КерекИнфо қолданушысы, кім ол?

КерекИнфо қандай сайт?
КерекИнфо Livestreet CMS арқылы жасалған блог жүйесі. Бұл форматта коллективтік блог (қауымдастықтар) және жеке блог жүргізуге болады. Ешқандай техникалық білім қажет емес. Тіркелген қолданушы бірден өз блогына мақала жаза алады, сурет, сілтеме, аудио, видео қоса алады, сауалнама жүргізе алады. Сондай-ақ бұл жер еркін пікірталас алаңы. Пікірталас бар жерде әрине оффтоп та флуд та болады. Кейде мақаладан гөрі пікірлер қызықты болып жатады. Көпшілікке де ұнайтын нәрсе осы пікірталасу.