Апокалипсис: Тасқын



Спасибо, Боже, что дал насладиться этим местом, перед тем, как здесь начнется Конец Света.
Симпсоны


— Хееееййй… Джооон! Қалллайсың!?

Терезе алдындағы үстелде сыра ішіп отырған қатпа қара есіктен кірген еңгезердей шерифті көріп, әкесі келгендей қуанды.
Әрі қарай

Жаз бойына қараған сериалдарым :).

Корей сериал фанаттарына:

Астанада жүргенімде бітірген істерімнің бірі осы сериал көру болған шығар. Нақты айтқанда сериалдар. Үш сериалды көріп бітірдім, қалған үшеуі өкінішке орай аяқсыз қалды. Интернет қайта қосылса жалғасын көремін бұйыртса.
Сонымен ең ұнағанынан бастайын. Ол туралы on.kz-дегі қауымдастықта жазған болатынмын.
Әрі қарай

Қиын да қызықты тіл


Бұл тіл жайлы жазам деп уәде бергенімді АКА есіме салып өтті))
Қай тіл болмасын білмейтін адамға қиын көрінеді. Араб тілі де қиын сияқты көрінетін маған, бірақ менің білуімше шығыс тілдерінің ішіндегі ең қиын тіл қытай тілі екен. Ал араб тілі мұқият оқыған адамға қиындығы жоқ, қайта қызықты тіл сияқты. Қасиетті Құран түскен тілді бәріміздің де білгіміз келеді. Төте жазумен оқитын адамдар қаншама. Мешіттерге барсақ та діни сауат ашу курстары деген жазуларды жиі кездестіреміз. Алғаш шығыстануды таңдағанда қай тілге барсам екен деп бүкіл шығыс тілдері жайлы алдын ала мәлімет алғанмын. Сіздерге жазуға уәде бергенім де сол білгендерім ғана.
Әрі қарай

Ауылда өткен бір күн және оразаға құрмет

(3641.91 Kb, 3648x2736)
Әне-міне дегенше айлардың сұлтаны Рамазан айының ортасына да жеттік. Сауабын Хақ Тағаланың өзі беремін деген оразаның артықшылығын айтып тауысу мүмкін емес. Әр істеген ісіңе мың есе артық сауапты осы айда аласың. Жақында ауылдағы көршіміз ауыз ашарға шақырды. Күн ыстығына қарамастан Тараздан жүз шақырым қашықтықта құм жиегін бөктерлей қоныс тепкен туған жеріме тартып кеттім…
Шіркін, неткен ыстық едің, дархан далам! Саған деген сағыныш аптап ыстықты елетпейді. Талас ауданы, Аққұм ауылы кеңес үкіметі түсында облысқа танымал совхоздардың бірі еді. Мақта, бидай және тағы басқа егін еккен ауыл кеңес үкіметі құлағанда тарап кетті. Алайда, уақыт өте келе шашыраған ауыл еңсесін біржолата тіктеп кетпесе де, қолы аузына жетіп қалды. Жақында ғана жөнделген түзу жолда жүйіткіген машина әйнегінен сар дала сағым болып көрінеді. Әне бір жерден кезінде арындай тулап, «Киров» су қоймасы арқылы ашуына тұсау салған Талас өзені ағып жатыр. Жағасында түскі өрістен қайтқан мал жусайды. Батыс тұстан «Оққұм» қаласының үйіндісі артта қалды. Алдымыздан бай қызына арнап салған «Ақмола» зираты мұнартып көрінеді. Талайды төсіңе сыйдырған қазақ даласы тұнып тұрған тарихсың-ау, шіркін…
Әрі қарай

Актриса Фаина Раневская


«Кто бы знал мое одиночество? Будь он проклят, этот самый талант, сделавший меня несчастной...» Ф.Раневская

Қазір анекдотқа айналып кеткен біраз әзілдер орыстың мықты актрисасы Фаина Раневскаяға тиесілі. 88 жасқа дейін өмір сүрген ол ойындағысын бүкпесіз айтатын, мінезді адам болған. Жақында оның өмір жолы туралы әдемі кітапты оқыдым. Мынау содан аударылған бірнеше әзіл
Әрі қарай

Төрт боксшымыз - финалда!

Бүгінгі күн өзі жағымды жаңалықтарға толы болып жатыр. Лайым осылай жалғаса берсін деп тілейік.
Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында болып жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан бес боксшымыздың төртеуі финалға жолдама алды. Атап айтқанда:
52 кг салмақта Ілияс Сүлейменов филиппиндік Рей Салударды 30:17 есебімен талқандап тастапты. Финалдағы қарсыласы — қытай Йоң Чаң.
60 кг салмақта Айдар Әмірзақов қырғызстандық Абдилай Анарбайұлын (почти фамилияласым екен ) ұтқан. Есеп — 12:8. Мұның да финалдағы қарсыласы — қытайлық Лю Чиаң.
Рустам Сваев 69 кг салмақта өзбекстандық Нодирбек Қосимовты 38:34 есебімен жеңіпті. Ол да
Әрі қарай

Бразилия - 2014 іріктеу ойындарындағы қарсыластарымыз белгілі болды


2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу ойындарының жеребесі өтті бүгін түнде. Біз С тобына мына құрамалармен түстік:

Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары.
Әрі қарай