FPC ұсынған АҚШ сапары: блоггерлік институтын ұштау талпынысы
07.07.07 датасында блог жүргізуді бастап жатып, бұның ақыр түбі неге ұласуы мүмкін екенін елестету ойда болмапты. Төрт жылға жуықтап қапты. Аршаттың көмегімен қолайлы шаблонды икемдестіріп жатқанымыз кеше ғана сияқты еді.
Жуырда АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіне қарасты Foreign Press Center өкілдері хабарласып, маусымның 12-18 аралығында Америка Құрама Штаттарында Blogging for Social and Political Change (Әлеуметтік және саяси өзгерістер үшін блог жүргізу ісі) айдарымен өтетін журналисттік турға жолдамалы болғанымды білдірді. Тәжірибе алмасуға жақсы дәнекер болғалы тұрғанын соңыра ұқтым, шамасы.
Жиырма елдің блогшысы жиналады екен. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Ирак, Израиль, Германия, Португалия, Қытай, Филлипин, Пәкістан, Ауғанстан, Йемен, Оман, Морокко, Бахрейн, Армения, Индонезия, Зимбабве, Уганда және Кения елдерінен жиырма блоггер жиналатын ұқсаймыз. Бізге алдын-ала жолданған бағдарламаға сәйкес, Вашингтонда АҚШ Үкіметінің қазіргі заман медиясына жауапты құзырлыларымен пікір алмасады екенбіз. Сонымен қатар тур барысында интернеттегі сөз бостандығын қорғау топтарының белсенділерімен, Миннесота Университетінің журналистика факультеті студенттерімен дидарласып, Миннеаполисте екі күндік Blogs and New Media in Political Advocacy (Саяси ұстанымдарды қорғауда блог және жаңа медияның ролі) форумына қатыспақпыз. Қолым тигенінше «оқиға орындарынан» балауса жазбаларыммен бөлісіп отырамын.
Осы апта соңында межелі жолсапарға аттанбақ шарт. Оған дейін ҚазНеттегі негізгі жағдайларды, түйткілдерді бір саралап алсам ба деген ниет бар. Түйінімнің бастылары www.kerekinfo.kz еркін блог жүйесі негізінде жасақталатын шығар. Бүгінгі қазақы ғаламторланудың айшықты мозаикасы дәл осы «керекинфо» болып тұр. Тезистердің басыбайлысы да, тиісінше, соған байланбақ.
Мұхит асып жүргенде сіздердің де талап-арыздарыңыз болса, қосар ойларыңыз болса оны да біле жүрсем игі еді. Біріге әлі біраз асуларды еңсеріп тастармыз. Нәсіп болса.
Ал әзірше, 94 жылы Түркияға қыдырыстап барғаным болмаса, шет асып көрмеген мен үшін апта соңындағы шалғайдағы жұрттыкін барып көріп қайту қызық іс болайын деп тұр. Үйдегілер жолда қарның ашып қалмасын деп қамқор көңілмен дорба-дорба нан-пан, сүр ет, тары-талқан сап, ұятты қылмаса деңіз…
Мүмкіндік болса, Иран, Ирак, Израиль, Қытай блогшыларымен жеке әңгіме-дүкен құрып, сұхбаттассам ба деймін, реті келсе.
Аудармашы ретінде де қызық саяхат болғалы тұр. «Бриллиантовая рукадағыдай» оригинал кока-кола ішсек пе деп те қоямыз
Меніңше, Араб елдеріндегі фейсбук революциясы да сөз болатын шығар. Біздегі интернет бостандығы туралы ойды біріздендіру қажеттігі туып тұр.
Kenya Moreen Majiwa
Uganda Rosebell Kagumire
Zimbabwe Delta Ndou
China Deng Zhixin
Indonesia Herman Saksono
Philippines Maria Jose
Armenia Samvel Martirosyan
Germany Kübra Gümüsay
Portugal Paula Da Silva
Bahrain Lamees Dhaif
Iran Mehdi Mohseni
Iraq Qais Arif
Israel Ziad Abu Zayyad
Morocco Zouhair Ait Benhamou
Oman Susan Al Shahri
Yemen Afrah Phleem
Afghanistan Masoud Hasanzada
Kazakhstan Nurgissa Assylbekova
Kyrgyzstan Ilia Lukashov
Pakistan Sana Saleem
Сапар сәтті болсын, Нұреке! Аллаһ жар болсын!
Қазақ блогосферасына пайдалы мәлімет сыйласын саяхатың.
Ол жағын Кәмшат ханымға ескертесіз ғой...Nurgisa@
Сапарыңыз сәтті, жолыңыз оңды болсын!
Асуда да белде де
Жолың болсын Нұрғиса!
Керекшілер жақын ед.
Жарым ырыс жақсы сөз,
Уа, жарандар, рақмет!
Әзірге дайындығым сол, апаражақ ноутбугіме қазақша қаріптерді жапсырып қойдым. Әдемі боп қалды.
Асқаттан не өзіңнен сотыбидан түсірілгенді тікелей блогта жариялау құпиясын біліп алу керек еді, негізі…
менікі әзіл екенін білесің ғой құрдас, жолың болсын. маған бірдеме алып кел.