Атырау блогшыларының kerekinfo туралы ойлары
Кешегі блогшылармен кездесуіміз құр сөз болып қалмасын деп, әрі түбінде осы kerekinfo-ны қазақ тіліндегі үлгілі бір жобалардың біріне айналдырайық деген ниетпен шағын сауалнама жүргізген едім. Соны ұсынып отырмын.
Атырауда жүргенде өзімді бөтен қалада жүргендей сезінбедім. Үнемі айналамда танитын адамдар болды. Бәлкім содан болар. Бұған дейін келгенде мұнша таныстарым жоқ сияқты еді. Мына барысты өткен жолы келгенде де көрген едім. Әлі де сол ғимаратқа қарап, айбар шашып тұр екен. Бір ырыммен жасалған болар деп түсіріп алдым.
Мына әдемі оюды «Самұрық» деген мейрамхана ішінен көрдім. Іші қазақи оюлармен әрленген. Әрі өнерпаздар күмбірлетіп күй орындап отырған мейрамхананы алғаш көруім еді.
Пысы. Атыраудағы барлық блогшыларға әрі олармен кездесуге себепші болған Алматыдағы блогшыларға да үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Суреттер Атырау қаласын аралап жүргенде түсірілді.
Әрқашан жүзіңізден осы күлкіңіз кетпесін!!!
Солай.де админдерін өмірде көргендей болғаным үшін, Өрімтал, рахмет Сізге!
@nurbergen_makym,
Маратхан аға жүр екен… Солай де еске түсіп кетті…
Гүлістан әдддемі! Жақсы адам екені көзінен, күлксінен білінеді
Декан деген Сигма ағай екен ғой.Біліп жүретін болдық.
Нұрберген Мақым әдемі аға екен)
Меніңше мәселе қолданушылардың әр-түрлілігінде, әр жақтан — яғни түрлі сайттардан (ресми, бейформал) келуінде. Олар бұрын мекендеген сайттың өз ерекшелігі болған. мысалы, кейбір ортада «бұттан кету» норма болса, ал басқалары мұны қабылдай алмауы мүмкін. Сөйтіп, әр-түрлі орта, сайттардан келгендердің менталитеттері кейде келіспей қалады.
Бірақ әрине керекинфо — мозайка болса, әр қолданушы — яғни мозайка бөлшегі өз суретімен, бейнесімен, жазуымен, стилімен құнды.
Гулстан десе, Гулстан екенсіз!
@nurbergen_makym , жжот!