Қара тізім

Ербол Албан мен Ізгілік Нағиевтің арасындағы даудың, және megahosting-тің қызмет көрсетудегі келеңсіздігінің куәсі бола отырып, мынадай қортындыға келдім:
Қазақ Интернетінде қызмет сапасы нашар немесе алаяқтықпен айналысатын адамдар бар. Олар сайт жасау, домендік атауды тіркеу, хостинг беру, т.б. қызметтермен айналысады. Саолардың арасында менің көңілім толмағандары мына төмендегі қара тізімге кіріп отыр.
Әрі қарай

Золушка хрустальді туфли кие ме?!?

Сүйінші!?..
деу-демеуге жеке басым нетіп отырмын...
Бірақ, жұмыстағы әйелдердің қуанышында шек жоқ.
Қысқасы былай!
Қазақияның Орал атты кішкентай қаласында Аида атты қарапайым қыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бой жетіп, мектеп бітіріпті де, арман қала Алматыға оқуға кетіпті. Дегеніне жетпей тынбайтын білімді қыз бір оқумен тоқтамай АҚШ асса керек…
(29.2 Kb, 300x225)
Р.S. Әңгіменің қысқасы, пыримадонна Пуғачевамен нақпа-нақ құдағи болып қалуымыз ғажап емес. Әзірге Аида оқыған мектептің деректірі құйрық-бауыр жесуге қойын семіртіп жатыр-мыс…

Қалғаны мында:
tdk42.kz/ti-ne-poverish.html
newsmusic.ru/news_3_22833.htm
www.lifenews.ru/news/33210
www.tatar-inform.ru/news/2011/06/07/273500/
Әрі қарай

Дәме

(2.33 Kb, 515x68)
Осындай жігіттер қазақ тіліндегі аудармаларға редактор болудан дәмелі. Ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтінге де нашар деген баға беріп, брактап тастапты ))))
Әрі қарай

"Қатыным біреумен сүйісіп тұр екен"

Кейде телеарна алдында отырып қарадай қарап күйесің. «Әзілқой», «халықты қыран топан қылатын» бағдарламалар бар ғой… Иә. Бірақ солар әзілдерді қайдан алатынына миым жетпей-ақ қойды… Аспаннан алған дейін десем, брэйк билейтін әже мен қыздарға қырындап жүрген қарттың, әйелінен қорқатын еркек пен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйелдің аспанға не қатысы бар? Әйтеуір бізге, көрерменге ұсынылған өнімдерден ұғатынымыз, «ұнамаса көрмеге» жүгінуіміз керек боп тұр. Олай болмаған күнде, бір сықыр сүйек ербеңдеп билесе шегіміз қатқанша күлуіміз керек екен. Бір көксоққан қатынынан қорқып бұтына жіберіп қойса да, бұратылып күлкіден жатып қалуыңыз керек. Дым күлкілі емес. Дым өтпейді.Өткенде бір «Тематик шоу» деген хабарды қарап отырсам мынандай әзіл айтады.
— Кеше үйге келсем әйелім біреумен сүйісіп тұр екен.
Қасындағы екінші әзілкеш-сымақ
— мәссаған – дей беріп еді, анау:
— оны қойшы, ең бастысы тамақ істемеген ғой -деп «қыран топан қылды»
Қазақтардың әзілінің сиқы осы.
Әрі қарай

Логодағы қызық

Логодағы қызықты бұрыннан бері жаза алмай жүр еді. Сәті енді түсті. Соңғы екі әріптердің арасында бос орын қалмаған. Әдеі жасалған ба әлде қателік кеткен бе?
Әрі қарай

Көлсайға барамын десеңіз

Құрметті Алматылықтар және Алматы маңында қыдырып жүрген қонақтар!
Сіздерді осы сенбі-жексенбі күндері Көлсайды көріп келуге шақырамын. Барамын дегендер болса, жекеге хат жазсын.
Ешбір турфирмасыз барсақ арзанға түседі бару-қайту 3000 тг. тамақ пен жатын жерді бара көрерміз.
(1454 Kb, 3072x2304)
сурет жеке өзімнің иелігім, еш жерден көшірмедім
Әрі қарай