Қиын да қызықты тіл


Бұл тіл жайлы жазам деп уәде бергенімді АКА есіме салып өтті))
Қай тіл болмасын білмейтін адамға қиын көрінеді. Араб тілі де қиын сияқты көрінетін маған, бірақ менің білуімше шығыс тілдерінің ішіндегі ең қиын тіл қытай тілі екен. Ал араб тілі мұқият оқыған адамға қиындығы жоқ, қайта қызықты тіл сияқты. Қасиетті Құран түскен тілді бәріміздің де білгіміз келеді. Төте жазумен оқитын адамдар қаншама. Мешіттерге барсақ та діни сауат ашу курстары деген жазуларды жиі кездестіреміз. Алғаш шығыстануды таңдағанда қай тілге барсам екен деп бүкіл шығыс тілдері жайлы алдын ала мәлімет алғанмын. Сіздерге жазуға уәде бергенім де сол білгендерім ғана.
Қысқасы, ең басты грамматикалық ерекшеліктерін ғана атап өтейін: Араб тілі әуезді тіл, Құранды тыңдасақ та сондай бір поэтикалық ерекше мақам сезіледі. Араб тілі семит тілдері тобына жатады, онда 28 әріп бар. Бас әріп деген болмайды, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, сөздің басында кездесетін «А» әрпінің сөз ортасында немесе соңында келетін «А»-дан өзгешеліктері болады: ﺎ — сөздің соңында және ортасында; ﺍ — сөздің басында осылай жазылады да, «алиф» (أَلِف‎’) деп аталады. Оңнан солға қарай жазылады, басқа тілден енген сөздер кездеспейді десе де болады. Араб тілінде сөздер қалай айтылса солай жазылады немесе қалай жазылса солай оқылады. Буынға бөлу болмайды. Қолмен жазылған мен печатный әріптерді жазуда айырмашылық жоқ, бір-бірімен байланысып жазылатынын байқаған шығарсыз. Ауызша сөйлегенде кейбір дыбыстар түсіп қалып айтылады. Жазылғанда негізгі әріптерге қосымша харакат деп аталатын қосымша және мынадай белгілер ط; ظ ;ك мен әріптердің асты-үстіне қойылатын нүктелердің де сөз мағынасын өзгертуге әсері бар.
Алфавитті ондағы алғашқы 4 әріпке («алиф, ба, джим, даль») байланысты абджад дейді, қазақша Әліппе деген сөз де әліпби деген сөзге байланысты шыққан деп оқып едім бір жерден, яғни алғашқы «алиф, ба» деген әріптер айтып тұр. Алфавиттің басындағы негізгі екі әріп: ﺍ — А; ب – Б. (менің атым мен фамилиямның басқы әріптері;-)).
Транскрипциясын мұнда жаза алмадым, бірақ жаттап жүретін кейбір сөздер:
Саламатсыз ба? – Салям алейкум! — Алейкум ассалям!
Сау бол – Мае саляма!
Иә – Аюа.
Жоқ – Ля-а
Жақсы – Кваэс/кваэса. Хэлуа.
Ана –Умми, мама, ом
Әке – Абби, баба, абу
Рахмет – Шукран.
Тақырыпқа қатысты болғасын біздің отбасымыздағы араб тіліне қатысты мына дүниелерді шолып шықтым:
1. Құран кітабы.

2. Бұны менің 2-3 жасымда мешітке ертіп апарып, сол жерден сатып алған екен, әлі күнге ілініп тұр. Ал сары таспиықты папаның жолдасы екі жыл бұрын Меккеден әкеп берген.

3. Үйдегі араб тіліне қатысты кітаптар:


ПыСы: көп жазуға тілді толық білмегесін қорықтым. Интернетте онлайн-сабақтар мен тыңдап отырып үйренетін оқулықтар да бар екен. Оразаларыңыз қабыл болсын! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!
Бөлісу:

39 пікір

AKA
МашАллаһ шукран, күшті инфо! 1-2 суреттегі дүниелер біздің үйде де бар
ﺍ — А; ب – Б. (менің атым мен фамилиямның басқы әріптері;-)).
… менің де  Ана бэт каллим араби швайя-швайя
Пікір түзетілген: 16 тамыз 2011, 23:22
Esmeralda
рахмет
Ана бэт каллим араби швайя-швайя
аз-аздап болса да білген жақсы ғой
Пікір түзетілген: 17 тамыз 2011, 00:39
dark_nazgul
Араб тілінің синтаксисі орыс тілінікіне ұқсайды. Етістік сөйлемнің басында келеді. Сол үшін араб тілін орыс тілділер тез меңгереді-мыс.
араб тілінен алғаш үйренгенім «ашрабу шайю» еді. ))) тәп тәуір оқып келе жатып, тастап кеттім. Ауық ауық аңсап тұрамын, қолға алғым келеді. Мойын жар бермейді.
Әдемі тіл. Грамматикасы қиын емес.
Баптары болмаса… орысша «породы глагола» дейді. Олары енді бір бар ғой...
Esmeralda
о, жақсы екен, білмегенімізді сізден сұрауға болады екен ғой
Altygradus
Әдемі тіл. Грамматикасы қиын емес.

қоооой қатй граммары ең қиын тіл менше.
Жалпы арап тілі, орыс тілі грамматикалары үшін, Қытай тілі иероглифтерімен қиын тілдер қатарына кіред ғой
meirzhan
Мен бастапқыда медреседе оқып жүрдім осыны. Бірақ алғашқы бірнеше сабақтардан кейін тастап кеттім.
AKA
 неге тастап кеттіңіз, ұнамай қалды ма?
meirzhan
Түрік ұстазым айтты: «тез үйренеді екенсің» деп. Одан кейін үйренгім келмей қалды, мотив болмай қалды.
Пікір түзетілген: 17 тамыз 2011, 08:57
blackbeard
Бұқақақақа! Кімдерде болдың? Сүлейменшілер? Нұршылар? Шәкәрімшілер?
meirzhan
ҚМДБ-ның шақыруымен келетін Ханафи мазһабын ұстанатын молдалар.
blackbeard
Бірдеңе айтайын ба?
Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы Ханафи мазхабын ұстанад негізі
meirzhan
 онда білмедім. онша түсіне бермейм негізі айырмашылығын.
«Мама меня учила, что люди делятся только на хороших и плохих. И это не зависит от религии. Меня зовут Кхан, и я не террорист» ©
blackbeard
Лібәәд, ол мұсылмандардың түрі көп әбілдің! Түрі біртүрлілері, балағын түріп алып жүретіндері, Мүптиятты наққа жіберіп түрмеде отырғандары, тек қана түрси мен ұзын көйлек киетіндері, және т.блар © Кондрад Садықов, Халықосалық «иуда-и христианул муслимин» партиясы отырысының 3 партиясында сөйлеген сөзінен
Qojeke
Арабтарда В әрпі бар ма нақ?
sigma
Араб алфавитне қатысты қазақ сөздері, тіркестері

Әліппе — Алиф, ба әріптерінен құралған
Әліп танымайды — сауатсыз деген мағынада
ләм деп аузын ашпады (немесе ләм-мим демеді, ләм демеді деген варианттары бар)- сөйлемеді деген

Жалғастырыңдар…
Пікір түзетілген: 18 тамыз 2011, 10:41
nurjanbay
арапта «ма» деген сөз түрлендіруші суфикс (сөздің алдына тіркейтінді осылай атайтын ба еді) префикс приставка бар. мысалы «кітап» сөзінің алдына «ма» қойса «мектеп» болады. сол сияқты:
ма + ғылым = мұғалім
ма + дәріс = медресе
ма + лағнет = малғұн
ма + ислам = муслим
ма + рахим = марқұм
ма + хабиб (дос) = махаббат

осылай кете береді
Пікір түзетілген: 18 тамыз 2011, 11:40
satibaldi
Префикс дейд нақ, гугльатқыр.
AKA
Суфикс түбірден кейін болады, түбірдің алдында приставка. Кешіріңіз сізге жазылып кетті
Пікір түзетілген: 18 тамыз 2011, 11:15
satibaldi
Алдында шығатын суретін заставка дейді.
AKY
ойынға қоятын бәсті ставка дейді.
Esmeralda
Рахмет сізге, бұларды білмейді екенмін, енді есімде жүретін болады)
blackbeard
ма + хабиб = махбуб, яғни сүйген адам дегенді білдіретін еді
nurjanbay
Араб алфавитне қатысты қазақ сөздері
"үтір", «нүкте», «абжад»
Esmeralda
рахмет, мен де білетіндер жалғастырар деп ойлап ем)
Dinara
Әліптің артын бағайық — ары қарай не болатынын көрейік
satibaldi
Араб тілі құрыған тіл. Қиыны қиын, бірақ қызықты ештеңесі жоқ.
Esmeralda
бұл тілден сіздің де хабарыңыз бар деп ойладым)
Onlasyn
Сенің исламға қарсы болғаның үшін бе?
AKY
Мектепте 2-3 класстарда оқытып еді араб тілін. Алфавит қана есімде қалыпты. Сокун, Таштид, Танвинь белгілері деген ережелер еміс-еміс есімде. Сосын бір арабша ән: анта бадрун, анта шааамсун, анта нурун, фауқа нуууур деп басталатын
Әдемі жас қыз оқытқан еді. Кейін ауылдағы сүйкімді де жас Әсет деген молда жігітке тұрмысқа шыққан. Сұлу еді екеуі де. Өкінішке орай, Әсет бұзықтау інісі Медетті төбелестен құтқарам деп, қаңғыған оққа тап болып, қаза болды.
З ы: жақында мой мирдің арқасында Римма апайымды тауып алдым. Қытайда тұрады екен, тұрмысқа шығыпты. Орамалын тастаған секілді…
Esmeralda
жігітке обал болған екен(
жалпы бәріңіздің де барлық шет тілінен аздап болса да хабарларыңыз бар сияқты, мықтысыздар)
Altygradus
Арап тілін мен де бастағаным бар, бір емес бірнеше рет бір дені дұрыс алфавитін үйрену бұйырмапты, әйтпесе төте жазуды да керемет білуш едім, бәрі қалды ғой. маған енді жәй оқып үйренсем де жеткілікті боларед
Esmeralda
сіздің қолыңыздан келеді)
Gulistan
Ел кезіп жүрген бір ролик бар ғой, бәрі қол ұстасып «блядии блядии» деп өлең айтатын, сол араб тілінде емес пе?
Zilola
мектепке енді барған кезімде папам мешітке алып барған еді, арабша үйрен деп. Қызығып барып жүрдім, мені әліге дейін араб тілі қызықтырады. Қазір мешітке барып үйренгім келеді қайтадан, жылдан-жылға ұмытылып барады уже
Esmeralda
сөйлесетін орта болмаса немесе қайталап оқып отырмаса, ұмытылып қалады
Simona
Мен мешiтке бaрып, ұстaздaн Құрaйыш, Кaфирун сүресiне дейiн үйренiп, кiшкене хaт тaнып қaлғaм. Содaн 11. сыныптa aрaпшa әрiптермен бiр қойын дәптер толтырa күнделiк жaзғaм,  ешкiм оқи aлмaсын деп. Қaзiр сол күнделiкте жaзғaндaрымды өзiм де рaсшифровaть ете aлмaй қaлдым
Esmeralda
aрaпшa әрiптермен бiр қойын дәптер толтырa күнделiк жaзғaм,  ешкiм оқи aлмaсын деп
күнделік болмаса да, ешкім оқымасын деп иероглифтермен жазып қоятын кезім болад)
Gastarbaiter
Қиын тілдер оңайланып тынады, не өліп тынады. Адам жолды тез өтудің әдісін табады, не басқа қысқа жолмен жүре бастайды.