннан да күтівалғанда солар жүріп еді.
bizbike
Бұл Марат Смақов қой, танымаймыны несі?
Jacqabaies_Chirac
Марат Смақов
Abilakim
Мен де олай қарадым, былай қарадым Саматтан басқа футболшының суреті жоқ)))
aza
Қукеттің ғо, Әбіке, Самат емес, Марат дит)
Daniar-Alan
сен не шықпай қойдың на посттан айналшықтап…
aza
Малика туралы ғо, нақ)
asaubota
Марат Хайруллин емес пе екен?
bazuka
Саматтан ұят болды-ау
MickThatsMyNick
Менің сыныптасымның апасы.) қазақшаға шорқақтау ед, осындай фанатик фандар көп болсын, тек ТӨБЕлеспеңдер
aza
қазақшаға шорқақтау ед Малика сондай өзі…
asaubota
маған жауаптарды қазақша жазып жіберді
Abilakim
Ақтөбе-Шахтер ойынына Астанадан келген «Ақтөбе» клубының жанкүйер қызы есіңде ме? Менің есіме түсіп кетті((((
asaubota
есімде, есімде
Abilakim
оны ұмытсақ есіміздің дұрыс емес болғаны ғой
neoaskar
Өмірімді футбол фанаты болуды армандамаппын, фанаттарды түк түсінбеймін, доп тебетін біреу, (не танысы, не туысы, не ұлты, не жездесі емес (қазақтың қыздары басқа ұлттарға тиіп жатқасын)) соған бола ауырып, доп сала алмасы жылап, сала қалса айқайлап қуанып жатқандары.
Футболды өзім ойнасам әрине барымды салып ойнаймын. Шымда өзбектерді 11-0 есебінен ұтқанбыз. Жылап жібере жаздады өзбектер. ол Машатта болған.
ал чемпионаттарды кейде болмаса, беріліп көрген емеспін.
Daniar-Alan
Шымда өзбектерді 11-0 есебінен ұтқанбыз.
мәләдестер!!!
neoaskar
Негізі қазақ футболына ауылдан шыққан қазақ жігіттерін тарту керек сияқты. Оған Шымкентте болған ойынды куә ретінде тартуға болады. Біздің қазақ жігіттері мықты ойнады. Енді мен арасына әйтеуір допты теуіп пас бергеніме мәз болып жүрдім ғой.
Қазақ футболы қазақтармен жасасын!!!
Adiletshu
Футбол қараудан емес, жанкүйер болудан ләззат алатын сияқты.
19852407
Менің бастығым Барсаның фанаткасы. Барсаны да, бастығымды да сүйем деп айта алмаймын…
Бірақ, тап қол бос болса, жақсы бір компаниямен оралдық стадионға барып айқайлап-айқайлап, уілдеп қайтуға болады
Erke
Бугин Актобе — тобол сонынан кейин осындай сурет кордик!!!
Соңғы түзету:
mercedes
мына қыз вконтактіде менің друзьямда бар