Мамилапинатапай



Mamihlapinatapai (мамилапинатапай) — кең мағыналы және аударылуы қиын сөз ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген екен. Мамилапинатапай — Оң.Америка архипелагтарының бірінде тұратын яган тайпасының тіліндегі сөз. Мағынасы: Бір бірін қалап тұрған, бірақ бірінші болып бастағысы келмей қарсы жақтың бастауын қалайтын 2 адамның бір біріне көзқарасы. Қысқаша айтқанда — Қалап тұрмыз, бірақ ұяламыз.

сурет: factroom.ru
Бөлісу:

35 пікір

alisha
Гиннес демекші жаңа ғана бір әріптесім кеп рекорд жаңартқысы келетінін айтты. " Гиннестің рекордтар кітабына енген ең тілі ұзын адамның тілі 9-ақ см. екен. Менікі 11-ден асады. Бүгін қайтадан өлшеймін. Обидно ғой",- деп қояды.
Abilakim
менің бір кластасым оқушы кезімізде тілін мұрнының екі тесігіне кезек кезек кіргізтіп бәрімізді күлдіруші еді.Оның да тілін өлшей салатын екен
ruben
Бір ескерту. Тілдің еріннен шыққан бөлігінің ұзындығы: ~10 см, рекордтағы
alisha
Тістен бастап өлшейді дейді
Nurgisa
Әбіләкімнің постының ізімен:

Тілім ұзын болмаса, жырым ұзын бола ма,
Жырым ұзын болмаса, ырың-жырың болады, ә?!
Тілім ұзын болғаны, сөзім жетсін дегенім,
Салаңдатқан ит болман, я, әруақ, жебегін!
Abilakim
Серік Сейтман далада қалды-ау)))
Nurgisa
Оны қайдан танисың???  Бізден бір-екі курс төмен оқыған бірәтешкілер ғой
Abilakim
сол брәтішкеңғой мына өлеңнің аптыры
Nurgisa
Кешір, минустауға тура келді

Қазақтың «айналайыны» бар мысалы, бір сөзбен аударылмайды. Қымызмұрындық бар. Айттыру… Тізе берсең шығады…
rakisheva
Суретті күшті таңдапсыз
Gastarbaiter
— Go ahead, make my day! (Ақтау диалектісінде: «Бастап қара, інім!»)

asaubota
тақырыпқа сай дым пікір жоқ екен, тек Айнұр ғана менің жақсы сурет таңдау қабілетіме тағы да бір рет басын иген екен

осындай көзқарас шынымен болады ғой? кім көп кездесті?
alisha
Болады ғой. Қалауымызбен жүрмеуге менталитет, комплекс, тәрбие деген нәрселер «көмектесіп» жатады кейде. Бірақ бұл дұрыс деп білемін. Мен қалауыммен жүрер болсам… қой, жоқ, оңбайды екем
Gulistan
Мен де соны айтайын деп жатқам. Расымен, қуып кетіпті.
alisha
Жазасын кесіңдер ал Қатты қумадық
Aidakonya
"Қысқаша айтқанда — Қалап тұрмыз, бірақ ұяламыз" маган катысы жок, мен ятсызбын десен
Daniar-Alan
мен ятсызбын десен

даж тааакк??
asaubota
өмірде талай сәт тормоздықпен аяқталды-ау? екі жақ талай рет бірін бірі іштей тормоздықпен кінәлаған шығар талай рет?
alisha
Кейде «риза болатын» кездер де болады
Daniar-Alan
қарсы жақ ішіваған кезде деп қойсаҢч
torgai
Сөйтіп ынтығып жүріп, айта алмай кету — ақымақтық, өкініш, ең сорақысы — адамгершілікке жатпайды. Жігітке үлкен сын ғой.
UMYTYLGAN
солайы солайшар, менде але де сол (жанагыдайапай). талай жерден ұяң жігіттің әніне басып қайтам, жыным келед нақ
a63a1
Бізге яғни қазақтарға, ұзақта әрі пафосты сөздерді бір сөзге сиғыза салмасқа?
edige
Үлкендердің пікірі бойынша "Қазіргі жастар керісінше Papihlapinatapai сияқты ма қазірде..."
MickThatsMyNick
Mummy, Лапинат апай келе жатыр.
KILYZAMAN
«Сен тиемесең, мен тимеймін бадыраң көз» — дегенді маған жиі айтатын сыныптас қыз, қазір бір ауыл анасы :-)
ken

ең ұзын сөз екен. химиялық заттың атауы. 189 819 әріптен тұрады. сөзді толық айтып шығу үшін үш жарым сағат уақыт кетеді екен.
мына жігіт оқуды бастағанда сақалы жоқ еді, соңына қарай сақалы қарайып қалды.
asaubota
осындай жағдай болғандай болып көрінді жақында :)
KerimAyankyzy
Солай жақсы сияқты, Соның арқасында қаншама сезімдерді сезініп көресің. "Қиналу, мұңаю, сағыну, келесі жолы тормоз болмаймын деп тырысу… т.с.с… :) :)
Beytanis
Бұқақақақақақақақақа